Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

aab43

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл

Өрелі тарихымызда батырлар мен ақындарды дүниеге әкелген, ақылымен ел билеген және айбатымен жау қашырған аналар-қай кезде де қоғамның бағы мен бақыты, тірегі мен жүрегі, арманы мен жауапкершілігі бола білген. Қазақ-қызын қадірлеген, анасын ардақтаған халық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың:«Әйел - ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы әйел азаматтардың қолынан өтеді» деген сөзі әрқашанда баршамыз үшін үлкен тағылым.

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қаракеткен елді мекенінде ауылсовет төрайымы болып қызмет еткен Шәменова Ақшонық Аханайқызының 100 жылдығына арналған " Өнегелі шаңырақтың анасы " атты ақпараттық сағатты назарларыңызға ұсынамыз.

aab54  

 

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтерген құндылық біздің қасиетті тұмарымыз. Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі құндылық.

Тәуелсіздіктің туын көтерген күн әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді.

Қайраттай қайсар жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың нәзік үнімен, боздағын жоқтаған ананың зарымен, ұландарына ақ тілекті бабалардың батасымен келген күннің құдіретін ұғыну мен Ербол, Сәбира сынды қыршын жастардың рухына бас ию мақсатында балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Желтоқсан оқиғасы -Тәуелсіздік бастауы" тақырыбымен әдеби кеш өткізілді.

aab38      aab39  aab40 

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл.

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жастарды сөз маржандары арқылы Отансүйгіштікке ,имандылыққа ,білімді , өнерлі болуға ,тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында "Өлең -сөз маржаны "атты онлайн оқуларын назарларыңызға ұсынамыз.

aab10       aab11   aab12

 

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл

"Парасатты жол" орталығы аясында, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жастарды білімге бағыттыу, рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында "Болашақтың мақтанышы — жастар" атты виртуалды шолуды ұсынады.

"Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды" дегендей, жас ұрпаққа мән— мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы, Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабалармыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.

aab5 aab6

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл.

"Парасат жолы" орталығы аясында аудандық кітапханада жастардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, Заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - парызымыз" атты полиция қызметкерлерімен дөңгелек үстел  өткізілді. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар - ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру, басты назарда болып табылады.

 

aa4

ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Сарыарқа төріндегі көрікті Астанамызды насихаттау мақсатында,6шілде-Астана күніне орай ``Шабыт шыңындағы Астана``атты онлайн эссе байқау ұйымдастырылып,нәтижесінде өз үлесін қосып атсалысқаны үшін

І орынды-Мырзабай ахун ауылынан Қуаныш Ақторғын.ІІ орын -М.Шәменов ауылы Тұрсынбай Ақбота.ІІІорынды-Есет батыр ауылы Әбдімәлік Ақбаян мен Еңбек ауылы Қасымхан Мөлдір марапатқа ие болды.

aa6    aa7    aa8

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қоғам қайраткері және еңбек ардагері Мөрәлі Шәменовтың - 105 жылдығына орай  "Өнегелі өмір иесі" атты  көрме қойылды. Көрмеге баласы Атамұрат Шәменовтің "Мөрәлі" Әкетану кітабы және аудандық музейдің сөресіне қойылған тарихи жәдігерлер ұсынылды.

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Рәміздер