
Аудандық кітапханада Наурыз мейрамына арналған "Салт-дәстүр-ұрпақ қазынасы" атты дөңгелек үстел кеші өтті. Іс шараның мақсаты: жастарымызға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын таныстырып, өз өмірлерінде осы салт- дәстүрлерді ұстануды насихаттау болды. Қазақтың салт- дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруы тиіс. Іс-шараға шақырылған қонақтар, өзге ұлт өкілдері наурыз көжеден ауыз тиіп, Наурыз мейрамының бұрын және қазіргі кезде тойлану ерекшеліктері мен қазақтың салт- дәстүрі туралы ойларын ортаға салды.Қонақтар өздерінің ұстанатын ұлттық дәстүрлерімен бөлісіп, салт-дәстүрлерді жас ұрпаққа тапсырудың маңызы жайлы да сөз қозғады.
Бір шаңырақ астында өмір кешіп жатқан барлық ұлттардың достығы мен бірлігін паш еткен осы іс-шара ашық, жарқын, мерекелік көңіл күйде өтті.