

ЖАС ОТАН ТӨРАҒАСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА !!!
Бүгін "Nur Otan” партиясы "Jas Otan” жастар қанатының төрағасы Е. Бейсенбаев іс сапармен Жалағаш ауданында болды.
Алдымен Аудандық кітапхананың коворкинг орталығында данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Қазақ халқының сөнбес жұлдызы" атты әдеби танымдық кеші болып өтті. Кеште ЖИАК студенттері дана ойшылдың қара сөздері мен өлеңдерін оқыса, ауданның мектептерінен келген мұғалімдер ақынның өмір жолы мен поэмаларын талқылады.
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірінен үлгі алу, ақынның даналығын, рухани асыл - мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.