
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын,
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтарсың, - деп жырлаған өр мінезді ақын Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына орай балалар кітапханасында «Дүниеге келер әлі талай Қасым» тақырыбында кеш болып өтті. Шарада оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, шығармашылығымен түрлі сұрақ-жауаптар арқылы танысты. Ақынның терең ой мен асқақ арманға жетелеп, адамға күш-жігер беретін жырларын жатқа айтты. Жастайынан тағдырдың қиындығын көп көрсе де қайсарлығымен жеңе білген өр тұлғаның туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілігін "Туған жер", "Байқал", «Орал» "Сарыарқа"т.б. лирикалық өлеңдері арқылы оқырманның рухани игілігіне айналғанын байқады.