Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

men Abaidy okimyn

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып  Мәдениет үйі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Орталық алаңда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 172 жылдығына орай  «Мен Абайды оқимын!» атты ағартушылық - поэзиялық акциясы аясында «Еркін микрофон» іс-шарасы болып өтті. 

«Еркін микрофон» іс-шарасының мақсаты:  жастарды Абайдың мол рухани мұрасын зерттеуге, өлеңдері  мен қара сөздерінің мән-мағынасын ұғынуға шақыру, ұлы  Абайдың есімін ұлықтау. 

Елбасының: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген  сөздері баршамызға таныс. 

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы ашып, Абай мұрасының қазақ   жастарының тәлім-тәрбиесінде алатын маңызды орны туралы пікірін білдіріп, жастарды Абай шығармаларын терең зерделеуге шақырды. 

Ардагер-ұстаз Ерім Төлепбаев ағамыз Абайдың халыққа танымалы болған «Айттым сәлем Қаламқас»,«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңдері  қазақтың жүрегіне жақын өлеңдеріне айналып, «Ғылым таппай мақтанба», «Өлең сөздің патшасы» және тәлімдік маңызы зор «Қара сөздерінің» бүкіл адамзаттың рухани байлығына айналғаны туралы сөз етті. «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Қожамұрат Айдос,  кітапхана қызметкері Әбсаттарова Сафура  Абайдың  «Қара сөздерін» оқыса, жас ақындар Мәлік Оралхан, Қанибай Оралбек, Есқара Бағлан «Абайға арнауларын» оқыды.Іс-шараға қатысушы жас жеткіншектер Абай өлеңдерін, қара сөздерін нақышына келтіріп орындап, көпшілік оқырманға  Абайдың шығармаларын  тарту етті.

men Abaidy okimyn2

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Рәміздер