Биыл қазақ өнерінің негізін салушы Темірбек Жүргеновтың туғанына – 125 жыл толды. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен республиканың барлық аймағында, мемлекет қайраткерінің мерейтойы атап өтіледі. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен түркі әлемінде 2023-ші жыл Жүргенов жылы болып жарияланған еді.Темірбек Жүргеновтың өмір жолы дәл осы «Комиссар Жүргенов» романда баяндалады. Оның өскен ортасы, ел игілі үшін жасаған жанқиярлық ерлігі мен қуғын-сүргінге түскен отбасының ахуалы баяндалады.