
Жиенбаев С.
Өлеңдер.-Алматы:Өлке.-2014.-320 б.-(Жасөспірімдер кітапханасы).
Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық ақын шығармашылыгының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық, азаматтық, кісілік, тазалық ұғымдарының қай-қайсысын да балалық бейнесінде береді.