- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 28 мая 2021
- Просмотров: 329
Естеліктегі Алаш. Ғылыми – танымдық басылым. Құрастырған, алғысөзін және түсініктерін жазған С.Б. Жұмағұл. – Нұр – Сұлтан: «Алашорда» Қоғамдық қоры, 2020. – 488 б.
Кітапта Алашорда қайраткерлерінің мемлекетшілдік сана биігіндегі жасампаздық ғұмырларының тарихи тағылымына бойлататын түрлі жанрдағы естеліктерден үзінділер берілген.
Шәлекенов У.Х.
Ғылыми еңбектер. Төртінші том. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2020. – 568 бет.
Белгілі ғалым, академиктің ғылыми еңбектерінің төртінші томына Қазақстан археологиясы мен этнологиясына ұзақ жылдық зерттеу еңбектері енді. Жинақ екі кітаптан тұрады. Біріншісі «Ежелден түріктер отырықшы» деп аталса, екіншісі «Қазақ өркениеті» деп аталады.
Қазақстан – Беларусь: Әдеби альманах. – Алматы: «Жібек жолы» Баспа үйі, 2020.-512б.
Қазақ – белорус әдеби ынтымақтастығының тарихындағы алғашқы «Қазақстан - Беларусь» әдеби – көркем альманағы қазақтың ұлы ақыны, ойшыл – философы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналып отыр.
Қанапиянов Б.
Шығармалары. Екі томдық. Екінші том. –Алматы: «Жібек жолы» БҮ, 2019. – 692 бет. +16 жапсырма бет.
Бақытжан Қанапиянов шығармашылығының тағы бір саласы – халқымыздың көрнекті қалам шеберлерімен қатар шетел ақындарының творчествосын арқау еткен әдебиеттану мен публицистикалық сипаттағы мақалалары енген.
Әбдінұров С., Әбдінұров Ә.
Мәңгілік ел/ - Нұр – Сұлтан:Фолиант, 2020. – 192б.
Бірінші бөлімге белгілі Серікжан және Әліби Әбдінұровтың лирикалық бағыттағы таңдамалы вокалдық шығармалары енді.Басылымдағы әндер мен романстар авторлардың ерекше қолтанбасын танытады, туындылардың тақырыптық мазмұны сан түрлі: табиғат көріністері, философиялық ой – толғаулар, махаббат бейнелері.
Медетбек Т.
Шығармалары. 7 томдық. 5-том: Өлеңдер./ Темірхан Медетбек. – Алматы: «Керемет медиа», 2020.
Автордың ұзақ жылдардан бері талмай еткен еңбегінің ең үздіктері жеті томдық таңдамалы жинақтары енгізіліп отыр. Автордың әр кезеңдердерде жазған әдеби теориялық сын мақалалары мен сұхбаттары жинақталған.
Қорқыт ата не деді?: әңгімелері/ Айқұт Ертұғрұл, Гүрай Сүнгү, аударған: Жақып Мақсұтхан – Алматы: «Балалар әдебиеті», 2020. – 164 б.
Түріктің жас жазушылары құрастырған «Қорқыт ата не деді?» атты кітабы түркі әлеміне ортақ «Қорқыт Ата хикаялары» негізінде қайта жаңадан түсіндіріліп жазылған.
Мұқанов Сәбит.
Таңдамалы шығармалар, 10 томдық. Т.8. Поэмалар. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 432 бет.
С.Мұқанов қазақ поэзиясының поэма жанрында да өнімді еңбек еткен. Өлеңмен жазылған романы «Сұлушаш» 1928 жылы жеке кітап болып шыққан. Бұл томға ақынның он поэмасы енген.
Камиль Муллашев.
Кітап – альбом. – Нұр – Сұлтан: Фолиант, 2020. – 480 бет.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Кітап – альбом жалдар бойы түрлі жанрда табысты жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық суретші Камиль Муллашевтің туындыларынан тұрады. Ол тек классикалық қана емес, сондай – ақ қазіргі заманғы авангард және постмодернистік кескіндеме техникасының хас шебері. Өз картиналарында бір тарихи дәуірден екіншісіне ойша шарықтап, оларды үйлесімде бейнелейді.
Бексұлтан Нұржеке – ұлы.
Қазақ батырлары. Әңгімелер жинағы / - Алматы: «Жалын баспасы», 2020. – 672 бет.
Ежелден елдің шебін, халықтың қасиетті жерін қорғаған , сол үшін жанын қиған қазақ батырлары ұлттың мақтанышы болған. Оқырман жазушының мұндағы шығармалары арқылы бұрыннан белгілі белгілі, белгісіз батырлардың ерлік істерімен де, халқымыздың қаһармандығымен де терең таныса алады.
Абай және қазақ социумы. / Ұжымдық монография. – Т.4 – Нұр – Сұлтан: «Алашорда» Қоғамдық қоры, 2020. – 352 бет.
Бұл кітапта ұлы Абайдың философиялық және поэтикалық танымы, көркемдік дәстүрдің маңызды мәселелері туралы және Абайдың әлемдік тұлға ретіндегі болмысын зерделеуге арналған талдаулар мен тұжырымдар түзілген.
Нұрғиса Тілендиев: кітап – альбом, «Өнер» баспасы, Алматы, 2020-280 бет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.