30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі, осыған орай Жалағаш аудандық кітапханада «Кемелді елдің бағдаршамы -Ата Заң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесі екі бөлімнен тұрады:
- «Конституция – кемел келешек кепілі»,
- «Ата Заң – елдігіміздің айғағы». Кітап көрмесінің мақсаты:Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзіміздің еркіндік,теңдік және татулық пен бейбітшілікті сақтай отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды мақсат тұта, егемендік құқығымыздың негізінде қабылданған Конституцияның маңызын жас ұрпаққа жеткізу.