- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 03 июля 2017
- Просмотров: 839
Жалағаш аудандық кітапханаға 2017 жылдың
маусым айында түскен жаңа кітаптардың
тізімі
***Қоғамдық саяси әдебиеттер***
Әбсадықов А.
Қазақ хандығы және тарихи аңыздар:зерттеу мақалалар.-Алматы:Айғаным.-2017.-342 б.
Бұл кітапқа ХV-XIX ғасырдағы тарихи оқиғалар мен ел билеген жандардың, билердің қазақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы өлшеусіз қызметінің, батырлардың ерен ерліктерінің тарихи жыр-аңыздарда қалай көрініс тапқаны өзек болған.
Бейсенбайұлы Ж.
Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері.-Алматы:ҚАЗақпарат.-2017.-400 б.
Кітапта Ұлы даланың ежелгі тарихына қатысты кейінгі жылдарда жүргізілген этномәдени, археологиялық, генеалогиялық, этимологиялық және т.б. зерттеу нәтижелері сарапталып, аталған алып аумақта өркен жайған байырғы мәдениеттердің иелері, осы ұлан-ғайыр кеңістікті талай мыңжылдықтар бойы мекен еткен тұрғылықты жұрттар екендігі дәйектеледі.
Бөкейхан Әлихан
Шығармалары.-Астана:Сарыарқа.-2017.-Қазақша, орысша.-Т.3.-2017.-616 б.
Бұл томда 1903-1905 жылдары «Степной край» газеттерінде жарияланған мақалалар, корреспонденциялар, қазанама (некролог), жеделхаттар, «Щербина экспедициясының» материалдарының 6 томы қамтылды.
Жұмабайқызы Г.
Өмір өткелдері.-Алматы:Керемет медиа».-2017.-416 б.
Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде «Өмір өткелдері» айдары бойынша жарияланған материалдары топтастырылған.
Қазақ салт-дәстүрлері.Құраст.Әлихан Тауұлы.-Алматы:Балауса.-2017.-384 б.
Кітапқа енгізілген ұлттық салт-дәстүрлеріміз бабалардан қалған асыл мұрамызды қастерлей білуге, күнделікті өмірде қолданып, игілігін көруге мол септігін тигізері хақ.
Қорабай С.
Қазақтың сал-серілері:танымдық жинақ.-Алматы:Айғаным.-2017.-216 б.
Жинақта қазақ халқы мәдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы – сал-серілік өнердің қыр-сыры туралы ғұлама ғалым, академик Ә.Марғұланның, көрнекті фольклортанушы – ғалым Е.Ысмайловтың және басқа ғалымдардың зерттеулері мен пікірлері, ақындық, сазгерлік, әншілік қасиеттерімен дараланған, жүйрік баптап, құс салған әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі әнші, күйші, сегіз қырлы, бьір сырлы талант ерекшеліктері туралы мақалалар берілген.
Омарбеков Т.
Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны.-Алматы.-2017.-342 б.
Талас Омарбековтің бұл жинағына қазақ халқы мемлекеттігінің негізі болып табылатын – ежелгі түркі қағанаттарының тарихы жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр.
Ұлы дала елі.-Алматы:Сардар.-2017.-240 б.-Қазақша, орысша, ағылшынша.
Бұл кітапта халықтың жадында көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған.
***Әдебиеттану***
Қамзабекұлы Д.
Алаш арқауы (зерттеу мақалалар).-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2017.-408 б.
Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі – Алашқа арқау болған құбылыстар, тұлғалар, ұйымдар, жиындар, ізденістер, оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр.
Қорабай Серікқазы.
Нәрлі тамырлар:ғылыми зерттеулер мен мақалалар.-Алматы.-2017.-342 б.
Бұл жинақта қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихының түрлі кезеңдерінен терең сыр шерткен көкейтесті мәселелер мен бұрын жарияланбаған армян жазуындағы «Дана Хиқар хикаясы», «Құмандар кітабы» сияқты ортағасырлық қыпшақ әдеби жәдігерлері туралы кеңінен сөз болады, Абайдың әдеби мектебі туралы да жаңаша пайымдалады.
Сарбалаұлы Бақыт
Бесік жыры – басты жыр.-Алматы:Айғаным.-2017.-380 б.
Сыншының бұл кітабы қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті маңызды мәселелерін қозғайды. Әдебиеттегі сүреңсіздікке, теңгермешілікке қарсы күрес аша отырып, жас, орта буын өкілдерімен қатар беделді қаламгерлерімізбен де батыл полемикаға барады.
Сәттібайұлы Көсемәлі
Шамаң келсе, шындықты айт!?:эсселер, сұхбаттар.-Алматы:Қаламгер.-2017.-387 б.
Кітапта белгілі қоғам қайраткері, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртаза туралы көркем тілмен қағазға түсіріпті.
Тұлғалар тұғыры.-Алматы.-2017.-285 б.
Кітапқа әйгілі Қордай асуының күңгей теріскейінде өніп-өсіп жатқан ұрпақтардың ұраны болған, Жетісу мен Шу бойындағы Алашқа даңқы жайылған тарихи төрт тұлға жайлы атақты жыраулар, белгілі қаламгерлер мен әдебиетші-ғалымдар әр кезеңде айтқан дастандары мен зерттеу мақалалары топтастырылған.
Ісімақова Айгүл
Алаш әдебиеттануы.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы.-2017.-480 б.
Бұл еңбегінде ХХ ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған.
***Көркем әдебиет***
Әбдіразақов Бекен
Шығармалары. 5 томдық.-Алматы:Хантәңірі.-2017.-Т.1.-380 б.
Бұл жинаққа автордың кезінде қалың оқырман қауым мен әдебиет сыншылары жылы қабылдаған «Тұңғыш кітап», «Махаббат мекені», «Ғашық жан», «Өмір мен көңіл» атты кітаптарындағы өлең-жырлары, балладалары, толғау-дастандары, поэмалары еніп отыр.
Әкімқұлов Еркінбай
Немере.-Алматы:Қаламгер.-2017.-285 б.
Жазушының жинағына кезінде оқырман қауымының жылы ықыласына ие болған бір топ хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр.
Әріп Ғалым.
Алматы ғазалдары:Өлеңдер.-Алматы:Келешек.-2017.-344 б.
Қаламгердің бұл кітабына әр жылдары жарық көрген туған жер, курстас достары, дәріс берген ұстаздары, жастық шағы өткен Алматы қаласы туралы өлеңдері енді.
Дәулетбаева Әлия
Жан дауыс:Өлеңдер.-Алматы:Айғаным.-2017.-190 б.
Жас ақын Ә.Дәулетбаеваның «Жан дауыс» кітабына жүрек жарды өлеңдерімен қатар «Орбұлақ», «Ай астында бір көл бар» дастандары енген.
Жайлауов Ө.
Өлеңмен өткен өмірім:Өлеңдер.-Алматы:Хантәңірі.-2017.-342 б.
Өкім Жайлауов жырларын оқып отырып көп нәрсеге көз жеткізе аламыз. Оның ақындық алымына, қаламгерлік қарымына, өлеңдерінің қисындық түзіліміне еріксіз деп қоясыз.
Жақыпбек Есенқұл
Өмір өтті... Таңдамалы.-Алматы.-2017.-288 б.
Бұл жинаққа Жетісудан шыққан айтулы айтыс ақыны, жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізбасары, қазақ өнерінің көгінде аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан дара дарын иесі ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең -жырлары еніп отыр.
Жандыбаев Ғұсман
Шығармалары.1-том.Өлеңдер.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы».-2017.-336 б.
Үш томдық шығармалар жинағының бірінші томына ақынның әр кезеңде жазған өлеңдері, сондай-ақ таңдаулы лирикалары енді.
Жұмағалиев Мұхамедия
Бақыты үшін басқаның:Өлеңдер, балладалар.-2017.-288 б.
Бұл кітапқа әр жылдары және соңғы кезде жазған өлең, балладаларының ең таңдаулылары енді. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы – заман, уақыт, дос-жаранға деген ыстық ықылас туралы.
Жүністегі Кәмел
Көгілдір күмбезі.-Алматы.-2017.-380 б.
Белгілі қаламгер К.Жүністегінің «Көгілдір күмбез» атты жинағына «Тағдырлы ауыл», «Қайрақты жайбарақат ағып жатқан» секілді әңгімелері еніп отыр.
Иса И.
Сағым дүние.-Алматы.-2017.-288 б.
Белгілі ақын Ибрагим Исаның «Сағым дүние» атты жинағына терең ойға, нәзік сезім иірімдеріне толы бір топ өлең-жырлары еніп отыр.
Мұратбеков Сайын
Таңдамалы.-Алматы:Айғаным.-2017.-1113 б.
Белгілі жазушы С.Мұратбековтің бұл таңдамалы шығармасына кезінде оқырманы жылы қабылдаған «Менің қарындасым», «Райгүл», «Бекеннің құбылысы», «Жабайы алма» хикаяты еніп отыр. Бұл туындылардың қай-қайсысында да адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамшылық ұғымдары ортаға тартылады.
Өтегенов А.
Боз жусан иіс боз далам.-Алматы.-2017.-400 б.
Басты кредосы - өз оқырманының жүрегіне отансүйгіштік сезімін егу. Елбасымыздың саясатын кеңінен насихаттайтын публицистикалар мен көркем топтама өлеңдер жазды.
Сәрсек Жарас
Жан - арымның жарығы.-Алматы:Айғаным.-2017.-342 б.
Бұл жинаққа әр жылдары жарық көрген өлеңдері, сұхбаттары еніп отыр. Сыршыл қаламгер қай шығармасында да оқырманымен ашық сырласа отырып, жан-дүниесін тербеткен ой-толғамдарымен бөліседі.
Сейдімбек А.
Шығармалары.-Алматы:Қаламгер.-2017.-1116 б.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сейдімбектің көзі тірісінде жарық көрген көркем туындылары мен очерктері беріліп отыр.
Табылды Әдібай
Таңдамалы шығармалары:13томдық.-Алматы:Азия Арна.-2017.-Т.3:Мектеп сахнасы.-384 б.
Кітап 11 скетч, 37 қойылымнан тұрады.
Табылды Әдібай
Таңдамалы шығармалары:13 томдық.-Алматы:Азия Арна.-2017.-Т.4:Айналайын балалар.-344 б.
Әдібай Табылды қазақ балалар әдебиетінің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп, уықтарын түгелдеп шығарған 41 кітабына ертегілер, пьесалар, скетчтер, жұмбақтар, айтыстар ендірді.
Томанов Серік
Соғады сен деп жүрегім (Өлеңдер, балладалар, поэмалар).-Алматы.-2017.-260 б.
Бұл кітабына оның құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмырында жазып үлгерген таңдамалы жауһар жырлары топтастырылған. Ақын жыр сүйер қауымды өзімен бірге ойлантады, қуантады, мұңайтады, рухтандырып, шабыттандырады.
***Өнер***
Құлбаев Игілік
Біз қонақжай елміз.-Алматы:Асыл сөз.-2017.-200 б.-қазақша, орысша, ағылшынша.
Альбом белгілі қазақ суретшісі – Игілік Құлбаевтың шығармашылығына арналған.
Тайжанов А.
Парыз бен пайым.-Алматы.-2017.-380 б.
Кітапта қазіргі заман тұрғысынан жаһандану тұсындағы Тәуелсіз елдің рухани-мәдени құндылықтары, тәрбиесі мен білімі, ұлттық болмысы мен тарихи санасы, ұлттық танымы мен тағылымы, дүниетанымы сөз болады.
***Орыс тілінде***
Ауэзов М.М.
Времен связующая нить.-Алматы:ИД Жибек жолы.-2017.-760 с.
Павленко Т.
Шиповник цветет... повести, очерки, рассказы.-Алматы:Асыл сөз.-2017.-424 с.
Яшкурова О.
Жизнь без прикрас;худ.литература.-Алматы.-2017.-342 с.