Водоснабжение из колодца
купить планшет украина

tsdb 1

Аудандық балалар кітапханасы 1939 жылы ашылды.

 

Кітапхана меңгерушісі

Aliaskarova

Әлиасқарова Гүлсім Әлиасқарқызы 1968 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Жаңадария ауылында дүниеге келген.
1975-1985 жылдары №203 орта мектепте оқыған.
1987-1989 жылдары Шымкент кооперативтік техникумының Қызылорда қаласындағы филиалын бітірген. 2002-2006 жылдары «Болашақ» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, 2009-2011 жылдары «Болашақ» университетінің «Кітапханатану және библиографиятану» факультетін бітірген.
1989-1998 жылдарда №203 орта мектепте кітапханашы. 2003-2005 жылдары аудандық кітапханада, 2005 жылы балалар кітапханасында кітапханашы. 2015 жылдан бері балалар кітапханасының меңгерушісі.

Аудандық балалар кітапханасында 3 кітапханашы жұмыс жасайды.

1. Искакова Жанар
2. Шонықбаева Малина
3. Қайырбаева Иммагүлсім

Кітапхана жұмысының мақсаты:

Аудандық балалар кітапханасы жас оқырмандарға әлеуметтік мәдени ортаның құндылығын сіндіріп, кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығын және ұлттық дәстүрлермен патриоттық тұрғыда насихаттау арқылы рухани бай қалыптасқан орта болып табылады;

Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани бай,оқу мәдениеті қалыптасқан оқырмандарды тәрбиелеу;

Өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін,елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу.

 Кітапхана жұмысының міндеті:

-Кітапханаға оқырмандарды тарту;
-Кітапты талғаммен оқуға баулу;
-Кітап қорын насихаттау
-Атаулы күндерге мәдени іс-шаралар өткізу;
-Жаңа кітаптарға ұсыныс тізімдер жасау.
- Кітапханада балалар әдебиеті ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Аудандық балалар кітапханасы аудан орталығындағы орта мектептердің 1-9 сынып оқушыларына, балалар оқуының жетекшілеріне қызмет көрсетеді. 

мебель на побегушках
плохая кредитная история