Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Аудан кітапханасы

Аудан кітапханасы (4)

Бөлімде 1 кітапханашы жұмыс істейді:

Боранбаева Эльмира - орталық кітапхананың кітап қорын толықтыру жөніндегі жауапты кітапханашысы.

 

Кітап өңдеу секторының міндеттері мен мақсаты:

- Кітап қорын толықтыру, сақтау;
- Жаңадан келген кітаптармен жұмыс жүргізу, техникалық өңдеу, кітапқа тіркеу, кітапханаларға бөлу;
- Есеп кітаптарын жүргізу;
- Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды жазбаша есептерін дайындау;
- Қор есебін шығарылған кітаптардың шығыс актілерімен жұмыс жүргізу;
- Есеп каталогын жүргізу;
- Жүйе кітапханасындағы кітап қорына есеп жүргізу;

 

Міндеті:

* Кітапхана бойынша кітап қорын толықтырудың, сақталуының, кітап қорын тексерудің жалпы жауапкершілігі.
* Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды статистикалық және жазбаша есептерін дайындау.
* Қор есебінен шығарылған кітаптардың актілермен, қорға байланысты құжаттармен жұмыстар жүргізу.
* Есеп каталогын жүргізу.
* Жаңадан келген кітаптармен техникалық жұмыстар жүргізу, штамптау, индекстеу, бағаларын жазу.
* Тіркеуден өткен кітаптарды РАБИС бағдарламасына енгізу. Филиалдардың есеп кітаптарын толтыру.
* Филиалдарға таратылған кітаптардың жөнелтпе құжаттарымен /накладной/ жұмыс жасау.
* Шығыс актілерімен жұмыстар жүргізу.

Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.

Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:

* Бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға; 
* жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;
* әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге; 
* Кітапханалық кеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау; 
* іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;
* кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер, 
конференциялар өткізу;
* кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;

Әдістемелік-библиографиялық бөлімде:

Бөлім меңгерушісі

Tileuova

Тілеуова Жібек - 1971 жылы 10 желтоқсанда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 1979-1989 жылы №123 қазақ орта мектепті бітірген. 2006-2008 жылдары Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін, 2011-2013 жылдары «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.
2008-2014 жылдары аудандық кітапхананың кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап оқырмандар бөлімінің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі.

Библиограф

Kalieva

Қалиева Раушан 1987 жылы 20 наурызда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 2005 жылы №123орта мектепті аяқтап, 2008 жылы  Қызылорда педагогикалық колледждің кітапхана ісі мамандығын  бітірді. 2008 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан бастап библиограф қызметін атқарады. 2010-2012 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады, сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.

Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады.Анықтама-библиографиялық жұмыстары оқырмандар сұраныстарын зерттей отырып, олардың ауызша жазбаша сұраныстарын қанағаттандырып отырады. Мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастырылады.Сонымен қатар ай сайын кітапханаға түскен жаңа кітаптардың тізімі мекемелерге таратылып, кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдары таныстырылады. Республикада, облыс және ауданда аталып өтілетін және еске алынатын күндерге және жазушылардың мерейтойларына тақырыптық картотекалар жасақтайды. Баспасөз материалдарын және өлкетану мақалаларын электронды түрде РАБИС – каталогизатор бағдарламасының «статьи» модулына құйып отырады. Аудан кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік кеңес береді.

Редактор

Nurymbetova

Нұрымбетова Ұлдай - 1967 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974-1984 жылы №88 қазақ орта мектебін бітірген. 1985-87 жылдары Жезғазған мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1987 жылдан бері аудандық кітапханада кітапханашы, 2007 жылдан - 2014 жылға дейін кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің жауапты кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап редактор болып жұмыс атқарады. 2013 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

oku-zaly2

Оқу залында 2 кітапханашы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

Кітапханашылар:

1. Боранбаева Ұлтуған Қалыбайқызы
2. Қалиева Раушан Алтынбекқызы

Негізгі көрсеткіштер

Оқырман саны – 1488
Келушілер саны - 10698
Кітап берілімі - 23900

Оқу залында анықтама-библиографиялық қор, газет және журнал оқырмандар сұранысына ие. Баспасөз материалдары, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, соңғы бес жылдың баспасөз материалдары бар. Түрлі тақырыптарда кітап көрмелерін ұйымдастырады, көпшілік шаралар өткізіледі.

Негізгі көрсеткіштер:
Оқырман саны – 3764
Келушілер саны - 27404
Кітап берілімі - 60100

Абонемент бөлімінде 4 кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

1. Рахымбаева Бақыткүл
2. Омарова Жаңыл
3. Искакова Зауреш
4. Ильясова Бақыт

Кітапханашылардың міндеті - ақпарат пен білімге жол ашып, оқырмандарға қызмет көрсетеді, көпшілік жұмыстар жүргізеді, жаңадан келіп түскен әдебиеттерді насихаттайды. Кітап қорын реттілігін сақтап қорға орналастырады. Кітап қорының сақталуына жауап береді. Оқырмандарға жедел қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсететін ақпараттық орталық болып табылады.

2004 жылдан бастап РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі бойынша кітап қорын енгізу жұмыстарын жүргізеді. «Іздеу.Тапсырыс беру» модулі бойынша оқырмандар сұранысын қанағаттандырады және «Оқырмандарды тіркеу» модулі бойынша жұмыс жасайды.

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау 2019

Жолдау 2017 жыл

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Астана 20 жыл

astanakyzyorda1