Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Жалағаш аудандық кітапханаға 2022 жылдың желтоқсан айында түскен жаңа кітаптардың тізімі

*Қоғамдық-саяси әдебиеттер*

 Фазылжанова Анар Мұратқызы

Сөз сазы және интонаци (эксперименттік-фонетикалық зерттеу). «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022.-208 бет.

Еңбекте қазақ сөз сазы (просодикасы) мен интонациясының, тіл жүйесіндегі орнын, құрылысын, бірліктерін, осы бірліктердің өз ішіндегі және өзара байланысын ашып көрсететін суперсегментті фонекикаға қатысты құрылымдық бағыттағы ізденіс нәтижелері берілді.

***Өнер***

Теменов Талғат

Беймәлім таныс бейнелер/ Т.Теменов.-Астана: Фолиант, 2022.-304бет.

Бұл кітапқа Қазақстанның халық артисі, көрнекті кино және театр режиссері, профессор, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Талғат Досымғалиұлы Теменовтің өнер мен мәдениет, әдебиет саласының тұлғалары және қоғам қайраткерлері туралы әр жылдары жазылған жүрекжарды портреттік мақалалары, шығармашылық кескіндемелері, сұхбаттар, тағы да басқа толғамдары еніп отыр.

Жалағаш аудандық кітапханаға 2022 жылдың қараша айында түскен жаңа кітаптардың тізімі

*Қоғамдық-саяси әдебиеттер*

Шаймерденұлы Е.

Елтаным. Тарихи-философиялық рәмізбаян. / Ербол Шаймерденұлы.-Алматы: «SUNSHINE plus», 2022-320 бет.

Ел-ұлттық дүниетанымымыздағы ұлы ұғымдардың бірі. Арғықазақ сөзінен бастап күні бүгінге дейін еш өз өзгеріссіз қауым, қанағат, ел-жұрт, Отан, мемлекет мағынасында қолданылып келеді. Елдік мінез, елдік дәстүр, елдік мұрат, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді рухани құндылықтардың өзегі де-осы сөз, осы ұғым. Кітап ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты ғылыми- көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік және отаншылдық сезімдерін оятуға бағытталған.

Әлпейісова К.А.

Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп... (Ешқашан ескірмейтін мәселелер туралы ой-толғамдар) /Камал Әлпейісова-Алматы: «Дәуір», 2022.-240 бет.

Кітапта филологи ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Камал Әлпейісованың ешқашан құны жоғалмайтын өзекті мәселелер: отбасылық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі, ана тілдің мерейі, ауызбіршілікте өмір сүру туралы ой-толғамдары жинақталған.

*Қоғамдық-саяси әдебиеттер*

Зиманов Салық

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы және Бөкей хандығы/ Салық Зиманов.-Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2022. 1-том.-480 бет.

Көрнекті ғалым, академик Салық Зимановтың (1921-2011) «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы және Бөкей хандығы» монографиясы орыс тілінде 1958 жылы жарық көріп, 2009 жылы қайта басылған болатын. Зерттеуде Қазақстандағы көшпенді мал шаруашылығының ерекшеліктері, қазақтардың қоғамдық қатынастарындағы патриархалды-рулық жәдігерлердің рөлі мен орны туралы мәлімделген.

Молтобарова К.И.

Мәдениеттану /Молтобарова К.И.- Алматы,- «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022.-480 бет.

Бұл еңбекте ғылыми және оқу пәні ретіндегі мәдениеттанудың мазмұнын құратын әлемдік және ұлттық мәдени үрдістердің заңдылықтары, адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен құбылыстары, негізгі мәдениет институттары және олардың арақатынасы, әлемдік және отандық ұлы ғұламалардың мәдениеттанушылық ойлары қарастырылған.

Қабиқызы Сара.
Открытый космос Талгата Мусабаева / С.Қабиқызы. – Нур – Султан: Фолиант, 2020. – 264с.

Книга «Открытый космос Талгата Мусабаева» является дополненной версией документальной повести автора «Знак равенства» и рассчитана на массового читателя.

Ақжан Әл – Машани
Әл – Фараби көпірі – Алматы: «Алатау» баспа – полиграфиялық корпорациясы, 2020. – 872 бет.

Әл – Фарабиді дүниежүзіне танытып, оның Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екенін алғаш дәлелдеп, он бір ғасырдан соң ұрпағымен қауыштырған, тұңғыш Фарабитанушы, бұл ілімге оған бүкіл ғұмырын арнаған қазақтың ғұлама ғалымы Ақжан Әл – Машанидің бұл кітабына атақты «Фараби» романы мен «Әл – Фараби және Абай», «Әл – Фараби және музыка», осы секілді ғалым еңбектеріне жан – жақты талдау жасаған мақалалары енді.

Естеліктегі Алаш. Ғылыми – танымдық басылым. Құрастырған, алғысөзін және түсініктерін жазған С.Б. Жұмағұл. – Нұр – Сұлтан: «Алашорда» Қоғамдық қоры, 2020. – 488 б.
Кітапта Алашорда қайраткерлерінің мемлекетшілдік сана биігіндегі жасампаздық ғұмырларының тарихи тағылымына бойлататын түрлі жанрдағы естеліктерден үзінділер берілген.

Шәлекенов У.Х.
Ғылыми еңбектер. Төртінші том. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2020. – 568 бет.
Белгілі ғалым, академиктің ғылыми еңбектерінің төртінші томына Қазақстан археологиясы мен этнологиясына ұзақ жылдық зерттеу еңбектері енді. Жинақ екі кітаптан тұрады. Біріншісі «Ежелден түріктер отырықшы» деп аталса, екіншісі «Қазақ өркениеті» деп аталады.

Сұлтанова Сұлу – Шаш. Қызылорда, «Тұмар», 2013жыл, 120 бет.
Сұлу – Шаш Жахияқызының бұл жинағында көңілде жүрген қимас сезіміңді, арман – тілегіңді,өз мақсатыңды тапқандай сезінесің. Ақын сырларынан оның жандүниесінің тебіренісін түсінесің. Ақын өлеңдерінен адалдықтың, адамгершіліктің, мейірімділіктің нұры төгілгендей.

Смайыл А.
Тәңір соты/ Повестер мен драмалық шығармалар/. – Алматы:
«Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 256 бет.

Жазушының «Тәңір соты» атты жинағында кейінгі жылдары жазылған повестері мен драмалық шығармалары еніп отыр.
Қаламгер бұл еңбектерінде де өзіне тән көркем шеберлікпен адам бойындағы құбылыстардың психологиялық астарларын ашады.

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Рәміздер