-
-
Категория: е-Кітап
-
Опубликовано: 24 августа 2017
-
Просмотров: 697
Жалағаш аудандық кітапханаға 2017 жылдың
шілде айында түскен жаңа кітаптардың
тізімі
***Қоғамдық саяси әдебиеттер***
Бейісбай С.
Бір жұтым ауа:эссе, мақалалар, сұхбаттар.-Алматы.-2017.-288 б.
«Бір жұтым ауа» белгілі қаламгер С.Бейісбайдың қаламынан туған шығармалардың жинағы. Ол өзі көрген, куә болған оқиғалар туралы тартымды баяндайды. Автор өз шығармашылығы арқылы тәуелсіз Қазақстанның өзіндік шежіресін жасайды.
Зергерлік өнер әлемі.Мир ювилерного искусства.The world of jewelry.-Алматы:Қазақпарат.-2017.-246 б.
Кітапта қазақ зергерлік өнерінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі бірқатар озық үлгілері мен байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен бүгінгі белгілі қолөнер шеберлердің туындылары қамтылған.
Құлымбетов Ұ.
Материалдар мен құжаттар жинағы.Құраст: С.О.Смағұлова.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2017.-416 б.
Кітапқа Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің туындылары мен оның тағдырына арналған құжаттық материалдар топтастырылып отыр.
Нұрмахан Оразбек./Құраст.:Гүлсім Оразалықызы.-Алматы.-Қазақстан.-2017.-368 б+16 бет фотосуреттер.
Бұл кітап қазақ баспасөзінің қара нары, білікті аудармашы, жалынды журналист Нұрмахан Оразбектің өмірі мен қызметіне арналған.
Салғараұлы Қ.
Қазына:Ой-толғамдар, мақалалар.-Алматы:Каратау КБ.-2017.-384 б.
Қойшығара Салғараұлының бұл еңбегі қазақ халқының тарихын халықтың өз таным-түсінігі негізінде қайта пайымдаудың қажеттілігін, халықтың ауызша тарихының деректерін жазба дереккөздерімен салыстыра зерделеу арқылы оқырманды шынайы төл тарихымен табыстыруға болатынын, жазба дереккөздерінде жоқ деректердің халықтың тілінде сақталып қалатынын жан-жақты дәлелдейді
***Тіл білімі***
Айтбайұлы Ө.
Тілтірек:Ой-толғамдар, мақалалар.-Алматы:Каратау КБ.-2017.-384 б.
Бұл кітабы өмірін қасиетті ана тіліміздің тағдырына арнаған жан тебіренісі.Ол мәдениет, қоғам қайраткерлері туралы сөз қозғаса да, білім, ғылым, өнер туралы толғанса да немесе автор туралы замандастары сөйлесе де қасиетті ана тіліміздің тағдыры тілге тиек етіледі.
Бердібай Р.
Он томдық шығармалар жинағы.Т.1:Эпос - ел қазынасы.-Алматы:Дәуір.-2017.-320 б.
Он томдық шығармалар жинағының бірінші томында халықтың рухани қазынасы болып табылатын эпостар мен қисса – жырлардағы дәстүр мен жаңашылдық проблемаларын кеңінен талдаған зерттеулерге кең орын беріліп, халық ауыз әдебиетінің эпикалық сипаты ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданады.
Жамбыл Жабаев:Фотоальбом./Жинақты құрастырған В.Титенев.-Алматы:Тау-Кайнар.-2017.-188 б.
Суретті кітапқа Жамбылдың қазақ-орыс тілдеріндегі поэтикалық шығармаларының қазақтардың тұрмысы, Ұлы Отан соғысы, ақынның өміріне, республика өмірі мен белгілі айтыстарына арналған негізгі бөлімдерден тұратын топтамалары енгізілген.
Тілепов Ж.
Ел мүддесі – ерлер еншісі.Ғылыми зерттеулер.Үш томдық шығармалар жинағы.-Т.2.-Алматы:Дәуір-Кітап.-2017.-384 б.
Екінші томға ғалымның Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қыдан тайшы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет,Нарымбет тағы басқа ел мүддесі үшін еңіреп өткен күрескер жыраулар мен ақындардың шығармашылығын қазақ елінің тарихы мен тағдырына байланыстыра отырып зерттеген ғылыми туындылары енген.
***Көркем әдебиет***
Ақылай С.
Өлең-ғұмыр:Өлеңдер, поэмалар, аудармалар.-Алматы:Каратау КБ.-2017.-288 б.
Ақын Сәнді Ақылайдың «Өлең-ғұмыры» жыр әлеміндегі екінші кітабы. Алғашқы жинағы 2003 жылы «Рух патшалығына саяхат» деген атпен жарық көрген.
Алпамысқызы Н.
Ғұмырдың кемел шағы бар:Өлеңдер.-Алматы:Каратау КБ.-2017.-288 б.
Ақын Нәзікен Алпамысқызының 80 жылдық мерейтойына байланысты оның шығармашалығы жайлы халқымыздың белгілі ақын-жазушыларының әр жылдары жазған пікірлері де осы кітапта беріліп отыр.
Асабаев З.
Замана тынысы:Очерк, эссе, көсемсөз, естеліктер.-Алматы.-2017.-384 б.
Зәкір Асабаевтың әдебиет пен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен қоғамдағы толассыз жүріп жатқан құбылыстар жайында жазған очерк, суреттеме, эссе, естеліктері оқырманын бей-жәй қалдырмайтыны анық.Кітапта күллі бір кзең, дәуір, халықтың бастан кешкен елеулі оқиғалары суреттеледі.
Әбділдәұлы О.
Ана сүті.-Алатау.-2017.-480 б.
Қым-қиғаш тіршілікте әр алуан тағдыр кешіп жүрген үлкенді-кішілі жұмыр басты пенделер көңіл-күйіндегі қуаныш пн ренішті, шаттық пен шарасыздықты арқау еткен шағын-шағын шығармалар шоғыры қалайда ой тереңіне сүңгітеді, қилы-қилы қызғылықты оқиғаларға ортақтастырады.
Әлім Қ.
Безінген ләйлек: Хикаяттар, әңгімелер, пьеса, эсселер, сапарнама.-Алматы:Ана тілі.-2017.-480 б.
Жазушының бұл кітабына таңдамалы шығармалары топтастырылған.Автор әңгімелері мен эсселерінде ұлттық құндылықтарды, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді, махаббат, достық, адалдық ғибраттарын мазмұнды әрі шыншыл кестелеген.
Балғабаев С.
Алтын сағым:Үш томдық шығармалар жинағы.-Алматы:Ан-Арыс.-2017.-Т.2.-400 б.
Жинақ екі бөлімнен тұрады.Жинаққа енген шығармалардың тілі құнарлы, көркем сөздерге, оралымды ой-тіркестерге бай, оқырманның тұшынып та түсініп те оқуына жеңіл.
Бекмұратұлы С.
Сүмбіле жұлдыз туғанда:Өлеңдер, балладалар, поэмалар.-Алматы:баспа.-2017.-288 б.
Сәрсенбек Бекмұратұлының бұл жинағына тәуелсіз елімізге, ана тілімізге, ділімізге, дінімізге, Отанды сүюге арналған өлеңдері арқау болған.
Досанов С.
Тәуелсіздік толғауы.Көсем сөз, көркем сөз.-Алматы:Каратау КБ.-2017.-384 б.
Сәбит Аймұханұлы Досановтың бұл кітабындағы шығармалар – Тәуелсіздік жылдарының көркем шежіресі.
Иманасов С.
Шығармалар жинағы.-Алматы.-2017.-Т.5.-480 б.
Ақынның таңдамалы шығармалар жинағының бесінші томына оның қаламдастары мен замандастары жайлы жазылған эсселері мен пайымдаулары, арнау өлеңдері еніп отыр.
Кеңесбай Т.
Ойшоғыр:Повесть, әңгімелер.-Алматы.-2017.-288 б.
Талғат Кеңесбаев «Ойшоғыр» повесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғамның қалыптасу кезеңін және адамдардың қарым-қатынасын, бауырмалдылығын суреттейді.
Қаңтарбаев Ә.
Жұлдыздар сөнбейді: Новелла, әңгімелер, көркем очерктер, публикациялар.-Алматы:ЖК Баспа.-2017.-338 б.
Бұл шығарма – жазушы Ә.Қаңтарбаевтың әр жылдары жазылған шығармаларының жиынтығы.Жинақтың соңғы бөлімінде қазақтың әдебиеті мен өнерінің біртуарларымен жүргізілген сұхбаттар, көркем очерктер берілген.
Құлыяс Т.
Таңдамалы.Үш томдық.-Астана:Фолиант.-2017.-Т.2.-392 б.
Бұл кітабында халқымыздың басынан өткен аштық, қуғын-сүргіннің ауыр зардаптарын, сталинизмнің қанды қасабын құнарлы тілмен, бұлтартпас құжаттармен шынайы баяндаған.
Мерекенова Б.
Тағдыр:Роман, әңгімелер.-Алматы:Ан-Арыс.-2017.-272 б.
Жазушы Бақыт Мерекенованың «Тағдыр» атты төртінші кітабында замандастарымыздың өмірі кеңінен суреттелген.
Мұртаза Ш.
Соғыстың соңғы жесірі.Әңгімелер.-Алматы:Атамұра.-2003.-256 б.
Қазақстан халық жазушысы бШ.Мұртазаның ұл жинағына оның әр жылдары жазған әңгімелері топтастырылған.
Нысаналин А.
Сыңғыр.-Алматы:Қаламгер.-2017.-285 б.
Кітап екі бөлімнен тұрады. Екі ғасыр тоғысындағы поэзия жанрындағы проблемалар тілге тиек етіліп, рухы көкжиектер көкселеді.
Оспанов М.
Айшуақ:Өлеңдер, балладалар, поэмалар.-Алматы.-2017.-288 б.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, белгілі ақын М.Оспанвтың бұл кітабына енген өлеңдері көпшілікті ой тұңғиығына жетелейді.
Раисова Б.
Кәусар дүние:Өлеңдер, аудармалар, толғаулар, поэмалар.-Алматы.-2017.-288 б.
Бұл жинағына лирикалық өлеңдерімен қатар, ел тәуелсіздігіне арналған толғау, поэмалары еніп отыр. Ақынның жырлары шынайылығымен ерекшеленеді.
Сәрсенбай О.
Жылдар, жылдар...-байлығым.Әңгімелер, повестер, өлеңдер.-Алматы:Қайнар баспасы.-2017.-400 б.
Бұл кітабына әңгімелер, повестер, өлеңдер деген айдармен жұртшылық жақсы қабылдаған бірқатар әңгімелері, повестері және екі поэмасы енгізілді.
Тоқаев К.Шығармалары:роман және повестер.-Алматы:Ана тілі.-2017.-Т.1.-384 б.
Кемел Тоқаев – соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолынашқан қаламы қарымды қаламгер. Оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы көптеген роман, повестерімен, қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламгердің көп томдығының бірінші кітабына «Солдат соғысқа кетті» романы мен «Түнде атылған оқ», «Тасқын» повестері берілді.
Тоқтасынұлы Е.
Бауырым-ай.Роман.-Алматы:Қаламгер.-2016.-342 б.
Бұл кітап Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы – айтулы мерекеге орай шығып отырған, қазақ әдебиетіндегі спорт тақырыбына арналған тұңғыш роман. Еңбекте спорт нұсқаушысы мен күрес бапкерінің өмірі, шәкірттері, жарыстар, саламатты өмір, мөлдір махаббат, қарт Қаратаудың әсем табиғаты айрықша әсерлі баяндалады.
Ұзақов Б.
Құлама құз, қара жер:Әңгімелер, әдеби эсселер.-Алматы:Баспа.-2017.-320 б.
Жазушы Бегабат Ұзақов өз шығармаларында адалдық пен опасыздықтың, әділет пен қиянаттың, мәрттік пен нәмәрттіктің егесін суреттеу арқылы ой толғап, тың тұжырымдар жасайды.
***Өнер***
Сын сардары:Естеліктер.Құрас.:Күләш Сығай.-Алматы:Каратау КБ ЖШС;Дәстүр.-2017.-384 б.
Бұл кітапта Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз «Платиналы тарлан» сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау, Түркістан қалаларының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері, профессор Әшірбек Сығай туралы әріптестері мен достарының, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері топтастырылған.
Ахметов Т.
Родник у озера:Роман, детективные истории.-Алматы:Раритет.-2017.-400 с.
Досанов С.
Хранители сокровенного:Документальная проза, художественная проза.-Алматы:ИП «Баспа».-2017.-384 с.
Синельников М.
Семиречье:Казахские мотивы, переводы.-Алматы:ТОО Карата КБ.-2017.-320 стр.
Токаев К.К.
Векторы внешней политики.-Алматы:ИД Жибек жолы.-2017.-Т.3.-500 с.