Версия для печати

100 нақты қадам- болашаққа басты бағдар

                             100 кадам      бастык

100 нақты қадам- болашаққа басты бағдар

     «100 нақты қадам» — бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған 30 елдің кіруі жөніндегі жоспары. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. Осы орайда аудандық кітапханада «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша -100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып «100 нақты қадам- болашаққа басты бағдар» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.Іс- шараның мақсаты – кешегі Алаш қайраткерлерлі өсиет еткен, бүгінгі қазақ ұрпағы жүзеге асыруға серт беріп, бел буған «Мәңгілік ел» мұратын жас ұрпаққа насихаттау, «Мәңгілік ел» рухы жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, атамекеннің сынық сүйем жерін дұшпанға бастырмай кеудесімен қорғаған батыр бабаларымыздың, қаһарман хандарымыздың, елдің бірлігін даналығымен ұйытқан би-шешендеріміздің ерлік істерін, отансүйгіш өнегесін жастарға насихаттау. 

Көрменің тақырыбы: «100 нақты қадам- болашаққа басты бағдар» 
1 бөлім.«Қазақстан болашағы-жарқын ел»,
2 бөлім. « Қазақстан-Мәңгілік ел».
Іс- шараны қорытындылаған аудандық кітапхананың директоры : Ұ.Меңдібаева- «Қазақстан-2050» стратегиясының бағдарламаларын іске асыруда мекеме қызметкерлерінің өз үлестерін қосып, халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп жатқандығын және «Бес институцияналдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру» тақырыбына байланысты өз пікірін айтып, Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі екендігін атап өтті.