- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 28 мая 2021
- Просмотров: 356
Қабиқызы Сара.
Открытый космос Талгата Мусабаева / С.Қабиқызы. – Нур – Султан: Фолиант, 2020. – 264с.
Книга «Открытый космос Талгата Мусабаева» является дополненной версией документальной повести автора «Знак равенства» и рассчитана на массового читателя.
Ақжан Әл – Машани
Әл – Фараби көпірі – Алматы: «Алатау» баспа – полиграфиялық корпорациясы, 2020. – 872 бет.
Әл – Фарабиді дүниежүзіне танытып, оның Отырардан шыққан Қыпшақ тумасы екенін алғаш дәлелдеп, он бір ғасырдан соң ұрпағымен қауыштырған, тұңғыш Фарабитанушы, бұл ілімге оған бүкіл ғұмырын арнаған қазақтың ғұлама ғалымы Ақжан Әл – Машанидің бұл кітабына атақты «Фараби» романы мен «Әл – Фараби және Абай», «Әл – Фараби және музыка», осы секілді ғалым еңбектеріне жан – жақты талдау жасаған мақалалары енді.
Аяған Б.Ғ
«Ұлы даланың Айбынды билеушілері. Әбілқайыр Шайбани – Дешті Қыпшақтың соңғы билеушісі». – Алматы: «Тау - Қайнар» ЖШС,2020ж,
296бет.- қазақша, орысша.
Сіздің қолыңызда бірегей кітап – профессор Бүркітбай Аяғанның ғылыми еңбегі Әбілқайыр Шайбанидтің өмірбаянына арналған. Осы басылымның беттерінде Жошы ұлысының қираған үйінділерінде қыпшақтардың ежелгі елін жаңғыртып, Әмір Темір империясына қарсы шығуға аттанған ұлы адам туралы айтылады.
Мырзабай ахун. – Құрас: Бертаев С. – Қызылорда – «Жиенай» баспаханасы, 2020жыл
Бұл кітапта ІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде Сыр өңірінде өмір сүріп, Ислам дінін, ілімін насихаттап, ағартушылық қызмет атқарған ғұлама ұстаз, дін саласының қайраткері Мырзабай ахун Азаматұлының өмірі мен қызметі жайында баяндалады.
Қасқабасов С.
Таңдамалы. – Нур – Султан: Фолиант , 2020. – 320 с.
Седьмой том избранных сочинений доктора филологических наук Профессора С.Каскабасова посвящен развитию казахстанской фольклористики и составлен из статей, опубликованных в разные годы.
Тарихы терең, еңбегі ер – Жалағаш – Мерейтойлық кітап / Құраст.
Т. Адисұлы. – Нұр – Сұлтан: Muqaba, 2019. – 400 б.
«Тарихы терең, еңбегі ерен - Жалағаш» кітабы Жалағаш ауданының 80 жылдығына байланысты шығарылды. Кітапта ауданның кешегі, бүгінгі тарихы қамтылып, аймақтың еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі тыныс – тіршілігі баяндалған.
Темірбек Жүргенов – мұрағат құжаттарында. Құжаттар жинағы/
Құраст. Оразбақов А.Ж., Ибраев У.С.,Енсепов Б.Б. – Астана:
Фолиант,2014.-160бет.
Жинақта Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновке қатысты Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларының орталық мемлекеттік мұрағаттарынан, Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатынан алынған құжаттар берілген.
Жұмақын Қайрамбаев.
Кітап – альбом. – Нұр – Сұлтан: Фолиант,2020. – 256 бет.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
Тәуелсіз Қазақстан дәуірінің арт – процесіне қатысушылардың арасында шығармашылығы Қазақстан кескіндемесінің ерекшелігін айқындайтын мағыналық, идеялық, көркемдік контрапункттерді анықтауға бағытталған бірқатар шеберлердің бірі - Жұмақын Қайрамбаев. Оның қырық жыл бойы белсенді Шығармашылық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорындағы шығыс монеталары . 2 – том. Иллюстрацияланған ғылыми каталог (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде). Алматы: «Интеллсервис» баспасы, 2020. – 420бет.
Басылымға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі коллекциясы құрамындағы шығыс монеталарының ғылыми - инвентарлық каталогы (2-том) бірнеше әулеттерге қатысты (исламға дейінгі кезең Сасандықтар мен Түргештер, ислам кезеңі – Самандықтар, Шығыс ұрпақтары (Монғол империясы), Шағатай, Жошы,Қырым Гирейлері,
Синьцзян көтерісшілерінің Мың әулеті, Жоңғар билеушілері және Қажарлар) 592 сақтау бірлік алтын, күміс және мыс монеталарының сипаттамалары мен фотосуреттері енгізіліп отыр.
Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түпнұсқа Қолжазбалар (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорынан). Ғылыми – Инвентарлық каталог. 1-кітап. Алматы: «Интеллсервис» баспасы, 2020. 820бет.
Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы жөніндегі қолжазбалар Каталогының 1 – кітабына ақынның қазақ этногенезі мен этникалық тарихын қаузайтын еңбегімен қатар, ұлы Тұрағұлдың және Мүрсейіт Бікіұлының қолжазбалары енгізіліп отыр.
Виктор Зайберт. «Ботай». – Алматы: «Балауса баспасы» 2020. 480 бет, қазақ,орыс, ағылшын тілінде.
Кітап біздің заманымызға дейінгі ІҮ мыңжылдықта осынау Ұлы, Дала төскейінде ғұмыр кешкен бабаларымыздың – бабаларының өткен Өмірінен, тұрмыс – тіршілігінен сан алуан сыр шертеді.