Болашақ ұрпаққа өнеге болар ерлік пен батырлықтың шежіресі болған Ұлы Жеңіс күніне оқырмандарға "Жеңіс - ерліктің дастаны" тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды. Мақсаты жас оқырмандарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, соғыс жылдарында Қазақстан халқының майданда көрсеткен еңбегін насихаттау, ардагерлерді ардақтау.
2022 Балалар жылында "Дара бала" жобасы аясында 9 мамыр - Жеңіс күніне өткізілетін "Қазақстандық батырлар портреті" байқауының мақсаты Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Соғыс ардагерлерін құрметтеп, ардақтау. Қаһарман бабаларды үлгі тұту. Суреттеу арқылы балаларды шығармашылыққа баулу, өзіндік қабілетін қалыптастыру.

Биылғы 2022 жыл "Балалар жылы" аясында, аудандық кітапханадағы "Еnglish club" үйірмесі "Travel and tourism" тақырыбындағы, мемлекеттік тулар және олардың тарихы туралы, ойын сабағы өтті. Мақсаты: іскерліктерін, дағдыларын және біліктіліктерін дамыту.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық- бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз.
Қасым- Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев жаңа барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады. Балалар жылына орай балалар әдебиеттерін насихаттау мақсатында Аққұм онлайн кітапханасында "Балаларға базарлық", "Балалар бағының бағбандары " атты кітап көрмелері ұйымдастырылып оқырмандарымызға таныстырылуда. Көрмеге балаларға арналған классик жазушылардың туындылары, халық ауыз әдебиеттері, балалар энциклопедиясы және бүлдіршіндерге арналған ертегі кітаптар қойылды. Мақсаты: оқырмандарымызды кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге тіл байлығын арттыруға үйрету.

