Жалағаш аудандық кітапханаға 2017 жылдың қыркүйек айында 

түскен жаңа кітаптардың тізімі

 

 

***Қоғамдық саяси әдебиеттер***

Жолдасбеков Мырзатай.

      Күндерімнің куәсі.-Астана:Фолиант.-2017.-320 б.

Автордың 1993-1996 жылдар арасын қамтитын күнделік жазбалары «Елшінің күнделігінен» деген атпен 1997 жылы «Ел тағдыры – ер тағдыры» дейтін кітабында жарияланған болатын. Күндерімнің куәсі – күнделіктердің жалғасы, 2012-2016 жылдар арасын қамтиды.

Құлымбетов Ұ.

       Материалдар мен құжаттар жинағы./Құраст:С.О.Смағұлова.-Алматы.-2017.-416 б.

Кітапқа Қазақстанның қоғамдық – саяси және экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан қоғам қайраткері Ұ.Құлымбетовтің туындылары мен оның тағдырына арналған құжаттық материалдар топтастырылып отыр.

Мәңгілік ел – Қазақстан:Фотоальбом.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2017.-184 б.

«Мәңгілік ел – Қазақстан» фотоальбомы ҚР жалпы сипаттамасын, табиғатының көзбен көріп, тамашалауға тұрарлық, туризмі дамыған көрікті жерлерін, айтулы тарихи орындарын, қысқаша экономикалық – саяси ахуалын көрсететін, сонымен қатар қазақ халқының өзіне тән ұлттық құндылықтары мен еңбек түрлерін, маусымдық қоныстарын, салт-дәстүрлерін, киімдері мен музыкалық аспаптарын, ойындарын, тағамдары мен қолөнер бұйымдарын, т.б ерекшеліктерін, фотосуреттермен бірге таныстыратын басылым болып табылады.

Оразбек Нұрмахан.

      Құраст.Г.Оразалықызы.-Алматы:Қазақстан.-2017.-368 б.+16 б фотосуреттер.

Бұл кітап қазақ баспасөзінің қара нары, білікті аудармашы, жалынды журналист Н.Оразбектің өмірі мен қызметіне арналған.Бірінші бөлімде «Ғұмыр!Ол ұзақ болсын, қысқа болсын, артына өз ізін, өз жылнамасын қалдырады» деп, қызығынан көрі қиындығы көп болған  өмір жолын өзі толғайды. Екінші бөлімге ол кісімен қызметтес, әріптес, жора – жолдас болған адамдар мен ең жақын туыстарының естеліктері топтастырылған.       

 

 

***Көркем әдебиет***

 

 

Асабаев Зәкір.

        Замана тынысы:Очерк, эссе, көсемсөз, естеліктер.-Алматы.-2017.-384 б.

Кітапта күллі бір кезең, дәуір, халықтың бастан кшкен елеулі оқиғалары суреттеледі.

 

Әбділдәұлы Орысбай.

           Ана сүті.-Алматы:Алатау.-2017.-480 б.

 Автордың аяулы анасы Рәзия мен Мәрияның және асыл текті әкесі Әбділдәнің рухына арнап жазылған кітабы.

 

Әбдіраш Жарасқан.

     Құлпытас.-Алматы:Mer-press.-2017.-288 б.

Бұл кітабына автордың өмірінің соңғы жылдарында жазған, бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері, Алаштың айтулы азаматтарына арнаған эпитафиялары, «Сор топырақ» трагедиялық поэмасы енгізілді.

Әбдішова Жанар.

         Өмір сүрсем...кеш емес:Әңгімелер.-Алматы:Алаш.-2017.-352 б.

Бұл жинаққа мерзімдік баспасөзде жарияланған, оқырманға жақсы таныс бір топ туындылары енген.

Әлімұлы Аманхан.

       Жариямайдай.Өлеңдер.-Алматы:Хантәңірі.-2017.-380 б.

Бұл жинаққа автордың негізінен кезінде мерзімдік баспасөзде жарияланған өлең-жырлары өңделген, толықтырылған күйінде еніп отыр. Еңбек табиғат пен адам, жалпы жаратылыс үндестігін паш ететін лирикалық өлеңдерден тұрады.

 

Әшімханұлы Дидахмет.

         Көптомдық шығармалар.-Астана:Нұра – Астана.-2017.-Т.3.Теңіз қорқауы:аудармалар.-480 б.

Үшінші томында оның әр жылдарда аударған әлем әдебиетінің классиктері Джек Лондонның  «Теңіз қорқауы» атты романы мен «Күмән» әңгімесі және Джон Голсуорсидің «Девондық адам» атты новелласы берілген.

 

 

Баянбай Қастек.

     Таңдамалы шығармалар-1-том.-Алматы:Хантәңірі.-2017.-380 б.

Қастек Баянбайдың шығармалар жинағының 1-томына автордың мектеп жасына дейінгі балдырғандардың, жас жеткіншектердің талғамына сай өлең – жырлары, «Қалау», «Егіздер» атты дастандары және «Жүз жаңылтпаш» т.б. топтамалар еніп отыр.

Баянбай Қастек.

     Таңдамалы шығармалар-2-том.-Алматы:Хантәңірі.-2017.-380 б.

Қастек Баянбайдың шығармалар жинағының 2-томына автордың жас бүлдіршіндер мен мектеп жасындағы өрендерге арналған өлең-жырлары, дастандары, ертегілері, жұмбақтары, жыл мезгілдері, табиғат жайлы әдемі топтамалары еніп отыр.

 

Баянбай Қастек.

     Таңдамалы шығармалар-3-том.-Алматы:Хантәңірі.-2017.-380 б.

Қастек Баянбайдың шығармалар жинағының 3-томына сыршыл нәзік сезім мен азаматтық әуенге толы лирикалық топтамалары еніп отыр.

 

Бодаубай Б.

     Таңғаламын өмірдің ғажабына:сыр-сұхбатқа құрылған ғұмырнамалық роман.-Астана:Фолиант.-2017.-Бірінші, Екінші  кітап. – 320 б.

Екі кітаптан тұратын, сыр-сұхбатқа құрылған бұл романда ұлт мұраты жолында ғұмыр бойы жан аямай қызмет етіп келе жатқан Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың күреске, ғибратқа толы өмір жолы көркем тілмен кестеленеді.

 

 

Ерғали Хамит.

       Қиын өткен қызығым-ай!:Өлеңдер.-Алматы:Mer-press7-2017.-342 б.

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалидің бұл кітабына әр жылдары жарық көрген «Шер толғау», «Жақсыдан шарапат», «Сонеттер» жинақтарында жарық көрген өлеңдері, сонеттері, естеліктері топтастырылған.

 

Жолдасбеков Мырзатай.

         Кісілік кітабы:мақалалар, ой-толғамдар.-Астана:Фолиант.-2017.-400 б.

Мемлекет қайраткері, ел ағасы М.Жолдасбековтің бұл кітабына «Қазақ қайтсе қалады қазақ болып» деген мәңгілік сұраққа жауап іздеген автордың мемлекеттік мүдде, адамгершілік, кісілік турасында жазған мақалалары мен сөйлеген сөздері енгізіліп отыр.

 

Күмісбайұлы Ш.

      Өмірдің соңғы бір сәті:Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Алаш.-2017.-384 б.

Автордың бұл жинағына кейінірек жазылған повестері мен көптеген әңгімелері кіріп отыр. Шығармаларының көбі ауыл адамдарының қилы-қилы тағдырының күнгейі мен көлеңкесіне тоқталады.

 

Қаңтарбаев Әлібек.

       Жұлдыздар сөнбейді:Новелла, әңгімелер, қөркем очерктер, публикациялар.-Алматы:Баспа.-2017.-338 б.

«Жұлдыздар сөнбейді» - жазушының әр жылдары жазылған шығармаларының жиынтығы.

 

Мамырбаева Ділдәр.

      Жетім құлын:Хикаяттар, әңгімелер.-Алматы:Алаш.-2017.-288 б.

«Жетім құлын» - Ділдәр Мамырбаеваның бесінші кітабы. Рухани кемелдену мәселесі адамның ішіне үілуден басталады. Ділдәрдің әңгімелеріндегі кейіпкерлер осы төңіректе ойланатын жандар. Адамгершілікті ұлықтайтын, жан дүниелері ізгілікті, шуақты.

 

Оспанов Мұратбек.

       Айшуақ:Өлеңдер, балладалар, поэмалар.-Алматы: «Каратау КБ» ЖШС: «Дәстүр».-2017.-288 б.

Мұратбек Оспановтың бұл кітабына енген өлеңдері көпшілікті ой тұңғиығына жетелейді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

        «Сын сардары».Естеліктер.Құрас.:Күләш Сығай.-Алматы:Каратау:Дәстүр.-2017.-384 б.

Бұл кітапта Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз «Платиналы тарлан» сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысы, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Әшірбек Сығай туралы әріптестері мен достарының, хамандастары мен шәкірттерінің естеліктері топтастырылған.

***Өнер***

 

Жамбыл Жабаев:Фотоальбом./Жинақты құрастырған В.Титенев.-Алматы:Тау-Қайнар.-2017.-188 б.

Суретті кітапқа Жамбылдың қазақ және орыс тілдеріндегі поэтикалық шығармаларының қазақтардың тұрмысы, Ұлы Отан соғысы, ақынның өміріне, республика өмірі мен белгілі айтыстарына арналған негізгі бөлімдерден тұратын топтамалары енгізілген.

 

Қазақстан халқының өнері.-Алматы.-2017.-280 б. Қазақша-орысша-ағылшынша.

 

Тұрысбек Секен.

        Тәтті мұң.Күйлер, әндер, әндер клавирі, күй партитуралары, арнау өлеңдер мен поэмалар/Құраст.Аят Секенқызы.-Астана:Фолиант.-2016.-304 б.

Дәулескер күйші, композитор С.Тұрысбектің бұл кітабына жүрек қылын тербейтін, тәтті мұңға жетелейтін «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Аруана», т.б. әндері, романстары топтастырылып, арнау өлеңдер мен поэмалар енгізілді.

 

                                ***Орыс тіліндегі әдебиеттер***

 

Бекбосын Аргынбай.

     Медаль за город Будапешт:Повести, эссе.-Алматы:Алаш.-2017.-256 с.

Бельгер Г.

     Избранное.-Алматы:Келешек.-2017.-570 с.

 

Турсунов Е.

     «Мелочи жизни».-Алматы:Келешек.-2017.-496 с.