Аудандық кітапхана қызметкерлері Ш. Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепке барып "Қаһарман қыз Хиуаз" атты Буккроссинг акциясын өткізді. "Оқы және өзгеге ұсын" қағидасына негізделген буккросинг Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жылдығына арналады.
Қазыбек би 355 жыл. Қоғам және мемлекет қайраткері өзінің шешендік өнерімен елге танымал болған, көшпелі халықтың саяси өміріне белсенді түрде қатысқан қазақтың ұлы билерінің бірі, Қаз дауысты Қазыбек бидің ерлігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған "Қара қылды қақ жарған " атты ақпараттық шолуды ұсынамыз.
Қоғам қайраткері, қазақстанның тұңғыш прокурор Сүлеймен Есқараев-125 жыл. Сталиндік зұлмат жылдардың қанды тырнағынан құтылып кете алмаған, жұлдыздай жанып сөңген қазақтың асыл тұлғаларының бірі, Қазақстанның тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Халқына қалаулы қайраткер» атты онлайн шолуды назарларыңызға ұсынамыз.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай аудандық кітапханада «Тұлға.Елбасы.Тарих» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шараға ішкі істер қызметкерлері қатыстырылып, Президент жолындағы әрбір жасаған қызметтері туралы ой-пікірлерімен бөлісті. «Елбасы жолы – жаңа тарих» атты кітап көрмесі қойылды. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпаққа түсіндіру.
ЖАС ОТАН ТӨРАҒАСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА !!! Бүгін "Nur Otan” партиясы "Jas Otan” жастар қанатының төрағасы Е. Бейсенбаев іс сапармен Жалағаш ауданында болды. Алдымен Аудандық кітапхананың коворкинг орталығында данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Қазақ халқының сөнбес жұлдызы" атты әдеби танымдық кеші болып өтті. Кеште ЖИАК студенттері дана ойшылдың қара сөздері мен өлеңдерін оқыса, ауданның мектептерінен келген мұғалімдер ақынның өмір жолы мен поэмаларын талқылады. Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірінен үлгі алу, ақынның даналығын, рухани асыл - мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАЛАРДА "ПАРАСАТ ЖОЛЫ"ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ! Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің бастауымен "Парасат жолы" орталығы республиканың барлық кітапханаларында "Парасат жолы" өңірлік орталығының ашылуы аясында бүгін ауданның 18 кітапханасында "Парасат жолы" орталығының ашылуы онлайн форматта Zoom платформасы арқылы ашылды. Шараға кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева, аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Мұса, аудандық дін істері жөніндегі бөлім меңгерушісі А.Байқабылов әділдіктің қоғам өмірінде алатын орны туралы пайымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды. Жобаның мақсаты - адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру болып табылады.