Жалағаш аудандық кітапханаға 2018  жылдың  желтоқсан   айында түскен жаңа кітаптардың тізімі

***Жаратылыстану***

Шегебаев Р.

    Тәуелсіздікке тарту.-Алматы.-2018.-180 с.-Фотоальбом.

 ***Қоғамдық саяси әдебиеттер***

 Астана:Фотоальбом Т.Барабанова.-Алматы:Тау-Қайнар.-2018.-320 б.

Президент замануи Қазақстанның қуаты, оның көпұлтты халқының жасампаз энергия көзі болып табылатын Астананың құрылысына көп мәрте назар аударады.

 Атамекен: ақпараттық – танымдық жинақ.//Құраст.С.Итеғұлова.-Алматы:Palitra - press.-2018.-144 б.

Жинақта Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи ескерткіштері туралы мәліметтер беріле отырып, танымал археологиялық ескерткіштер, діни және ғибадат орындарына қысқаша шолу жасалған.

 Елубай О.

Дүниені дүбірлеткен жеті дода:Кітап-альбом.-Алматы:Алатау.-2018.-368 б.

Автор қазақ елі саңлақтарының соңғы жеті Олимпиадада қол жеткізген табыстары мен кемшіліктері жайлы ой бөліседі,  өзі түсірген суреттерін ұсынады.

 Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары.-Астана:Фолиант.-2017.-496 б.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жазылған бұл кітап – рухани құндылығымызды жаңғыртатын бастама.

 Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары.-Астана:Фолиант.-2017.-

504 б.

Алғаш рет шығарылып отырған еңбектің ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды заманға сай одан әрі байытуда, саналы ұрпақ тәрбиелеп шығаруда маңызы ерекше зор.

Қайсенов Қ.

       Жау тылында.-Алматы.-2018.-384 б.

Батырдың басынан өткен оқиғалары жеке-жеке әңгімелер күйінде де, автордың өлім мен өмірдің арасында арпалысқан кездеріндегі біртұтас оқиға – хикаяттар ретінде де өте қызықты баяндалады.

Мұстафаев С, Достанов Қ.

       Алаш анасының ардақты ұлы.-Алматы.-2017.-208 б.

Сыр бойынан шыққан Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ілияс Жүсіпұлы Қабылов туралы бұл кітапқа оның төл туындылары, ғалымдар мен тарихшылардың зерттеу мақалалары, естеліктер топтастырылып отыр.

Сыдықов Е.

       Шакарим Кудайбердиев.Фотокнига.-Алматы.-2018.-320 с.

Для широкого круга читателей.

 Шахай Ш.

     Жан жүрегім – Астана.Кітап-альбом.-Астана:Сарыарқа.-2018.-320 б.

Еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылғы тарихын осы фотоальбом арқылы көз алдымызға елестетуге болады.

 ***Тіл білімі***

Қазақ өнерінің антологиясы.25 томдық.-/Құраст.:М.Жолдасбеков, Р.Әлмұханова.-Астана:Күлтегін.-Т8.Шешендік өнер.-2018.-320 б.

Едіге, Асан қайғы, Жиренше және басқа да тарихи тұлғалардың есімдерін аңызға айналдыру барысында ел арасына тараған фольклорлық шығармалар жинақталды.

Қазақ өнерінің антологиясы.25 томдық.-/Құраст.:М.Жолдасбеков, Ш.Қойлыбаев.-Астана:Күлтегін.-Т9.Шешендік өнер.-2018.-320 б.

Бұл томына «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деп айтылатын есте жоқ ескі заманнан бергі ел есінде қалған сөз зергерлерінің шешендік мұралары хронологиялық ретпен енгізіліп отыр.

Негимов С.

    Шығармалары.Бес томдық.-Астана:Фолиант.-2018.-Т1.-Шешендік өнер.-400 б.

Бұл томда қазақтың би-шешендерінің елшілдік, мемлекетшілдік істері, дипломатиялық қызметі, тапқырлық, ұлы идеялар, көзқарастар жүйесі зерделенеді.

Сыздықова Р.

    Қазақ тілінің анықтағышы.Т12.-Алматы:Ел-шежіре.-2018.-384 б.

Кітапта қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту ережелері түсіндіріледі, яғни емле, тыныс белгілері мәселелері талданып, қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық нормалары баяндалады.

Сыздықова Р.

    Қазақтың ғылым әлеміндегі алғашқы алыптар.Т13.-Алматы:Ел-шежіре.-2018.-384 б.

Кітапта қазақтың алғашқы ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов сынды ғалымдардың еңбек жолы, шығармашылығы жайында қамтылған.

Туған тіл альманағы.-2018.-№3.-97 бет       /журнал/

             ***Көркем әдебиеттер***

 Айымбетов М.

       Таңдамалы шығармаларының жинағы:5-томдық.-Алматы.-2018.-

3-том:Роман және хикаяттар.-416 б.

Қаламгердің 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың бірінші жартысында жазылған прозалық туындылары «Дүние-керуен» романы мен «Шырақшы Қалжігіт» хикаяты берілген.

Айымбетов М.

       Таңдамалы шығармаларының жинағы:5-томдық.-Алматы.-2018.-

4-том: Хикаяттар мен әңгімелер.-512 б.

Төртінші томның негізгі мазмұнына 1980-1985 жылдар аралығында жазылып, жарық көрген балалар мен жасөспірімдер өмірінен жазылған хикаяттар топтастырылған.

        Аманаты Алаштың.Балаларға арналған энциклопедия.-Құраст.:Т.Шаңбай.-Алматы.-2018.-248 б.

Кітаптың мақсаты ХХ ғасыр басында Қазақ елінің Тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегін жастарға үлгі еті.

 

Ахмедов Ғ.

    Жем бойында:Тарихи роман.-Алматы.-2018.-328 б.

Автордың бұл романына ХІХ ғасырдың орта тұсында еліміздің батыс өңірінде өріс алған тарихи оқиғалар негіз болған.

 

Бердібай Р.

     Он томдық шығармалар жинағы. 2-том:Гүлстанның бұлбұлдары. Жұлдыздар жарығы.-Құраст Д.Ысқақұлы.-Алматы:РПБК.-2018.-480 б.

Бұл томда түркі әлемінің Ж.Баласағұн, Низами т.б түркі әлемі даналарынан бастап, қазақтың Бұқар жыраудан бергі ұлы жыршы-жырауларынан бастап, Ж.Жабаев, А.Тоқмағамбетов сияқты әдебиет өкілдерінің шығармаларына жан-жақты, егжей-тегжейлі талдау жасалады.

Бердібай Р.

     Он томдық шығармалар жинағы. 3-том:Кәусар бұлақ.-Құраст Д.Ысқақұлы.-Алматы:РПБК.-2018.-448 б.

Бұл үшінші томында түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті кеңінен қарастырылып, салыстырылып, олардың бір-бірімен байланыстары, маңызды қорытындылар жасалынады.

 

Бердібай Р.

     Он томдық шығармалар жинағы. 4-том:Түбі бір түрікпіз.-Құраст Д.Ысқақұлы.-Алматы:РПБК.-2018.-352 б.

Автор бұл кезге дейін қазақ әдебиеттануында тым аз айтылып келген түрік халықтарының рухани, мәдени бірлігі мәселесін жаңа қырларынан сипаттайды.

Бердібай Р.

     Он томдық шығармалар жинағы. 5-том:Роман және заман.-Құраст Д.Ысқақұлы.-Алматы:РПБК.-2018.-288 б.

Кітапта қазақ романдарының теориялық мәселелері, жанрлық өзгешеліктері, тың жетістіктері сөз етіледі.

Бердібай Р.

     Он томдық шығармалар жинағы. 6-том:Тарихи роман .-Құраст Д.Ысқақұлы.-Алматы:РПБК.-2018.-432 б.

Қазақ әдебиетін биік белеске көтерген М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясынан бастап, осы жанрда қалам тартқан бірсыпыра қазақ қаламгерлерінің романдары талданылады.

Боранбаев Ж.

     Дүние дүрмек:Өлең –дастандар.-Алматы.-2018.-304 б.

Автор 70 жасқа толып отыр. Жинақта қаламгер еліміздің Тәуелсіздік алған жылдарындағы көңіл-күйін бейнелейтін шығармаларымен қоса, Тіршілік, Жаратушы, Ел-жұрт сияқты мәңгілік құбылыстар мен жаратылыстарға арналған ой-толғаулары және нәзік лирикалық өлеңдері берілген.

Дулатұлы М.

     Шығармалар жинағы.-Алматы.-2013.-288 б.

«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан бұл жинаққа қоғам қайраткері, ақын, жазушы, қуғын-сүргін құрбаны Міржақып Дулатұлының шығармалары еніп отыр.

Елдес Омарұлы шығармалары.1-том.-Алматы.-2018.-300 б.

     Бұл томға автордың тіл білімінің түрлі мәселелеріне, жазу, емле, дыбыс, таңба, әліпби, т.б. тақырыптарға арналған 31 мақаласы және «Синтаксис танытқыш» атты бұдан бұрын мүлде баспа бетін көрмеген еңбегі еніп отыр.

Елдес Омарұлы шығармалары.1І-том.-Алматы.-2018.-500 б.

     Бұл томға автордың «Жер заңы», «Ақы заңы», «Лениннің ұлт мәселесі тақырыпты сөздері» атты аудармалары  еніп отыр.

Жұмағұлов И.

     Берекелі белесте.-Қызылорда.-2018.-368 б.

Еңбек жолын мұғалім болып бастап, совхоз партия ұйымының хатшысы қызметіне көтерілген, 20 жылдай аса уақыт Қызылорда облысындағы іргелі мал шаруашылығын басқарған И.Жұмағалиевтің 2010 жылы жарық көрген «Өмір белестері» мемуары кезінде оқырманның көңілінен шыққан еді.

Кененбай Ы.

      Жетпістегі жидеағаш.-Алматы.-2018.Қазақ, орыс тілдерінде.-400 бет.

Автордың жаңа жинағында туған жер тарихы, өткеніміз бен бүгініміз жайлы кеңінен ой толғайды.

Көпіш Ә.

     Мәңгілік майдан:Роман-дилогия.2-кітап.Көк аспанның әміршісі.-Алматы:Өнер.-2018.-400 б.

Кітапта 1916 жылғы бүкіл қазақ даласындағы Ресей отаршылдарына қарсы ұлт -*азаттық көтерілістің Жетісу аймағындағы қанды қырғындар тарихын даралап көрсетеді.

Қуаныш Маханбет.

      Туған жерді түлеткен тұлға.-Қызылорда.-2018.-206 б.

Бұл кітаптың бас кейіпкері Н.Ә.Жүндабеков табиғаттың бел баласы шаруа қауымының қалың ортасынан шыққан атпал азамат болатын.

Қайырденова А.

      Сағымға айналған сағыныш.-Алматы.-2018.-136 б.

Бұл кітапта Сыр еліне белгілі азамат, айтулы өнер өкілі – Жұма Данилов туралы ағайын-туғандары мен әріптестері Һәм ол кісімен сыйлас болған жандардың естеліктері, арнау-жырлары топтастырылған.

Қыдыров Б.

    Жыр-дәурен:Өлеңдер мен поэмалар.-Астана:Атажұрт.-2018.-252 б.

Бұл жинаққа әр жылдарда жазған әралуан тақырыптағы өлеңдері мен газелдері, қос тағандары, төрт тағандары және аңыз тақырыбына жазған поэмаларының көбінің баспа бетінде жарық көргендері топтастырылып отыр.

Нұршайықов Ә.

     Махаббат, қызық мол жылдар.-Алматы:Атамұра.-2002.-320 б.

Әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған «махаббат» мәселесі  - бұл романның асыл арқауы...Жастардың да жанын тербеген, жалпы адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығарманы шығарып отырмыз.

Оразбайұлы Ы.

    Құсни ғалам:Өлеңдер.-Астана: Атажұрт.-2018.-176 б.

Осы жинақпен жыр әлеміне қанат қаққалы отырған жас ақын. Оның өлеңдерінен туған жерге, өскен елге деген сағыныш лебі еседі.

Тохтамов Т.

     Суд совести:Роман.-Алматы.-2018.-288 с.

Шегебай Ә.

     Ақ жауын:Өлеңдер.-Алматы.-2018.-160 б.

Автордың жыр жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған.

 

***Өнер***

Кененбаев А.

     Суретші шығарған туындыларының альбомы.-2018.-180 б.

Альбом – каталог Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылды.