"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, түрколог, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, "Алаш" партиясының көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына "Тілді танып, білімге бойлайық" интеллектуалды сайысы 8 сынып оқырмандарының арасында өткізілді. Ұлт жанашырының өмірі мен қызметін,
\хжэ\хжэ шығармашылығын жас оқырмандарға насихаттау мақсатында өткізілген шарада
І орынды З.Жарқынбаев атындағы N202 мектебінің "Жеңіс" тобы.
ІІ орын Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің "Әл-Фараби" тобы.
ІІІ орын Ш.Ермағанбетова атындағы N246 орта мектебінің "Алғырлар" тобы мен Т.Жүргенов атындағы N123 мектеп-лицейінің "Жігер" тобы иеленді.
2022 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, түрколог, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, "Алаш" партиясы көсемдерінің бірі, "Қазақ" газетінің ұйымдастырушысы әрі редакторы, репрессиялық қуғын-сүргін құрбаны, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл толады.
Биыл "Бір ел - бір кітап" акциясы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады.
Акция бойынша еліміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:
- Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы;
- Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары;
- Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері;
- Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану.
Ұлттық әдебиетіміздегі көрнекті тұлғаның саналы ғұмырын, есімі мен еңбегін жас оқырмандарға насихаттау мақсатында "Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға" виртуалды шолуын ұсынады.
ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл
Өрелі тарихымызда батырлар мен ақындарды дүниеге әкелген, ақылымен ел билеген және айбатымен жау қашырған аналар-қай кезде де қоғамның бағы мен бақыты, тірегі мен жүрегі, арманы мен жауапкершілігі бола білген. Қазақ-қызын қадірлеген, анасын ардақтаған халық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың:«Әйел - ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы әйел азаматтардың қолынан өтеді» деген сөзі әрқашанда баршамыз үшін үлкен тағылым.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қаракеткен елді мекенінде ауылсовет төрайымы болып қызмет еткен Шәменова Ақшонық Аханайқызының 100 жылдығына арналған " Өнегелі шаңырақтың анасы " атты ақпараттық сағатты назарларыңызға ұсынамыз.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтерген құндылық біздің қасиетті тұмарымыз. Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі құндылық.
Тәуелсіздіктің туын көтерген күн әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді.
Қайраттай қайсар жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың нәзік үнімен, боздағын жоқтаған ананың зарымен, ұландарына ақ тілекті бабалардың батасымен келген күннің құдіретін ұғыну мен Ербол, Сәбира сынды қыршын жастардың рухына бас ию мақсатында балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Желтоқсан оқиғасы -Тәуелсіздік бастауы" тақырыбымен әдеби кеш өткізілді.
ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жастарды сөз маржандары арқылы Отансүйгіштікке ,имандылыққа ,білімді , өнерлі болуға ,тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында "Өлең -сөз маржаны "атты онлайн оқуларын назарларыңызға ұсынамыз.
ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл
"Парасатты жол" орталығы аясында, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жастарды білімге бағыттыу, рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында "Болашақтың мақтанышы — жастар" атты виртуалды шолуды ұсынады.
"Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды" дегендей, жас ұрпаққа мән— мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабы, Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабалармыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл.
"Парасат жолы" орталығы аясында аудандық кітапханада жастардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, Заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - парызымыз" атты полиция қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар - ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру, басты назарда болып табылады.