Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Кешкі кітапхана әлемі

 
 
 
 
                              4                     
 
 
 
23 сәуір- Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне, 2022 жыл-Балалар жылының ашылуына «Кешкі кітапхана әлемі» атты мәдени акциясы өткізілді. Мақсаты - кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту. Мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Еспенбет Жасұлан Ерданұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Мәдени акция қатысушыларына қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. «Кел, досым кітапханаға» флеш-мобымен басталып, «Рамазан шапағаты», «Этноауыл», «Күй–керуен» «Мұрагер» домбыра үйірмесінің күй шашуы, спортшылар ауылы, «Ән салайық кел, достар!» караоке шоу, «Аква грим» сурет салу, «Кітапты таны да сыйыңды ал» сұрақтар ойыны, «Балалар әлемі» көрме иллюстрациясы, «Таңғажайып ертегі» атты ертегі шоу, «Қырық мысал» зияткерлік сайысы, «Қарақұрттар қақпасына» ойын-саяхат, «Рахмет саған кітапхана» тілек ағашына тілек жазуымен қорытындыланды. Іс-шараға демеушілік жасаған: «Балалар әлемі» дүкені иесі Раушан Әширбекова, «Қаракөз» сауда дүкені иесі Сәуле Ильясова, «Тәтті» наубайхана иесі Айгерім Гаюпова, «ИПАлдияр» иесі Айдана Әлмағанбет Жұматайқызы, «Айбибі» сауда дүкені иесі Жансая Шекерова, Шәймен Абдиев, Мехран Жолмырзаев, Ерболат Төлегенов, Қадырхан Әлібековтерге шын көңілмен алғыс білдіреміз.

Пікір қалдырыңыз

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Рәміздер