Водоснабжение из колодца
купить планшет украина

Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.

Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:

 

Әдістеме - библиографиялық бөлімде бөлім меңгерушісі:

Raushan


Қалиева Раушан Алтынбекқызы - 1987 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2005 жылы №123 орта мектепті бітірген. 2008 жылы Қызылорда педагогикалық колледждің кітапхана ісі мамандығын бітіріп шықты. 2008 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан библиограф, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап әдістеме – библиография бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2010 - 2012 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады, сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.

Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады.Анықтама-библиографиялық жұмыстары оқырмандар сұраныстарын зерттей отырып, олардың ауызша жазбаша сұраныстарын қанағаттандырып отырады. Мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастырылады.Сонымен қатар ай сайын кітапханаға түскен жаңа кітаптардың тізімі мекемелерге таратылып, кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдары таныстырылады. Республикада, облыс және ауданда аталып өтілетін және еске алынатын күндерге және жазушылардың мерейтойларына тақырыптық картотекалар жасақтайды. Баспасөз материалдарын және өлкетану мақалаларын электронды түрде РАБИС – каталогизатор бағдарламасының «статьи» модулына құйып отырады. Аудан кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік кеңес береді.

 

Библиограф

Nurymbetova


Нұрымбетова Ұлдай Орынбайқызы - 1967 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974-1984 жылы №88 қазақ орта мектебін бітірген. 1985-87 жылдары Жезғазған мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1987 жылдан бері аудандық кітапханада кітапханашы, 2007 жылдан - 2014 жылға дейін кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің жауапты кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап редактор, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап библиограф болып жұмыс атқарады. 2013 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

 

Редактор

 

Safura

Әбсаттарова Сафура Әбсәлімқызы – 1961 жылы 14 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1978 жылы №123 орта мектепті бітірген.1978-1982 жылдары аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, 2006 жылы аудандық кітапхана қызметкері, 2019 жылдың сәуір айынан бастап редактор қызметін атқарып келеді.

мебель на побегушках
плохая кредитная история