Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Бөлімде 1 кітапханашы жұмыс істейді:

Боранбаева Эльмира - орталық кітапхананың кітап қорын толықтыру жөніндегі жауапты кітапханашысы.

 

Кітап өңдеу секторының міндеттері мен мақсаты:

- Кітап қорын толықтыру, сақтау;
- Жаңадан келген кітаптармен жұмыс жүргізу, техникалық өңдеу, кітапқа тіркеу, кітапханаларға бөлу;
- Есеп кітаптарын жүргізу;
- Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды жазбаша есептерін дайындау;
- Қор есебін шығарылған кітаптардың шығыс актілерімен жұмыс жүргізу;
- Есеп каталогын жүргізу;
- Жүйе кітапханасындағы кітап қорына есеп жүргізу;

 

Міндеті:

* Кітапхана бойынша кітап қорын толықтырудың, сақталуының, кітап қорын тексерудің жалпы жауапкершілігі.
* Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды статистикалық және жазбаша есептерін дайындау.
* Қор есебінен шығарылған кітаптардың актілермен, қорға байланысты құжаттармен жұмыстар жүргізу.
* Есеп каталогын жүргізу.
* Жаңадан келген кітаптармен техникалық жұмыстар жүргізу, штамптау, индекстеу, бағаларын жазу.
* Тіркеуден өткен кітаптарды РАБИС бағдарламасына енгізу. Филиалдардың есеп кітаптарын толтыру.
* Филиалдарға таратылған кітаптардың жөнелтпе құжаттарымен /накладной/ жұмыс жасау.
* Шығыс актілерімен жұмыстар жүргізу.

Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.

Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:

* Бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға; 
* жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;
* әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге; 
* Кітапханалық кеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау; 
* іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;
* кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер, 
конференциялар өткізу;
* кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;

Әдістемелік-библиографиялық бөлімде:

Бөлім меңгерушісі

Tileuova

Тілеуова Жібек - 1971 жылы 10 желтоқсанда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 1979-1989 жылы №123 қазақ орта мектепті бітірген. 2006-2008 жылдары Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін, 2011-2013 жылдары «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.
2008-2014 жылдары аудандық кітапхананың кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап оқырмандар бөлімінің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі.

Библиограф

Kalieva

Қалиева Раушан 1987 жылы 20 наурызда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 2005 жылы №123орта мектепті аяқтап, 2008 жылы  Қызылорда педагогикалық колледждің кітапхана ісі мамандығын  бітірді. 2008 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан бастап библиограф қызметін атқарады. 2010-2012 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады, сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.

Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады.Анықтама-библиографиялық жұмыстары оқырмандар сұраныстарын зерттей отырып, олардың ауызша жазбаша сұраныстарын қанағаттандырып отырады. Мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастырылады.Сонымен қатар ай сайын кітапханаға түскен жаңа кітаптардың тізімі мекемелерге таратылып, кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдары таныстырылады. Республикада, облыс және ауданда аталып өтілетін және еске алынатын күндерге және жазушылардың мерейтойларына тақырыптық картотекалар жасақтайды. Баспасөз материалдарын және өлкетану мақалаларын электронды түрде РАБИС – каталогизатор бағдарламасының «статьи» модулына құйып отырады. Аудан кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік кеңес береді.

Редактор

Nurymbetova

Нұрымбетова Ұлдай - 1967 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974-1984 жылы №88 қазақ орта мектебін бітірген. 1985-87 жылдары Жезғазған мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1987 жылдан бері аудандық кітапханада кітапханашы, 2007 жылдан - 2014 жылға дейін кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің жауапты кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап редактор болып жұмыс атқарады. 2013 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

oku-zaly2

Оқу залында 2 кітапханашы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

Кітапханашылар:

1. Боранбаева Ұлтуған Қалыбайқызы
2. Қалиева Раушан Алтынбекқызы

Негізгі көрсеткіштер

Оқырман саны – 1488
Келушілер саны - 10698
Кітап берілімі - 23900

Оқу залында анықтама-библиографиялық қор, газет және журнал оқырмандар сұранысына ие. Баспасөз материалдары, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, соңғы бес жылдың баспасөз материалдары бар. Түрлі тақырыптарда кітап көрмелерін ұйымдастырады, көпшілік шаралар өткізіледі.

tsdb 1

Аудандық балалар кітапханасы 1939 жылы ашылды.

Кітапхананың кітап қоры - 35666
Оқырман саны - 2739
Кітап берілімі - 48010
Оқырман қатысуы - 21830

Кітапхана меңгерушісі

Aliaskarova

Әлиасқарова Гүлсім Әлиасқарқызы 1968 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Жаңадария ауылында дүниеге келген.
1975-1985 жылдары №203 орта мектепте оқыған.
1987-1989 жылдары Шымкент кооперативтік техникумының Қызылорда қаласындағы филиалын бітірген. 2002-2006 жылдары «Болашақ» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, 2009-2011 жылдары «Болашақ» университетінің «Кітапханатану және библиографиятану» факультетін бітірген.
1989-1998 жылдарда №203 орта мектепте кітапханашы. 2003-2005 жылдары аудандық кітапханада, 2005 жылы балалар кітапханасында кітапханашы. 2015 жылдан бері балалар кітапханасының меңгерушісі.

Аудандық балалар кітапханасында 3 кітапханашы жұмыс жасайды

                1. Омарова Жаңыл
                2. Шонықбаева Малина
                3. Қайырбаева Иммагүлсім

Кітапхана жұмысының мақсаты:

Аудандық балалар кітапханасы жас оқырмандарға әлеуметтік мәдени ортаның құндылығын сіндіріп, кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығын және ұлттық дәстүрлермен патриоттық тұрғыда насихаттау арқылы рухани бай қалыптасқан орта болып табылады;

Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани бай,оқу мәдениеті қалыптасқан оқырмандарды тәрбиелеу;

Өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін,елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу.

 

Кітапхана жұмысының міндеті:

-Кітапханаға оқырмандарды тарту;
-Кітапты талғаммен оқуға баулу;
-Кітап қорын насихаттау
-Атаулы күндерге мәдени іс-шаралар өткізу;
-Жаңа кітаптарға ұсыныс тізімдер жасау.
- Кітапханада балалар әдебиеті ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Аудандық балалар кітапханасы аудан орталығындағы орта мектептердің 1-9 сынып оқушыларына, балалар оқуының жетекшілеріне қызмет көрсетеді. 

Жеке ыңғайластандырылған ғимаратта орналасқан. Жалпы көлемі – 432.1 шаршы метр.

Негізгі көрсеткіштері

Кітап қоры – 72424 дана, қазақ тіліндегісі – 26575 дана, орыс тіліндегісі - 47879 дана
Оқырман саны - 5252
Келушілер саны - 38102
Кітап берілімі - 84000


КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫМЫ:

Әдістеме- библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Нұрымбетова Ұлдай
Әдістеме - библиографиялық бөлімнің библиографы Төлегенқызы Баян
Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Жүсіпова Зүлхия
Аудандық кітапхананың оқырмандар бөлімінің меңгерушісі Тілеуова Жібек
Аудандық кітапхананың редакторы Жылысбаева Несібелі
Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің бас есепшісі Нұрмышева Кенжегүл Жүсіпбекқызы

Нұрмышева Кенжегүл Жүсіпбекқызы 1965 жылы 17 тамызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1972-1982 жылы №116 орта мектепті бітірген. 1982-96 жылдары әр салада әр түрлі қызметтер жасаған. 1996 жылы аудандық санитарлық эпидемиологиялы стансасында кассир, кадр бөлімінде қызметтер атқарған. 2005 жылдан бері аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бухгалтер болып қызмет жасап келеді. Білімі жоғары.

negizgi-mindetteri

Кітапхананың негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары

Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жан-жақты ақпаратқа және білімдерге оқырмандардың жедел қол жетімін қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсететін ақпараттық орталығы болып қызмет етуде.
Кітапханалардың баға жетпес бай қоры көптеген еңбектердің бастау бұлағына айналып, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани кемелдікке жетуіне салмақты үлес қосуда.
Кітапхананың негізгі міндеттері мен бағыттары оқырмандарды тарту және оларға қызмет көрсету сапасын арттыру, қажетті басылымдармен қамтамасыз ету, түрлі әдеби шаралар өткізу, кітапханашыларды жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруге уйрету.
Кітапханалардың негізгі мақсаты-пайдаланушылардың ақпараттық қорларға тегін және еркін енуін қамтамасыз ету және кітап қорын толыққанды, нәтижелі толықтыру, мәдени мұраларды сақтау және насихаттау болып табылады.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.
Кітапхана ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы.
Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі.

 

Аудан бойынша кітапхана желісі

Жалағаш ауданында барлығы – 36769 мың халыққа әртүрлі жүйедегі 39 кітапхана қызмет көрсетеді.

1 - аудандық орталық кітапхана
1 - балалар кітапханасы
16 – кітапхана ауылдық жерде орналасқан
1 - аграрлық–кәсіптік колледж
20 – мектеп кітапханалары бар

 

Ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту

Аудандық орталық және балалар кітапханасы, Шәменов, Бұқарбай батыр ауылдық кітапханалары интернет желісіне қосылған.

Аудандық кітапхананың электронды поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Балалар кітапханасының электронды поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бұқарбай батыр ауылдық кітапханасының поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Шәменов ауылдық кітапханасының поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кітапханашылар интернет арқылы оқырмандардың сұранысын орындауда.

Кітапхана ақпараттық процесстерді ақпараттандыру және жаңа технологиялар негізінде оқырмандарға Интернет желісі арқылы ақпаратты еркін пайдалануға мүмкіндік береді.

Негізгі көрсеткіштер:
Оқырман саны – 3764
Келушілер саны - 27404
Кітап берілімі - 60100

Абонемент бөлімінде 4 кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

1. Рахымбаева Бақыткүл
2. Омарова Жаңыл
3. Искакова Зауреш
4. Ильясова Бақыт

Кітапханашылардың міндеті - ақпарат пен білімге жол ашып, оқырмандарға қызмет көрсетеді, көпшілік жұмыстар жүргізеді, жаңадан келіп түскен әдебиеттерді насихаттайды. Кітап қорын реттілігін сақтап қорға орналастырады. Кітап қорының сақталуына жауап береді. Оқырмандарға жедел қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсететін ақпараттық орталық болып табылады.

2004 жылдан бастап РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі бойынша кітап қорын енгізу жұмыстарын жүргізеді. «Іздеу.Тапсырыс беру» модулі бойынша оқырмандар сұранысын қанағаттандырады және «Оқырмандарды тіркеу» модулі бойынша жұмыс жасайды.

kitaphana-tarihy

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің негізі ауданның құрылуымен тұстас 1939 жылы қаланды. Архив құжаттарында 1946 жылы кітапхана меңгерушісі Базаркүл Сәрсенбаева, 1948 жылы Андақұлова болғандығы туралы дерек бар. 1950 жылы аудан кітапханаларындағы кітап қоры 20 мың дана болды. Кітапхананы Ормаханова Дәмеш басқарды .

1979 жылы аудан кітапханалары «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып қайта құрылды. Штат бірлігі көбейіп, төмендегідей бөлімдер ашылды.

  • Кітаптарды жинақтау және толықтыру бөлімі
  • Әдістеме-библиографиялық бөлімі
  • Оқырмандар бөлімі

1953-1975 жылдар аралығында кітапханалар саны-31-ге жетіп, кітап қоры- 120 мың дана болса, 1975-1990 жылдары кітапханалар саны-33, кітап қоры-220 мың данаға жетті.
Орталықтандарылған кітапханалар жүйесі құрылғаннан бастап Исабекова Роза, Қойшығұлова Алмагүл кітапханалар жүйесінің бастығы болып жұмыс істеді. 1985 жылдан бастап бұл салаға Төлегенқызы Баян басшылық жасайды.
1990 жылдардың екінші жартысында оңтайландыру саясаты тұсында шалғай елді мекендердегі кітапханалар қысқарды. Сөйтіп 1997 жылы аудан бойынша 18 кітапхана қалды.
Бүгінгі таңда кітапхана жүйесінің кітап қоры - 356548 дана, оқырман саны - 17969, кітап берілімі - 354125, келушілер саны - 153221.
Мамандар - 34, оның ішінде жоғары білімді - 16, арнаулы орта білімді - 18.

akimshilik

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Меңдібаева Ұлмекен Әбілтайқызы

 direktor

Меңдібаева Ұлмекен Әбілтайқызы 1964 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

  • 1971-1981 жылдары Қармақшы ауданындағы №26 мектептің 10 сыныбын бітірген.
  • 1984-1991 жылдары Қармақшыдағы Абай атындағы аудандық кітапханада қызмет атқарған.
  • 1985-1987 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімін сырттай оқып бітірген.
  • 2002-2005 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханатану және библиография мамандығы бойынша бітірген.
  • 1991-1995 жылдары Жалағаш аудандық кітапханасында кітапханашы, 1995-2003 жылдары оқырмандар бөлімінің меңгерушісі, 2003-2012 жылдары әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
  • 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып келеді.

Осы жұмыстарды атқару барысында аудан әкімдігінің, облыстық мәдениет басқармасының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталған. 

Құрметті оқырмандар! Сайт қонақтары!

algy-sozСіздерді Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі сайтының беттерінде көргенімізге шын жүректен қуаныштымыз! Әр адам ең болмаса бір рет кітапханада болған шығар. Онда болған әр адам ерекше мәдени және ағарту, саналы ойлар мен жоғары сезім әлеміне тап болғандай. Кітапхана қай кезден бастап өмір сүре бастаса да, басылымдар мен кітаптар беттерінде бейнеленген ойлар мен сезімдер әлемі қоғамдық өмірдің – кітапхана әлемі, кітап әлемі, сөз әлемінің ажырамас бөлігі болған, әрине бола береді де.

Біздің кітапхана Қызылорда облысындағы бірден-бір ірі ақпараттық және мәдени орталық, ол ақпаратқа шапшаң және еркін қолжеткізуді камтамасыз етеді, ұлттық - мәдени мұраларды сақтауға көмектеседі. Кітапхана сайты  2014 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жоба талантты басшы, өз ісінің  білгір маманы Меңдібаева Ұлмекен Абильтаевна бастамасымен құрылған болатын.

Сайтта Жалағаш аудандық орталық кітапханасы және оның 17 филиалы жайында мәліметтер берілген. Әр кітапхана туралы ақпаратта: қызмет көрсету бөлімінің құрылымы, кітап қорының құрамы мен көлемі, анықтамалық-іздестіру аппараты, кітапхана туралы әдебиеттер, мекен-жайлық реквизиттер  берілген.

Кітапхананың тарихы, өлкетану, жобалық жұмыстары т.б. бойынша енгізілген мәліметтер тек қана кітапханашыларға ғана қызықты емес, сондай-ақ пайдаланушылардың кең қауымына да қажетті ақпаратты беретініне сенімдіміз.

Құрметпен сайт әкімшілігі!

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау 2019

Жолдау 2017 жыл

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Астана 20 жыл

astanakyzyorda1