
Көктемнің ең әдемі мерекелерінің бірі 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі. Осыған орай аудандық кітапханада 6 наурызда «Анасы бар адамдар...» атты мерекелік кеш өткізілді.Мерекелік кешті кітапхана директоры Ұлмекен Меңдібаева ашып, кеш қонақтарын әйелдер мерекесімен құттықтады. Кештің құрметті қонақтары №246 мектептің кітапханашысы Гулбахрам Ильясова, Жалағаш аграрлы индустриалды колледждің қызметкерлері Айғаным Балдақова, Сәрсенкүл Акисаева, №31 мектептің мұғалімі Ақмарал Төлеуовалар мектеп оқушыларының аналар мерекесіне арнап дайындаған ән-күй шашуларын тамашалады. Ауданның «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Айдос Қожамұрат аналарды, кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтады.Кеш қонақтары оқушылар мен кешті ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілеп, зор алғыстарын білдірді.