Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Сұлтанова Сұлу – Шаш. Қызылорда, «Тұмар», 2013жыл, 120 бет.
Сұлу – Шаш Жахияқызының бұл жинағында көңілде жүрген қимас сезіміңді, арман – тілегіңді,өз мақсатыңды тапқандай сезінесің. Ақын сырларынан оның жандүниесінің тебіренісін түсінесің. Ақын өлеңдерінен адалдықтың, адамгершіліктің, мейірімділіктің нұры төгілгендей.

Смайыл А.
Тәңір соты/ Повестер мен драмалық шығармалар/. – Алматы:
«Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 256 бет.

Жазушының «Тәңір соты» атты жинағында кейінгі жылдары жазылған повестері мен драмалық шығармалары еніп отыр.
Қаламгер бұл еңбектерінде де өзіне тән көркем шеберлікпен адам бойындағы құбылыстардың психологиялық астарларын ашады.

Сарай Ә.
Ару Алматы. Пьесалар жинағы / Әнес Сарай. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 280 бет.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қаламгерлік жолында өз үні, өз қолтаңбасы айқын көрнекті жазушы, драматург Әнес Сарайдың бұл жинағына кейінгі жылдары жазылған сегіз пьессасы іріктелінді. Жинақ құрамындағы пьесалар тұңғыш рет кітап болып жарыққа шығып отыр.

Бейбіт Қойшыбаев
Ұлттық қозғалыс сарбазы. Б.Қойшыбаев – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 320 бет.

Жазушы, публицист, ғалым Бейбіт Қойшыбаевтың «Ұлттық қозғалыс саразы» атты рисәләсінің басты кейіпкері – ХХ ғасырдың басындағы көрнекті қоғам қайраткері Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев.
Бұл тарихи туындыда оның және күрескерлік жолда халыққа қатар қызмет еткен үзеңгілестерінің ел мүддесін көздеген іс- әрекеттері, заман талабына сай қоғамдық – саяси ойды дамытудағы үлестері суреттелген.

Ақыш Нұрдәулет.
Аласа таулар аясында / Роман/ Нұрдәулет Ақыш. – Алматы:
«Алматы - Болашақ» АҚ,2020. – 320бет.
Танымал қазақ қаламгері Нұрдәулет Ақыштың «Аласа таулар аясында» атты өмірбаяндық сипаттағы романы қызықты оқиғалар мен тосын эпизодтарға толы.
Медетбек Темірхан
Аудармалар. Ой – толғамдар. – Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 320бет.
Бұл кітапқа көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбектің аты әлемге белгілі бельгиялық ақын Э.Верхарн, француз ақыны Ш. Бодлер, орыс ақыны А.С.Пушкин, серб ақыны Р.Загович және басқа да ақындардың шығармаларынан аударған өлеңдері мен Александр Шмидтің аудармасы мен Т.Медетбектің де өз өлеңдері топтастырылып берілген.

Ғарифолла Есім
Дүниетаным баяны/ Ғарифолла Есім. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2020.- 400б.
Кітап мұсылмандық дүниетаным баянына арналған. Фәлсафаның негізін қалаушы ІХ ғасырда өмір сүрген араб ғұламасы Әл – Киндиден бастап, әл – Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұн, хакім Абай , Шәкәрім және т.б ғұламалардың еңбектеріне шолу – талдау жасалан. Дүниетаным баяны төрт кезеңге топтастырылып, сол замандар ойшылдарының еңбектерінен үзінді – мәтіндер келтіріліп, оларға авторлық пайымдаулар жасаған.

Мадина Омарова.
Көмбе нанның дәмі – Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 256 бет.

Прозасы, әсіресе қысқа әңгімелері арқылы кеңінен таныс жазушы Мадина Омарованың бұл жинағында автордың драмалық шығармалары мен мистикалық әңгімелері ұсынылып отыр.

Тілеужанұлы З.
Қаңбақтың монологы: Өлеңдер, поэмалар / Зейнолла Тілеужанұлы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 432бет.

Ақынның бұл кітабына оның әр жылдарда жазылған өлеңдері мен поэма – дастандары енген. Ақынның тілі шұрайлы, ұлттық колоритке бай. Оның терең де нәзік лирикасы өз оқырмандарын сезім пәктігімен баураса, өршіл пафосты жырлары азаматтық ірілікке шақырады.

Камелов Д.Т.
Хайретдин Болганбаев – свет неугасимой звезды/ Под общей ред.докт. филол. н., проф, академика НАН РК Д. Камзабекулы. – Алматы: ТОО РПИК «Дәуір». – 288с.

Монография интересна тем, что базируется на многочисленных малоизвестных источниках: архивных материалах НКВД СССР, статьях. На ее страницах – живая панорама суровой эпохи, совместно пережитых всем народом Казахстана страданий в недавнем историческом прошлом.

Темірбай А.
Жекебатыр: Өлеңдер, балладалар, толғаулар,поэмалар/Алмас Темірбай. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 328 б.
Ақынның бұл жинағында халықаралық, республикалық жыр – бәйгелерінде жүлделі орынға ие болған, газет – журналдарда, әлеуметтік желілерде жарияланып, халықтың ықылас – ілтипатына бөленген өлеңдері мен жарық көрмеген жаңа, тың туындылары енген.

Сұлтанова С.
«Өлеңдерім - өңірім». Сұлу – Шаш Сұлтанова. Қызылорда, 2015жыл, 288 б.

Сұлу – Шаш өлең өлкесіне бес – он жылдың көлемінде келді. Ол жай келген жоқ, шамырқанып, шабыттанып келді. Әу баста кеудедегі шер – шеменді сыртқа шығарудан басталған тебіреністер мен толғаныстар оны поэзия әлеміне әкелді. Енді ол дүниедегі болмыстағы болып жатқан өзгерістерге, жаңартулар мен жаңғыртуларға ақынның көзімен қарайтын болды.

Мәхсәтова П.
Қирғақлар. Шеирлар, лирикилиқ поэма/ Патигүл Мәхсәтова. – Алматы: ЖЧЙ РПБК «Дәуір», 2020. – 228бәт.

Әдебият дуниясида өзлүк қолтамғиси бар, бүгүнки дәвир нәпәси вә вақит бошлуғидики һадисиләр билән қәлбий уйғун шайрә мәзкүр топлимидики шеирлирида ана жутқа, Вәтәнгә болған муһәббәт, вақит нәпәси, туғулған йәр тәбиити, достлуқ, һаят һәққанийити, өмүрниң тепишмақ сирилири һәққидә чонқур һиссият билән күйләйду.

Амангелді Кеңшілікұлы
Шеберлік пен шындық. А.Кеңшілікұлы – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2020.-352 б.

Бұл кітапқа белгілі сыншының ұлттық әдебиетіміздегі ірі суреткерлердің шығармашылық шеберлігін саралаған эсселері мен зерттеулері енді.

Жыр арқауы – Ата Заң. Қазақ ақындарының жыр жинағы / құраст:
Қайрат Мәми. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 106 б.

Бұл кітап Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойына арналған. Кез келген елдің Конституциясы бір күнде пайда болмайды. Қазір Ата Заңымыздың түп – қайнары – әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолының» лайықты жалғасы. Кеңестік мемлекеттің Конституциялары да өзінің ықпалын тигізді.

Жұртбай Т.
Жансар/ Эсселер мен естеліктер- Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. -472 бет.

Тұрсын Жұртбайдың қауым назарына ұсынылып отырған «Жансар» атты эсселер мен естеліктері де түйсік түкпірінде жатқан жан сырын қозғайды. Бұл жинақты: қазақ ақыл – ойының қормал ғұламалары мен киелі қалам иелерінің өмірі хақындағы психологиялық барлау, портрет, көркем – сыни талдау десе де болады.

Б.Ғ Аяған, Ә.М.Ауанасова, Е.К.Нұрпейісов, А.Н. Қашқымбаев, Н.Л.Лапин Қазақстандағы сайлау тарихы. – Нұр – Сұлтан: «Жарқын Ко» баспасы, 2020. – 320 бет.; қазақша, орысша.

Кітапта жеке ұлттық мемлекет – Қазақ хандығының құрылуынан бастап, Ресей империясы мен кеңестік кезең аясында сайлау жүйесінің іске асырылуы, оның тарихы мен дәстүрлерін зерттеу нәтижесі ұсынылған.
Шиллер Фридрих
Жарық пен жылу; Өлеңдер мен балладалар / Ф. Шиллер: неміс тілінен ауд. Ертай Ашықбаев. – Тараз: «Сенім» ЖБО, 2020. – 112 бет.

Әлем әдебиеті классиктерінің бірі, неміс ақыны, философ, көркемөнер теоретигі және драматург, тарих профессоры және әскери дәрігер, романтизмнің көрнекті өкілі Фридрих Шиллердің бұл аударма кітабында таңдаулы өлеңдері мен балладалары жинақталған.

Светқали Н.
Генрих Гейне. / Теңіздегі дауыл. (Аудармалар) Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ, 2020. – 144 бет.

Ақын Светқали Нұржан аударған немістің ұлы ақыны Генрих Гейненің қазақ тіліндегі ең көлемді аудармасы болып табылатын бұл кітапқа, негізінен, ақынның таңдамалы лирикалары мен балладалары топтастырылған.

Ниетқалиева Г.
Жүректегі жанартау. Гүлзада Ниетқалиева.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020.-224 бет.

Ақынның «Жүректегі жанартау» атты жыр жинағына лирикалық өлеңдері топтастырылып отыр. Лирикалық кейіпкердің бір жылап, бір мұңайып, бір қуанып айтқан нәзік сырлары оқырманның жүрегінен жарып шыққан сезім сынды толқытады, терең иіріміне тартады, шынайы жеткізеді.

Дайырбай Е.
Көкжиегімнің көктемі: / Өлеңдер/ Ермек Дайырбай. Алматы., «Азия Арна» баспасы.,2020.-64 бет.
Ақынның бұл кітабында әр жылдары жазылған шығармалары енгізілген. Өлең өлкесінде өзіндік орны қалыптасқан ақынның тілі көркем , ойы шұрайлы.

Мәлікова С.
«Тың эпопеясы» тарих таразысында – қоғамдық – саяси әдебиет/ С.Мәлікова. – Алматы: Сөздік – Словарь, 2020.-120б.
Автор Қазақстанның солтүстік аймағында 1954-1964 жылдары «Тың және тыңайған жерлерді игеру» деген мемлекеттік бағдарламамен жүргізілген аграрлық реформаның тарихындағы көлеңкелі тұстарды ашып, КСРО жоғарғы билігі тарапынан қабылданған шараларға жаңа көзқарас тұрғысынан баға береді. Тарихта «Тың эпопея» деген атпен қалған ұлы науқанның салдарларын талдайды, нақты деректер негізінде оның зардаптарын жүйелеп көрсетеді.

Мәсімханұлы Д.
Сап, сап, көңілім.../Дүкен Мәсімханұлы – Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ,2020.-352 бет.

Ақынның бұл жинағына соңғы жылдары жазған өлеңдері, поэмалары және қытай және өзге де шетел ақындарынан тәржімалаған аударма өлеңдері топтастырылып отыр.

Омарұлы Бауыржан.
Бақ қонған бәйтерек. Эсселер,портреттік мақалалар, ой – толғамдар./ - Алматы: «Алматы - Болашақ» АҚ,2020.-528 бет.

Бұл жинаққа тарихи тұлғалар, елге танымал азаматтар, өмірде өз орны бар қарапайым жандар туралы эсселер, портреттік мақалалар, қоғам тынысы, тіршілік түйткілдері жөніндегі ой – толғамдар, суреттемелеренгізілген.

Елеукенов Ш.
Көп томдық шығармалар жинағы. 8 – том/ Ш.Елеукенов. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.- 384 бет.

Бұл жинаққа ұлы оқымысты Қаныш Сәтбаев, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлә Жәнібеков, атақты ақын Ғафу Қайырбеков, академик сыншы Мұхаметжан Қаратаев сынды еліміздің даңқты перзенттерінің жарқын образын, характерін ашатын очерк, эссе, повесі топтастырылып берілді.

Бөпежанова Ә.
Мұнара. Әдеби көркем сын кітабы / Әлия Бөпежанова. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. – 328 бет.

Жазушының бұл кітабында көркем әдебиетіміздің көрнекті тұлғалары мен талантты жас буынының шығармашылықтары қарастырылды. Өнердің өнерлік міндеті қоғамның рухани – эстетикалық дамуы, жаңа заман талаптарымен тығыз байланыста сөз болатын мақалалар, ой – толғаулар, сұхбаттарда тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетіміздегі ұлттық рухани жаңару процестері зерделенеді.

Есенқарақызы Х.
Эсселер. Ханбибі Есенқарақызы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020.-288 бет.

Ақынның эсселер жинағына белгілі тұлғалардың бітім – болмысын тұтастай көз алдыңызға әкеледі. Естеліктердің шынайлығы жинақтың құнын асырмаса кемітпес.

Айдабосын Е.
Тиет аруы. Әңгімелер мен хикаяттар/- Алматы: «Аматы - Болашақ» АҚ,2020. – 384бет.

«Тибет аруы» деп аталатын бұл жинаққа жас қаламгердің таңдаулы әңгіме – хикаяттары топтастырылған. Жиырма шақты туындының тақырыбы саналуан, кейіпкерлері бір – біріне ұқсамайды.

Мырзахметұлы М.
Абайтану, 1 – том. Абайтану тарихы (қазақ тілінде). – Алматы: «Қазығұрт» баспасы,2020.-488 бет.

Белгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы
Мекемтас Мырзахметұлы дайындаған «Абайтану» сериясының алғашқы томында ұлы Абай мұрасының зерттелуі мен Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы нақтылы кезеңдерге бөлініп сипатталған.

Мырзахметұлы М.
Абайтану, 2 – том. Мұхтар Әуезов және Абайтану мәселелері (қазақ тілінде) – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. -352 бет.

«Абайтану» сериясының екінші томына көп жылдар бойы терең зерттеу нәтижесінде жазған «Мұхтар Әуезов және Абайтану мәселелері», «Абай және Әуезов» атты тұжырымдамалық еңбектері мен оның құрастыруындағы «Абайды оқы, таңырқа» атты хрестоматия енгізілген.

Мырзахметұлы М.
Абайтану. 3 – том. Мұхтар Әуезов. Абайтану дәрістерінің дереккөздері (қазақ, орыс тілдерінде) – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.-464 бет.

Мұхтар Әуезовтің Абайтану саласындағы ғұмыр бойғы ізденістері екі салада қатар жүргізілді: оның ұлы ақын мұрасын ғылыми негізде тану бағытындағы зерттеулері жиырма жылға жуық мерзімді қамтыса, Абайдың көркем бейнесін әр түрлі жанрда сомдауға он екі жыл өмірін арнады.

Мырзахметұлы М.
Абайтану, 4- том.Абай және Шығыс (қазақ тілінде). – Алматы: «Қазығұрт» баспасы,2020. – 320 бет.

Жазушының бұл зерттеулері енген бұл томда Абайдың Шығыс мәдениетіне қарым – қатынасы ғылыми тұрғыдан жүйеленіп баяндалды. Абайдың адамгершілік мұраттарына талдау жасалып, ақындық кітапханасы жайлы мәселе арнайы сөз болды.

Мырзахметұлы М.
Абайтану. 5- том. Толық библиографиялық көрсеткіш (қазақ, орыс тілінде). – Алматы: «Қазығұрт» баспас, 2020.-592 бет.

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай жасалған бұл көрсеткіш ақын мұрасы жөнінде жазылған 1889-1985жылдар аралығында жарық көрген деректер көзін тақырыптық жүйеде тұтас қамтиды.

Мырзахметулы М.
Абайтану. 6 – том. Восхождение к Абаю (на русском языке), - Алматы: Издательство «Казыгурт»,2020.-352стр.

Данное исследование посвящено актуальным и малоизученным аспектам абаеведения, а именно: принципам составления творческой биографии Абая, установлению реальных истиков его поэтического творчества, методике текстологических исследовании, проблеме отношения произведений по-эта к классическому Востоку, литературному окружению.

Мырзахметұлы М.
Абайтану, 7 – том. Тараз ой – толғаныстары (қазақ тілінде). – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 368 бет.

«Абайтану» сериясының 7- ші томына енгізіліп отырған «Тараз ой - толғаныстары» атты кітап автордың қоғамдағы күрделі мәселелерге қатысты өзіндік көзқарасын танытатын ойлы мақалалардан құралған.

Мырзахметұлы М.
Абайтану. 8- том. Түркістанда туған ойлар (қазақ тілінде). – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 392 бет.

«Абайтану» сериясының 8 – ші томына енген «Түркістанда туған ойлар» атты бұл енбегінде белгілі әдебиетші – ғалым, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы ежелден түркі халықтарының алтын бесігі саналған Түркістанның әлем халықтарының мәдени, ғылыми, тарихи өміріне жасаған ықпал әсері туралы кең де пайымды әңгіме қозғайды.

Мырзахметұлы М.
Абайтану, 9 – том. Түркістан – Тараз арасы (қазақ тілінде) – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 376 бет.

«Түркістан – Тараз арасы» деп аталатын бұл томға Мұхтар Әуезов пен данышпан Абайдың шығармашылық мұралары төңірегінде ой – толғаныстары, жекелеген тарихи тұлғалардың азаматтық болмысын сипаттайтын көлемді зерттеулері, ұлттық идеологияны қалыптастыруға байланысты көзқарастарын ұсынған мақалалары топтастырылған.

Мырзахметұлы М.
Абайтану, 10- том. Абайдың адамгершілік мұраттары (қазақ тілінде). – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020.- 340 бет.

Мекемтас Мырзахметұлының көп жылдық зерттеулері қамтылған бұл еңбекте Абайдың адамгершілік туралы көзқарастары, ежелгі шығыс ойшылдарымен пікір сабақтастығы жайлы ғылыми деректер қорытылып, тандалды.

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Рәміздер