Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Камал Бердәулетовтің 100 жыл толуына орай "Тұғыры биік тұлға" атты тарихи сағаты өткізілді.
Бердәулетов Камал Аққыр совхозының негізін салушы, алғашқы қазығын қаққан ел басшысы.1923 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келді.1942 жылы мектепті бітірген соң майданға аттанып,ауыр жарақаттан соң елге оралған.Камал Бердәулетовтің соғыстан кейінгі өмірі аудан, облыс халқының көз алдында,ел экономикасын нығайтуға шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына арнады.Колхоздарды ірілендіру,жаңадан шаруашылықтар құру,ауылшаруашылығы басқармалар басшылығы қызметтерін абыроймен атқарды.Камал Бердәулетов Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,"Іздегенге резерв көп","Ұрпағыма ұлағат","Ата жұрт","Бұқарбай батыр" және тағы басқа бірнеше кітаптардың авторы.Қызылорда облысының құрметті азаматы, бірнеше мемлекеттік наградалардың иесі, 12 жылға жуық Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.