Жалағаш аудандық кітапханаға 2018 жылдың cәуір айында

түскен жаңа кітаптардың тізімі

 

 

***Қоғамдық саяси әдебиеттер***

 

 

Аққұлы С.

       Әлихан Бөкейхан.Қазақ жерінің жоқшысы.І том.-Астана:Алашорда.-2017.-800 б.

Алаш көшбасшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан – Қазақстан тарихында орны айрықша, маңызы зор қайталанбас тұлға.

 

Аққұлы С.

       Әлихан Бөкейхан.Қазақ жерінің жоқшысы.ІІ том.-Астана:Алашорда.-2017.-904 б.

Бұл томда Алаш көшбасшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан өмірі мен қызметінің 1917-1922 жылдарды қамтитын «Алаш Орда» және 1922-1937 жылдарды қамтитын «Мәскеу қапасы» деп шартты түрде аталған екі кезеңі сипатталады.

 

         Алаш қозғалысы.Балаларға арналған анықтамалық.Е.Тілешов, С.Жұмағұлов, К.Кемеңгер, Е.Алшынбай.-Алматы:ЖК «Interbescompany».-2017.-152 б.

Балаларға арналған бұл жинаққа Алаш қозғалысының басталуы, барысы, ұлттық маңызы, қайраткерлері туралы мақалалар енгізілген.

         Ахмет Байтұрсынұлы.Энциклопедия./Бас.ред. Ж.Тойбаева.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2017.-744 б.

Энциклопедия аса көрнекті ұлт қайраткері аудармашы Ахмет Байтұрсынұлына арналған.Энциклопедияға ғалымның өмірбаян деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми және әдеби, публицистикалық мұралары жөніндегі мақалалары енгізілді.

Ахметбек Б.

       Сыр ескерткіштері.Кітап-альбом.-Алматы:Аспантау.-2017.-304 б.

Бұл кітапта Б.Ахметбектің ежелгі Сыр өңірінің қасиетті киелі орындары, осы өлкеден шыққан топ бастаған от ауызды, орақ тілді айтулы би-шешендер, қол бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраулар, әулие-әмбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалары топтастырылған.

 

Ахметов А.

   Досалы Сұлтан Бұлқайырұлы.-Астана:Алашорда.-2017.-248 б.

Монографиялық зерттеу Досалы Сұлтанның ұлт-азаттық күрестердегі шынайы орны мен рөлін бұлтартпас айғақтар топтастырылған.

Бияров Б.

       Алтай.Алтын бесік.Кітап-альбом.-Алматы:Аспантау.-2017.-560 б.

Бұл кітапқа кең-байтақ қазақ өлкесінің қасиетті Алтай, Семей өңірлерінің аңыз бен жырға, тылсым сырларға толы киелі орындары мен қасиетті жерлері жайлы танымдық мақалалары еніп отыр.

 

Жалаири Ө.Ш.

   Елбасы біреу ел оған тіреу.-Алматы:Алатау.-2017.-432 б.қазақ-орыс тілдерінде.

Бұл кітабында оның негізгі еңбектері, мақалалары, белгілі қоғам қайраткерлерінің ғалым туралы пікірлері қамтылды.

        

    Қазақстанның 70 тарихи орны (Тарихи және географиялық орындардың суретті энциклопедиясы).-Алматы: Керемет медиа.-2017.-224 б.

Бұл жинаққа еліміздің тарихи және географиялық ең байырғы атаулары енгізілді. Жинақтан орын алған атаулар сан ғасырлық қазақ тарихында айрықша маңызға ие болған.

 

    Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі.-Энциклопедия.-Алматы:ТОО «Алем Даму Интеграция.-2017.-832 б. (иллюстрацияланған)

Энциклопедия дәстүрлі қазақы (көшпелі) ортадағы қоғам, адам және қоршаған табиғи ортаның арасындағы сан-салалы қатынастардың субьектілерін, обьектілерін, сондай-ақ осы қатынастардың жүзеге асырылу жолдары мен механизмін (ілкімді принциптері мен нормаларын) бейнелейтін этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларды қамтиды.

 

Құламанова З.

       Тастағы Тараз тарихы.Кітап альбом.-Алматы.-2017.-480 б.

Бұл кітапқа екі мың жылдан астам тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құламанованың зерттеу мақалалары еніп отыр.

 

 

Назарбаев Н.

     Көші-қон және қазақ әлемі:баяндамалар, мақалалар және сыр-сұхбаттар.-Астана:Фолиант.-2017.-360 б.

       Бұл кітапқа ҚР Түңғыш Президенті Н.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы көші-қон саясатына, сондай-ақ халқымыздың мәдениеті мен тарихына, бүгіні мен болашағына қатысты сөйлеген сөздері, жасаған баяндамалары, жарық көрген мақалалары мен бұқаралық ақпарат құралдарына берген сыр-сұхбаттары топтастырылған.

 

Сыдықов Е., Артықбаев Ж.

       Әнет баба: ғұмыры мен заманы.-Астана:Фолиант.-2017.-256 б.

Бұл кітап хандық дәуірінде жасаған, қазақтың әрі би, әрі ғұламасы, Орта жүздің ел ағасы болған атақты Әнет баба туралы.

 

Тасполатов Б.

     Басында Қазығұрттың кеме қалған.Кітап-альбом.-Алматы:Аспантау.-2017.-304 б.

Бұл кітапқа Оңтүстік Қазақстанның киелі де қасиетті орындары жайлы зерттеу мақалалары еніп отыр.

 

           Уық шаншылған Ұлытау:

Кітап-альбом/Құраст:Ғ.Ештанаев,Б.Мырзабеков,С.Смағұл.-Алматы:Аспантау.-2017.-312 б.

Бұл кітапқа қазақ елі мен жерінің біртұтас мемлекет болып қалыптасуында аса зор маңызға ие Орталық Қазақстан, оның ішінде қасиетті Ұлытау өңірінің ежелгі тарихы жөнінде, сол өлкеден орын тепкен Алаша хан, Жошы хан т.б. тарихи ескерткіштер, кесенелер, қасиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар жинағы еніп отыр.

 

Ш Ералы, Сәбит П.

     Отырар алқабындағы қасиетті орындар.Кітап-альбом.-Алматы:Аспантау.-2017.-560 б.

Бұл жинаққа Отырар алқабындағы қазақ тарихы үшін айрықша орны бар қасиетті орындар мен киелі жерлер, атақты тарихшылар мен ғұлама ғалымдар жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар еніп отыр.

 

Ілиясова Р.

     Шежірелі Ақтөбе.Кітап-альбом.-Алматы:Аспантау.-2017.-752 б.

Бұл жинақта Ақтөбе өңіріндегі қасиетті мекендер, осы аймақтағы тарихқа қатысты айшықты әңгімелер, ел есіндегі арыстар жайындағы көптеген құнды дүниелер сөз болған.

 

***Тіл білімі***

 

         Әдістеме әлемі.Ғылыми - әдістемелік жинақ.Құраст.:Тұрлыбекова Ж, Каюпова Ұ, Аманов С.-Астана:Ш.Шаяхметов ат.тілдерді дамытудың респ.үйлестіру-әдіст.орт.-2017.-282 б.

Жинақта белгілі әдіскер ғалымдардың, тіл үйрету орталықтары әдіскерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының ғылыми-әдістемелік мақалалары және оқу бағдарламалы енгізілді.

 

Ә.Бәкір.Тіл тұғыры.-Астана.-2017.-176 б.

     Бұл кітапқа мемлекеттік тілдің саяси құқықтық және әлеуметтік мәселелерін сарапқа салып, оның қолданыс аясын кеңейте түсу турасында тұрақты қалам тартып келе жатқан ғалым-профессордың соңғы жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен ғылыми – тәжірибелік конференция, семинарларда сөйлеген сөздері, азаматтық пікірлері мен ұсыныстары топтастырылған.

 

Дүйсенбі А.

     Аңыздар мен абыздар.-Астана:Фолиант.-2017.-320 б.

Ғылыми жинақта аңыздық тұлғалар мен тарихи заманалар шежіресін, ел мен жердің сырлы құпиясын баяндайтын ғылыми ой толғаулар мен ел жадындағы ескі әңгімелердің мәтіндік нұсқалары топтастырылып сараланған.

 

Кванттелген мәтіндердің және тест түріндегі тапсырмалардың әзірлемесі./Құраст:А.А.Аменова.-Бесқарағай.-2017.-71 б.

Берілген мәтіндер арқылы ересектерге мемлекеттік тілді оқыту бойынша білімдерін бақылау үшін тест тапсырмалары құрылған. Мәтіндердің саны – 19, оған тест тапсырмалары 200 – ді құрайды.

 

Көшімова Б.

     Үстірттегі көненің іздері.Кітап-альбом.Б.Көшімова.-Алматы:Аспантау.-2017.-536 б.

Еңбектен осынау киелі де шежірелі өңірдің көне тарихы, сол өлкеден шыққан Пір Бекет ата бастаған әулиелер жайлы, осы маңда орын тепкен көне ескерткіштер туралы ғалым-зерттеуші Бибатпа Көшімованың құнды да қызғылықты ғылыми-зерттеу мақалалары орын алған.

 

          Қазақ сөзі.1500 сөз.Оқу-әдістемелік құрал./Е.Тілешов, Л.Есбосынова, М.Дәрменова, Д.Оспанова, Е.Шынатай.-Астана: Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.-2017.-176 б.

Бұл оқу-әдістемелік-құрал қазақ тілінің жиі қолданылатын лексикалық минимумына негізделген.Оқу құралында сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем үлгілерін тақырыбына сәйкес мағынасы мен қолданылу аясына қарай дұрыс пайдаланудың тиімді тәсілдері ұсынылады.

 

         Қазақ тілін оқытуда жағдаяттық тапсырмаларды қолдану:әдістемелік құрал/Құраст:А.Б.Мурсалимова.-Өскемен:ШҚ лингвистикалық орталығы.-2017.-63 б.

Оқу құралында берілген жағдаяттық тапсырмалар А1 қарапайым, А2 базалық, В1 орта, В2 ортадан жоғары деңгей тіл үйренушілеріне бейімделіп жасалған.

 

         Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері:Ойындар жинағы.-Тараз.-2017.-75 б.

Бұл жинақта тақырыптық, топтық, рөлдік, грамматикалық ойындар жинақталған.

 

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржынынан/Құраст.Н.Қ.Есбосын.-Қызылорда:№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейі.-2017.-127 б.

Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер мен ойсергектер, ойындар жинақталған.

    

     Сөз сыны.Тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Жинақ.Қазақ тіліне аударған, алғысөзін жазған Е.Тілешов.-Астана.-2017.-172 б.

Бұл жинаққа әлем халықтарының мақал-мәтелдері, әр дәуірде өмір сүрген ойшылдардың, қаламгерлердің, ғалымдардың қанатты сөздері енгізілді.

 

Тілдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері/Құраст:З.Қожакеева, Ж.Елесбаева,М.Болысбекова.-Талдықорған:Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы МКМ.-2017.-88 б.

Оқу құралында берілген әдіс-тәсілдер оқытушылардың тілді меңгертудегі тәжірибесі негізінде құрастырылған.

 

Тіл тұғыры.Ә.Бәкір.-Астана.-2017.-176 б.

     Бұл кітапқа мемлекеттік тілдің саяси құқықтық және әлеуметтік мәселелерін сарапқа салып, оның қолданыс аясын кеңейте түсу турасында тұрақты қалам тартып келе жатқан ғалым-профессордың соңғы жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен ғылыми – тәжірибелік конференция, семинарларда сөйлеген сөздері, азаматтық пікірлері мен ұсыныстары топтастырылған.

 

Тұрлыбекова Ж.

       Менің алғашқы 500 сөзім.-Астана:Ш.Шаяхметов ат. Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.-2017.-124 б.

Тіл үйрету құралында балаларға қазақ тілін үйрету мақсатында жекелеген атаулар мен ұғымдар үш тілде, яғни қазақ , ғылшын және орыс тілдерінде ұсынылды.

 

***Әдебиеттану***

 

Абдрахманов С.

     Әдебиет әлемі:сөз өнері туралы толғаныстар.-Астана:Фолиант.-2017.-688 б.

Бұл кітапта Ғ.Мүсірепов, С.Михалков, Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев, О.Сүлейменов сынды көптеген сөз зергерлерімен тағылымды сұхбаттар жасаған.

 

           Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлы.Өмірі.Шығармалары.-Астана:Алашорда.-2017.-240 б.

Жинақта Жақсылық Төленұлының баспа көрмеген, мұрағаттар мен кітапхана қорларында қолжазба түрінде сақталып келген өлеңдері, «Олжашы батыр», «Қалмақ ханы Қатаған», «Бұлбұл» сынды поэмалары, хикаялары, естеліктері және т.б. құнды мұрасы қамтылды.

 

Әшімбаев С.

           Шығармалары./Құраст.Ш.Бейсенова.-2-кітап.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2017.-400 б.

Бұл екінші томына туған әдебиетіміздің толғақты мәселелері, сол уақыттағы ақын-жазушыларымыздың жеткен жетістіктері мен кемшіліктері жайында 1980-1990 жылдар аралығында жазған әдеби сын мақалалары мен ой-толғамдары енгізілді.

 

***Көркем әдебиет***

Жиенбаев С.

   Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы: «Мерекенің баспалар үйі».-Т.4:Давид Сасунский:армян халық эпосы.-2017.-400 б.,портр.

Армян елінің інжу-маржаны болып табылатын «Давид Сасунский» халық эпосын көрнекті ақын С.Жиенбаев қазақ тіліне шебер аударған еді.

 

Иманасов С.

         Шығармалар жинағы.-Алматы:Алатау.-2017.-Т.4.-480 б.

Сәкен Иманасовтың төртінші томына оның жастық шақтағы кейбір сәттері мен қызметтік кезеңдегі замандастары жайлы жазылған естеліктері еніп отыр.

 

Қашқари М.

     Түрік сөздігі.1-том/Ауд А.Егеубай.-Алматы:Арда+7.-2017.-592 б.

Бұл жинақ бүгінгі күні Елбасымыз көтеріп отырған халқымыздың Рухани жаңғыру үрдісіне айрықша ықпал ететін, ұлтымыздың рухани қазынасына қосылып отырған баға жетпес мұра.

 

Құлияс Т.

   Таңдамалы.Үш томдық.-Астана:Фолиант.-2017.-Т.3.

Деректі хикаяттар.-416 б.

Бұл кітабында халқымыздың басынан өткен аштық, қуғын-сүргіннің ауыр зардабын, құнарлы тілмен, бұлтартпас құжаттармен шынайы баяндалған.

 

 

Мұртаза Ш.

     Таңдамалы.Әңгімелері,хикаяттары, мақалалары, роман, пьесалары:Ш.Мұртаза.-Алматы: «Айғаным» баспа үйі.-2017.-1116 б.

         Шерхан Мұртазаның бұл жинағына әңгімелері, хикаяттары, драмалық туындылары, бірді-екілі романдары еніп отыр.

 

Нұртаев Р.

       Ер Текей:деректі хикаят.-Алматы.-2017.-128 б.

Тарихи деректі хикаят ХVII ғасырдағы алмағайып заманда, елін, жерін жаудан қорып, Әз Тәуке ханның тұсында ақ найзасымен жауға ұрандай шауып, еліне қорған болған батыр тұлғаның өмір дерегінен сыр шертетін көркем туынды.

 

Өтен Ахмет.

     Шығармалары.Үш томдық.-Астана:Фолиант.-2017.-Т.2.-Шақшақ шерлі:әңгімелер мен аудармалар.-592 б.

Екінші томына қырыққа жуық әңгімесі мен аудармалары еніп отыр.Кітап көркем әдебиетке қызығшылық танытатын барша оқырманға арналған.

 

Тұрсынбайұлы Б.

     Тіл мен жүрек.Әдеби мақалалар .-Алматы:Жалын.-2017.-192 б.

Бұл жас сыншының алғашқы кітабы. Кітапқа әдеби мақалалар мен портреттер топтастырылған.

 

***Өнер***

Қазақ халық әндері/Құраст.Мереке Құлкенов.-Алматы: «Мерекенің баспалар үйі».-2017.-160 б.

Бұл жинаққа қазақ халқының сүйіп шырқайтын, жұртшылыққа кең тараған халық әндері кіріп отыр.

 

Қазақ халық композиторларының әндері/Құраст.М.Құлкенов.-Алматы.-2017.-224 б.

Бұл жинаққа ел арасына кең тараған халық композиторларының әндері кірді.Кітап қазақ әндерін

 

Нұрмағамбетов Ө.

     Сағындым сені:Өлеңдер.-Алматы.-2017.-288 б.

Жаңа кітабына уақыт, заман, дәуір тынысын сездіретін ойлы да салмақты өлең-жырлары еніп отыр.

                            

Сыдықов М.

     Жыр мәйегі – мақам.-Алматы:Arna-b.-2017.-264 б.

Бұл кітапқа ХІХ-ХХ ғасырларда Арал – Қазалы өңірінде дүниеге келіп бүкіл Сыр бойын дүбірлетіп өткен атақты Нұртуған мектебінің негізін қалаған Бижан, Сары жырау, Молда Дәулет, Жаңаберген, Жаппарберді, Дәріқұл, Жалғасбай, Үмбетәлі сынды дүлдүл жыраулардың баға жетпес асыл қазыналары - ән мақамдары нотаға түсіріліп, аудиотаспаға жазылып берілген.

 

***Орыс тіліндегі әдебиеттер***

 

Абдильдин Ж.

     Собрание сочинений.-Т.ХІІІ.-Астана:Фолиант.-2017.-480 с.

 

Аккулы С.

   Алихан Букейхан.Собиратель казахских земель Т.1.-Астана:Общественный фонд «Алашорда».-2017.-636 с.

       

Казахстан – Россия:Литературный альманах.-Алматы:Жібек жолы.-2017.-512 б.+16 қосарбет.-Қазақ және орыс тілдерінде.

 

Композиторы Казахстана:Творческие портреты.Том третий.-Алматы.-Алматы-Болашақ.-2017.-576 с.

    

Президент – 2017.Большая политика.President of Kazakhstan.Grand Politics in 2017:Книга (фотоальбом)/А.Үкібай,ТОО «Алматы Принт»,2017.-348 стр.

 

Токаев К.К.

Свет и Тень.Очерки казахстанского политика.-Алматы:ИД.-2017.-Т.4.-432 с.