clip image000111

Шілдебаева Күлән.

         Ақынның үйі тұрады мәңгі жарық боп. Өлеңдер жинағы. Тараз: «Сенім» баспасы, 2002-288 бет.

         Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Күлән Шілдебаева ұзақ жылдар бойы төсек тартып жатса да, өмірінің соңғы сәтіне дейін қолынан қаламын тастамаған жан.Бұл кітапқа ақынның бұрын баспасөз беттерінде жарияланбаған аманат жырлары еніп отыр. Өлең шумақтарынан оның өмірге деген құштарлығын, жарық дүниеге деген іңкәр сезімін, тағдыр салған қиындыққа қайыспаған қайтпас қайсарлығын, елге, жерге деген алабөтен сүйіспеншілігін байқау қиын емес.