Версия для печати

Мемлекет қайраткері Сүлеймен Есқараев- 120 жыл

16508165 385055788539864 5060886017654440965 n

     Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 201-ші мектеп-лицейінің 10-шы сынып оқушылар арасында Мемлекет қайраткері Сүлеймен Есқараевтың 120-жыл толуына орай «Халқына қалаулы қайраткер» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға С.Есқараевтың өмірі мен қайраткерлік қызметі жайында кең көлемде мағлұмат беру.
        Мемлекет қайраткері Сүлеймен Есқараев 1897 жылы 17 тамызда Қызылорда облысы,Қармақшы ауданында дүниеге келген.1920-1925 жылдары РК(б)П Сырдария облысы комитетінің нұсқаушысы,бөлім меңгерушісі,Ташкент облысы төтенше комиссиясы бастығының орынбасары,1928 жылы ұлтшыл ретінде Қазақстаннан қуылып,Орынбордағы өлкелік милиция мектебінің бастығы болды.1936 жылдың ақпанында Юстиция халық комиссары жəне республика прокуроры болып тағайындалған.
   С.Есқараев 1937 жылы тамызда Қазақстандағы контрреволюциялық ұйым жетекшілерінің бірі деген жалған айыппен тұтқындалып,1938 жылы Алматы қаласында атылған.1957 жылы 5 қарашада ақталды.Қызылорда қаласындағы бір көшеге Есқараев есімі берілген.ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы номері 1485 қаулысымен ҚР Бас прокуратура жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық жəне құқық тəртібін зерттеу Институтына Қазақ КСР-ның тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың есімі берілді.