kantar2020 kitaptar tizimiҚоғамдық саяси әдебиеттер

Билік сабақтастығы. Преемственность власти. Лебіздер мен пікірлер жинағы. Қазақ және орыс тілдерінде. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019.-332 б

Тақырыптық жинақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін тоқтатуына байланысты жолданған хаттар мен жеделхаттардан, осы оқиғаға қатысты ой-пікірлерден тұрады. Сонымен қатар Қ.Р.Президенті Қ.К.Тоқаевтың сөйлеген сөздері мен өзге де материалдар енгізілген.

Оспан Б.Ә.

Есімдер: Сақтардан қазақтарға дейін.-Алматы:Асыл сөз, 2019. 744 бет.

Бұл еңбек еліміз тарихының біздің дәуірімізге дейінгі кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі есімдерді қамтиды. Кітаптың құндылығы әр есімнің қай дереккөзден алынғаны және есімнің мағынасы мен осы есімнің тарихи иесі кім екені көрсетілген.

Барлыбек Сырттанұлы.(1866-1914) Өмірі мен шығармашылығы/ Құраст: Е.Тоқтарбай.-Нұр-Сұлтан:Алашорда.2019.-248 бет.

Жинақ Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Барлыбек Сырттанұлының ғұмырнамасына арналған. Жинаққа қайраткердің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылығына қатысты құжаттар топтастырылған.

Жолдыбайұлы М.

Шығармалары. –Нұр-Сұлтан:Алашорда, 2019.-456 бет.

 Жинақта ХХ ғасырдың басында ұлттық ғылым-білімнің қалыптасып, дамуына үлес қосқан қайраткер, әдебиетші, аудармашы педагог, журналист М.Жолдыбайұлының оқу құралдары мен мақалалары және архив материалдары енгізілген.

Қайранбаев Қ.

Ар мен Заң алдында./ Құраст: Қуат Қайранбаев.-Алматы: Керемет-медиа. 2019.-272 бет, суретті.

Бұл кітапта бүкіл Қазақстан халқының назарында болған күрделі сот істерін заңды және негізгі шешімдермен аяқтап, қалың елдің абыройына бөленген судья Советхан Сәкеновтың өмірі мен қызмет барысындағы сан қилы сәттері әсерлі бейнеленген.

Атамекен: ақпараттық-танымдық жинақ./ Құраст:С.Итеғұлова.-Нұр-Сұлтан:Тіл-Қазына.2019.-144 бет.

Жинақта Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының құрамына енген ел аумағындағы археологиялық ескерткіштер туралы тарихи мәліметтер мен аңыз- әңгімелер  берілген.

Тіл білімі

Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгей.  В2.2/Құраст:З.С.Күзекова., Ж.Д.Байтелиева.- Нұр Сұлтан, 2019.-123 бет.

Оқулық Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес дайындалған. Грамматикасы функционалдық аспект негізінде жазылған бұл оқулықтың тіл үйретудің осы деңгейіне сай жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.

Латын әліпбиі: теория, әдістеме және насихат.- Нұр-Сұлтан: Тіл-Қазына.-2019.-280 бет

Ғылыми жинаққа қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты 2019 жылы атқарылдған жұмыстардың барысы туралы еңбектер енген. Ғылыми мақалалар мен әдістемелік, сараптамалық, сынамалық жұмыстар да кітаптың әр тарауында қоса берілген.

Тіл және қоғам. № 2.Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы. –Нұр-Сұлтан.-2019.

Журналда қазақ тілінің жаңа әдістері деп танылған А. Байтұрсыновтың еңбектері мен  Алаш арыстарының Абайтануға қосқан үлесі және  қазақ тілінің мәселелері туралы жазылған авторлардың еңбектері жарияланған.

Көркем әдебиет

Абай ( Ибраһим Құнанбаев)

Шығармалары.- Алматы: Жібек жолы, 2019.- 488 бет.

Кітапқа ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына  орай ақынның өлеңдері, поэмалары, аудармалары және қара сөздері қамтылған шығармалары ұсынылып отыр.

Дәуітов С.

Ғибратнама:-Алматы: Алатау.-201-.- 352 бет

Автордың бұл еңбегі айрықша тақырыпты қозғайды. Ғибратнама- бұл ескіден қалған дана сөз, бабалар сөзі, ғұламалар сөзі. Сондықтанда автордың бұл еңбегі  оқырмандар үшін аса құнды  ерекше  мәліметтер.

 Жақып Б.

Желбіреп тұрған Көк Туым- биік тұғырым: өлеңдер мен поэмалар..-Алматы: SUNSHINE pius.-2019.-240 бет.

Бұл кітапта автордың атамекен, туған жер, отан туралы жырлары топтастырылған.  Әсем табиғат пен тарихи жерлерді жырға қосып асқақ рухпен  перзенттік махаббатын жолдайды.

Асқаров Е.

Кірлеме, менің жүрегім.- Нұр- Сұлтан: Фолиант, 2019.-480 бет

Бұл кітапта автор өзінің  айтыс өнерінде  өзіндік қолтаңбасын қалдырған сырлы өлеңдері мен жырларын, аудармалары мен әңгімелерін  құрастырып оқырманға ұсынып отыр.

Қазақ және әлем тілдері мақал- мәтелдері./ Құраст: Н.Ештаева., Б. Адамбекова ., Н. Анилина.- Алматы: Сөздік-Словарь, 2019.-672 бет

Бұл мақал-мәтелдер жинағына батыс және шығыс халықтары мен қазақтың таңдаулы  мақал- мәтелдері мен нақыл сөздері енгізілген.  Қазақ, ағылшын, француз, испан, неміс, орыс, түрік, корей, жапон, араб, парсы  халықтарының ойынан туындаған  асыл сөздердің баламалары мен аудармасы оқырманға ұсынылған.

Рәш Мыңбай.

Есімде есілген естеліктер... Эсселер.-Алматы: Алаш, 2019.-480 бет. Сатирик жазушы бұл  кітабында сұрапыл соғыс кезінде 14 жасында жыр алыбы Жамбылды көзімен көргені хақында және еліміздің басқа да көрнекті қаламгерлері мен майталмандары жөнінде сыр шертеді.

Тарази Ә.

Шығармалары. 10 томдық -Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019 жыл.

Том 10:Тұлпардың ізі.-480 бет.

Жазушы-драматург Әкім Таразидің бұл томына бірнеше киносценарий мен қазақ поэзиясының  Хантәңірісі М. Мақатаев жайлы естелік эсселері енгізілген.

Саржанов Қ.

Аралдың айтылмаған ақиқаты. 2- томдық. -Алматы Қазығұрт, 2019.-672 бет.

 Қоғам және мемлекет қайраткері Қ. Саржановтың  бұл 2 томдық кітабына  өзінің туған жері Аралдың тағдырына байланысты, оның өсіп- өркендеуіне  жасаған еңбектері мен  балықшылар өмірінің шежіресі  шынайы бейнеленген.

Философия

 Әбу Насыр әл-Фараби

7- томдық шығармалар жинағы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.  Алматы: RS Халықаралық Абай клубы.-2019 жыл

Бұл еңбек ғұлама ғалым Әбу насыр әл- Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай шығарылған. Томдықтарға   ғұлама ғалымның  Қайырымды қала кітабы және әлеуметтік-этикалық, музыка, ғылым, ой- сана және философиялық трактаттары  мен Ә. Әлімжановтың Ұстаздың оралуы  атты кітабы  енгізілген.

Өнер

Далбағай Г.Е.

Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия. – Өскемен: Артекс, 2019.- 172 бет

Бұл хрестоматияға өзіндік құрылымы  мен ерекшеліктері ескерілген қазақтың үрлемелі сазсырнай аспабына арналған шығармалар топтастырылған.  Халық әні мен күйі, халық композиторларының шығармалары, классикалық және заманауи  бағыттағы туындылар енгізілген.

 Алпысбаев Ә.

 Жетісу-жер жаннаты. Әндер және күй- поэмалар жинағы.- Алматы, Алматы-Болашақ, 2019.-576 бет

 Қазақ өнеріндегі шығармашылық жарқын тұлғалардың бірі композитор, дирежер Ә. Демегеновтың таңдаулы әндері мен әуендері, күй-поэмалары енгізілген.