Тапикұлы Дәулетжан

         "Өмір философиясы"-Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы./ Д.Тапикұлы.-Алматы: "Хантәңірі" баспасы, 2015-285 бет.

         Өмір сапарында бірде шуақты, бірде ызғарлы күндердің, ал бірде қатерге толы қатаң кезеңдердің болуы да табиғи, өзінің қысқа де қымбатты тірлігінде барлық адам азды-көпті табысқа жетуге, адамдық өмірдің арман-мұратын жүзеге асыруға талпынады. Аға буын табыскерлердің бұраң да жұлдызды өмір тәжірибесі мен ақыл-парасатының жауһарынан жинақталған бұл жинақ -ұлтымыздың жастарына берері мол.