zheltoksan2019***Қоғамдық саяси әдебиеттер***

Дүниежүзі түркологиясының тарихы: хрестоматия. 1-бөлім/ Құраст. Ш.Ибраев.К.Келімбетов.- Алматы:Раритет, 2019.-312 бет

Ұсынылған хрестоматия түркология тарихына қатысты түрколог ғалымдардың зерттеулері.  Кітапқа әртүрлі  елдер мен дәуірлерге қатысты ғылыми еңбектер енгізілген.

Омарбеков Талас
Қазақтың шығу тегі.- Зерттеу. Тараз:-Сенім. 2019.-336 бет

Зерттеуде қазақ халқының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихына қатысты деректер талданған. Қазақтарды құраған ру-тайпалық бірлестіктер мен Алаш қауымдастығының ежелгі түркілік тамырлары, олардың мемлекет құрудағы елеулі үлесі айқындалған.

Қойшыбаев Б.О.
Тарих және тұлға.//зерттеулер, мақалалар, сұхбаттар. –Тараз: Сенім, 2019.-448 бет

Жинаққа қазақ халқының қалыптасу және этностық атауы мен мемлекеттігін құру, қуатты хандық жасақтауға және патшалық тұсындағы азаттық көтерілістері туралы жазылған және қазақ халқының көрнекті тұлғалары жайындағы зерттеулер енген.

Ахметұлы.І.
«Қазақ» сөзіне тиісті деректер. /Құрастырған:Ф.Ахметов, Б.Мұстафаев.-Алматы: «Асыл сөз», 2019,-128 бет

Автордың бұл еңбегі 1934 жылы жазылып, қолжазба күйінде сақталған.Еңбек алғаш рет латын әліпбиінен кирил әліпбиіне аударылып беріліп отыр.

Спанқұлова. Л
Экономикалық этюдтер.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2019.-144 бет

Бұл кітап білім, бизнес, денсаулық, жаһандану экономикалық мәселелері тақырыбына арналған.

Великая степь в античныхи византийских источниках. Сборник материалов/ Составление и редакция А.Н.Гаркавца.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 2019.-1336 стр.
Настоящие издание представляет собой наиболее  обширный свод сведений античных и византийских источников о народах Евразийской степи и их соседях. Здесь в хронологическом порядке приведены выписки из свыше 500 сочинений 157 авторов.

Гаркавец А.Н
Соdex Cumanicus. 1. Введение.Полевецкие молитвы, гимны,проповеды и загадки. 2. Факсимиле построчная транслитерация. 3.Транцкрипция и пословный перевод. 4. Латинский, персидский, куманский и немецкий словари. – Алматы: Алматы-Болашақ, 2019.-1360 стр.

В кодексе представлены  самая раняя  в истории коллекция  из 47 тюркских загадок и впервые переведенные на язык кыпчаков-куманов и половцев.

Кулбаев Абай
Сценарий полнометражного игрового фмльма «Легенда степей». Жанр: историческая драма, язык:русский, хронометраж:120 минут.-Алматы.-Алматы-Болашақ.,  2019.-96 стр.

Cценарий посвящен ряду эпизодов из жизни прославленного казахского батыра Карасай Алынайулы более известного как Карасай батыр.

Байпаков.К.М.,ВоякинД.А
Жетытобе: Курганы сакской знати в долине реки Талас.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2019.-184 стр

В книге приводятся предворительные результаты материалов археологических раскопок двух больших курганов Жетытобе

Первые этнографы Казахстана
Составитель:У.Жанибек.-Алматы: «Білім»,2019.- 200 стр

Сборник включает очерки известних исследователей о первых этнографах Казахстана.Нписан в живой, занимательной форме.

 

***Көркем әдебиеттер***

Мұқағали тілі сөздігі./ Б.Қалиев , Ж.Түймебаев, Ш.Құрманбайұлы, С.Исакова.-Алматы: «Керемет медиа», 2019.-1064 бет

Бұл кітапта М.Мақатаевтың 5 темдық шығармалар жинағындағы 13348 сөз бен 5035 тұрақты тіркес түгел қамтылып, тілдік құрылымның әрқайсысына анықтамалар берілген. Сол арқылы Мұқағалидің қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі мен орны айқындалған.

Байғұт.М 
Шығармалар жинағы. 7томдық. Әңгімелер мен хикаяттар/-Алматы: «Керемет медиа»,  2019

Мархабат Байғұттың 7 томдық шығармалар жинағы қаламгердің әңгіме, хикаяттары, эсселер  мен  пьесалары енгізілген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Рахман.Т
Сөзбиі-кітабы/ Тетралогия (мың бір сөзбиі).-Тараз: Сенім, 2019.-456 бет

Өлеңдері бірнеше тілге аударылған ақынның 4 кітаптан тұратын «Төрт тоғыс» атты сөзбиі тетралогиясы тың туынды. Сөзбиінің пішіні мен мазмұны ақынның алдына қойған мақсатын поэзиядан бөлек қарауы оқырман қауымға жеткізіледі.

Ергөбек.Қ
Баянсөз.-Тараз: Сенім, 2019.- 512 бет

Көрнекті әдебиет сыншысы, түркітанушы Қ.Ергөбектің бұл кітабына көптеген ақын, жазушы, актер, режиссер, композиторлардың өнер жайында жазылған тұлғатану портреттік толғамдары енгізілген.

Ахмадиев Жанат
Қазымбет қазы: тарихи әдебиет.-Алматы: «Алматы-Болашақ», 2019.-352 бет

Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері, этнограф-жазушы Ж.Ахмадиевтің бұл еңбегі қазақ хандығының жоңғар-ойрат үстемдігіне қарсы аттанған ұлы жорықтары суреттеледі.

Шаймерденұлы.Е
Сағым дәурен.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019.-400 бет

Автор  Е.Шаймерденұлының бұл жыр жинағына айшықты азаматтық үнімен, терең ой сарынымен, ақ адал сыршылдығымен ерекшеленген жыр-толғаныстары енгізілген.

Әлімжан.Е
Анажар:Роман/-Алматы: «Дәуір», 2019.-288 бет

Анажар ромаында автор бүгінгі қоғамдағы күрмеуі қиын күрделі проблемаларды байланыстыра отырып, адамзаттық, әлемдік мәселелердің мәнін оқырман назарына ұсынады.

Әріп Ғ.Б
Дыбыстар дірілі: Өлеңдер, поэмалар, толғаулар.-Алматы: «Дәуір», 2019.-288 бет

Жинаққа ақынның жаңа өлеңдері толғау, дастандары енген. Автор отаншылдық рухын арқау еткен шығармаларында ел мен жер тағдырына деген перзенттік махаббатын домбыра үніндей сезім дірілімен жеткізе білген.

Сарай.Ә
Шығармалары. 17 томдық:-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019

Автордың 17 томдық шығармалар жинағында соғыс жылдарындағы тыл өмірі мен Сталинград майданымен шекаралас жатқан ауылдардың соғыс жылдарындағы тірлігі, ауыл оқиғалары суреттелген.

Шаяхмет.А
Сенім.Өлеңдер.-Алматы: «Алматы-Болашақ», 2019.-432 бет

Жалпы түріктік мәдениет пен әдебиетті дамытушы автордың бұл жинағында өмір,табиғат, махаббат туралы жырлары енгізілген.

Ниязбек.Р
Арғымақтар даласы.Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: «Дәуір», 2019.- 384 бет

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Р.Ниязбектің бұл кітібында мерейі үстем Тәуелсіз мемлекетіміздің болашаққа бет түзеген көрікті көші, сән-салтанаты, елдік пен ерлік қасиеті шынайы суреттелген.

Жиенбай Қуаныш
Күздің жылы жаңбыры.Әңгімелер, хикаяттар.-Алматы: «Дәуір», 2019.-368 бет

Автордың туындыларында қазіргі уақыт пен өткен кеңестік кезеңдегі адамның тыныс-тіршілігі, қоғам мен адам, адам мен табиғат арасындағы байланыс көркем суреттелген.

Қуантайұлы.Н
Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі.-Тараз: «Сенім», 2019.-216 бет

Бұл зерттеу еңбегінде белгілі қаламгер ғалым Н.Қуантайұлының қазақ әдебиетінің классигі Ж.Аймауытұлының көсемсөз шығармашылығын жан-жақты толық зерттеген.

Жұманова.З
Ақбота. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ертегілер, мысалдар, әңгімелер мен хикаялар.-Алматы: «Дәуір», 2019.-276 бет

Белгілі қаламгер  Заря Жұманованың «Ақбота» дейтін кітабына енген шығармалары негізінен өскелең ұрпақ тақырыбын көбірек қамтиды. Жасөспірімдердің өмірі, арман-тілегі кітаптың өнебойында тұнып тұрғаны байқалады.

Қорғасбек Ж.
Мехнат Һәм Хикмет. -Алматы: «Алматы болашақ», 2019.-592 бет

Хикметтің бір мағынасы ғаламның сырын түсіну болса,  оған ақын-жазушылардың бір табан жақын болғаны хақ. Ал жазудың мехнаты бір Аллаға ғана аян нәрсе, әрине, азабын бастан өткерген адам біледі.

Оңғарсынова Ф.
Шілде,-Алматы: «Сардар»,2019.-480 бет

Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы-тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің  идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз.

Амангелді Кеңшілікұлы
Әлем әдебиетінің әңгімелері: Зерттеулер, эсселер, сұхбаттар, «Дәуір», 2019.-376 бет

Белгілі әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты А.Кеңшілікұлының бұл кітаптың «Мәңнілікпен үндесу» деп аталатын алғашқы бөлімінде көлемді зерттеуде нақты деректер негізінде екі ірі тұлғаның шығармашылық және адамдық келбеті жан-жақты ашыла түскен.Кітаптың екінші бөлімінде әлем мойындаған суреткерлер туралы эсселер мен жаһандық қаламгерлердің шығармашылығын талдаған сұхбаттары берілген.

Байхонов С.
Алтай Асу. Этно-роман.-Алматы: «Алматы-Болашақ»,2019.-544 бет

Бұл кітапта деректі-көркем этнографиялық романға аты әйгілі жиһангез ғалым Н.М.Пржевальскийдің 1879-1880 жылдары Төр Алтайдағы Зайсан қаласынан басталған Үшінші Тибет сапары кезіндегі жолбасшысы Алдтиярұлы Мырзаш батыр екеуі бастан өткерген қызғылықты оқиғалар арқау болған.
      

Досмұхамедұлы Х.
Адамның тән тірлігі. /Құраст.проф. Ғ.Әнес.-Алматы: «Қазақ тілі», 2019 .-320 бет

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Х.Досмұхамедұлының бұл оқулығы ХХ  ғасырдың басында араб қарпімен  жарық көрген ғылыми-педагогикалық мұралардың бірегейі.Кітап ана тіліміздің бүгінгі жай-күйі мен болашағына бейжай қарамайтын қалың оқырманға арналады.

Қабанбай М.
Арыстан, мен, виолончель және қасапхана.-Алматы: «Таймас», 2019.-240 бет

Қазақ әдебиетінде өзінді өрнек, ой иірімдерін иінкен М.Кабанбайдың бұл кітабы «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана», «Туған жердің төрт мезгілі» атты повестерінің басын құрайды.Жазушы әрбір шығармасының шырай-шұрымын өмірдің өз өзегінен ала отырып, қарапайым да қалжың ойлы тіл әспетімен оқырман жүрегіне кеңінен жеткізе біледі.Оның оқырманға айтар ойы, алға ұстаған ұстанымы-жақсылық атаулының асқар шыңы- адамгершілік, ақиқатшылдық.

Тоқтарбай Е.
Жарық сәуле: Әдеби зерттеулер мен толғаныстар/-Алматы: «Дәуір», 2019.-352 бет

Зерттеуші, әдебиет сыншысының әдеби зерттеулері мен мақалалары топтастырылған бұл кітабында тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы қахақ әдебиетінің жай-күйі, даму барысы, зерттелуі, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық саяси қызметі туралы сөз қозғайды.Автор жас қаламгерлердің шығармашылығы, әлеуеті сияқты тағы басқа өзекті мәселелерге жауап іздеп, өзінің ой-тұжырымын білдірген.

Бәмішұлы Бақытбек         
Сөз мәйегі. Бәмішұлы Б.-Алматы: «Дәуір», 2019.-312 бет

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын-жазушы, публицист, филология ғылымдарының кандитаты Б.Бәмішұлының бұл кітабында еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда жазылған шығармалары енген.Автордың туындылары негізінен ұлт пен ұлыс тұтасытығы, ел мен жер бірлігі, ұлағатты дәстүр, рухани байлық, тіл мен діл мәселелерін арқау етеді.

Адамбаев Б.
Шешендік өнер.-Алматы: «Білім», 2019-216 бет

Белгілі ғалым, жазушы Б.Адамбаевтың бұл еңбегі сөз өнерінің ең бір көпшіл жанры-шешендік сөздерге арналған. Автордың зерттеулері осы жанрдың рухани мәдениетімізде алар орнын ашып көрсеткен.