- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 24 июля 2023
- Просмотров: 35
*Қоғамдық-саяси әдебиеттер*
Зиманов Салық
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы және Бөкей хандығы/ Салық Зиманов.-Алматы: «Қазақ кітабы» баспасы, 2022. 1-том.-480 бет.
Көрнекті ғалым, академик Салық Зимановтың (1921-2011) «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы және Бөкей хандығы» монографиясы орыс тілінде 1958 жылы жарық көріп, 2009 жылы қайта басылған болатын. Зерттеуде Қазақстандағы көшпенді мал шаруашылығының ерекшеліктері, қазақтардың қоғамдық қатынастарындағы патриархалды-рулық жәдігерлердің рөлі мен орны туралы мәлімделген.
Молтобарова К.И.
Мәдениеттану /Молтобарова К.И.- Алматы,- «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022.-480 бет.
Бұл еңбекте ғылыми және оқу пәні ретіндегі мәдениеттанудың мазмұнын құратын әлемдік және ұлттық мәдени үрдістердің заңдылықтары, адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен құбылыстары, негізгі мәдениет институттары және олардың арақатынасы, әлемдік және отандық ұлы ғұламалардың мәдениеттанушылық ойлары қарастырылған.
Ахметов Зәки
Таңдамалы шығармалары// Избранные сочинения, 10томник.
Роман-эпопея Мухтара Ауезова, 3 том.-Нұр-Сұлтан: «Astana ORDA», 2022.-496 стр.
Книга посвящена роману-эпопею Мухтара Ауезова «Путь Абая», в ней рассматриваются идейная проблематика, художественное мастерство писателя в раскрытии образов героев, сюжетно-композиционное построение произведения.
Ахметов Зәки
Таңдамалы шығармалары// Избранные сочинения, 10томник.
Казахское стихосложение (Проблемы развития стиха в дореволюционной и современной поэзии), 2 том.-Нұр-Сұлтан: «Astana ORDA», 2022.-496 стр.
Книга посвящена истории и теории казахского народа.В ней выдвигаютс вопросы, имеющие важное значение дл изучения художественной формы литературных произведений, поэтического языка и стил, художественного мастерства певцов и поэтов.
Правда о государственной границе Республики Казахстан/ З.А.Аманжолова, М.М.Атанов, Б.Ш.Турарбеков.-4-е издание, доп. Переработанное.-Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2022.-228 стр. 16 с.ил.
Настоящая книга является уникальным изданием, поскольку посвящена международно-правовому оформлению государственной границы Казахстана с сопредельнымыи странами.
Әсемқұлов Т.
Шығармалары. / Таласбек Әсемқұлов-Алматы: «Sardar G», 2022. Қазақ және орыс тілдерінде. Т.7: Мифология. История. Этнография. Музыка.-2022.-400 стр.
В седьмом томе десятитомного Собрания сочинений кюйши, писателя, исследователя Таласбека Асемкулова (1955-2014) собраны его тексты на русском языке, посвященные казахской музыке, а также мифологии, этнографии, истории.
Шағыр Қ.
Қалам мен Қамшы. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. / Қайырбек Шағыр.-Алматы: ЖК «Сакенова», 2022.-192 бет.
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қайырбек Шағырдың «Қалам мен Қамшы» деп аталатын жинағына әр жылдарда жазылған поэзилық туындылары енгізілген.Кітап 4 бөлімнен тұрады. Оларда автордың ұлт тағдыры, заман шындығы туралы ойлардан туындаған лирикалық өлеңдері мен балладалары, табиғат, махаббат лирикасы, аударма өлеңдері топтастырылған.
Битенова Үміт
Балабақшадан басталған. Автобиографиялық мемуар. Бірінші кітап/ Үміт Битенова.-Алматы: ЖК «Сакенова», 2022.-320 бет.
«Балабақшадан басталған»-кеңестік кезеңнін өткен дәуірдегі 60-80 жылдарын қамтитын, ауыл қызының ауыр тағдыры туралы үш бөлімнен тұратын деректі-хронологиялық мемуар.Стилінде сөйлеп тұрған детальдары бар, әдемі бір иірімдер бар, аздап көркемдік бояу жағылып, реңк берілген автобиографиялық кітап.
Елеукенов Ш.
Көп томдық шығармалар жинағы. 9-том / Ш.Елеукенов.-Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2022.-488 б.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты жазушы-ғалым Шериаздан Елеукеновтің шығармалар жинағының 9-ыншы томына «Ғасырмен сырласу» атты (2004) ел тәуелсіздігімен қатар ой тәуелсіздігін ала келген жылдары жазған еңбектері Ғабит Мүсірепов, Ғабит Мұстафин, Әбділда Тәжібаев, Ілияс Есенберлин, Әбдіжамил Нұрпейісов, т.б. жазушыларымыз туралы очерк, эссе, сыни зерттеулері енгізілген.
Мәсімханұлы. Д.
Азаттығым мен қазақтығым: елдік пайымдар, сыр-сұхбаттар, толғамдар /Д.Мәсімханұлы-Астана: Фолиант, 2014.-400б.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, талантты ақын, аудармашы, қытайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының бұл кітабына оның елдік мүдде мен ұлт болашағы туралы әр жылдарда жазған мақалалары, мерзімді баспасөзге берген сұхбаттары мен пәлсапалық толғаныстары топтастырылып отыр.
Сәдібекұлы Айжарық
Парасат майданы.-Қызылорда: «Ақмешіт Баспа үйі» ЖШС,
2018.-300б.
Қазақ журналистикасының дамуына үлес қосып келе жатқан талантты публицист Айжарық Сәдібекұлы бұл кітабына әр кезеңде жазылған көсемсөздері енген. Автордың осы еңбегіңде туған жерге деген сүйіспеншілік, туған өлке өнерпаздарының бейнесі кең көрініс тапқан. Жазушының туындыларын оқи отырып, жастар халық дәстүрлерінен мол сабақ ала алады.
Сәдібекұлы Айжарық
Жұмыр жерде біз бармыз.-Қызылорда: «Ақмешіт Баспа үйі» ЖШС, 2018.-304 б.
Кітапқа автордың Сыр өңірінен шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, әдебиет, өнер, ғылым саласы өкілдері мен еңбек адамдарының өнегелі өмір жолдары мен өлкені дамытудағы ерекше еңбектері туралы жазылған деректі әңгімелері мен көркем очерктері жинақталған. Көркем публицистикалық жанрда жазылған қаламгердің әр еңбегі өңіріміздің тарихынан, өмірі мен тыныс-тіршілігінен сыр шертеді.
Бегельдинова О.Ж.
В небе он был неустрашим. Талгат Бегельдинов.
Аспанда үрей дегенді білмеген. Талғат Бегелдинов. /Орындибике Жекеновна Бегельдинова.-Алматы: ЖК «Жаксылыков А.А.», 2022.-360бет. Орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде.
Ұлы Отан соғысындағы шабылдаушы ұшқыштардың ерліктеріне арналған тарихи кітап. Оның бас кейіпкері-екі мәрте Кеңес Одағының батыры, Еңбегі сіңген әскери шабуылдаушы ұшқыш, авиация генерал- майоры Талғат Якубекович Бегелдиновтың жанқиярлық ерлігі, жеңіске деген шексіз ерік-жігері туралы қызықты оқиғалар суреттеледі.
*Өнер*
Жақанов Илья
Аққу әні.-Нұр-Сұлтан: «Күлтегін» баспасы, 2022.-336 бет.
Бұл басылымға Илья Жақановтың біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды сал-серілердің орындаған қазақ әндері, олардың шығу тарихы, орындалу ерекшеліктері жайында тың материалдармен қамтылған зерттеу еңбектері еніп отыр.
***Көркем әдебиеттер***
Ыбырайымұлы Әділбек
Семсер жүзіндегі серт. Роман. 1 том. Арланның азуы.- Алматы: «Арда+7», 2022. -384 бет.
«Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогияның құрылымы мен мазмұны күрделі. Автордың ізденіске толы, тарихи деректерге қанық шығармасы тілінің көркемдігімен, әдеби шешімдерімен және шиеленіске толы оқиғаларымен құнды. Трилогия кемінде үш-төрт ғасырды қамтыған қазақтың басынан кешкен хикметтерді сипаттаған эпопеяға ұласты.
Ыбырайымұлы Әділбек
Семсер жүзіндегі серт. Роман. 2 том. Серт.- Алматы: «Арда+7», 2022. -416 бет.
«Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогияның екінші кітабы осы атаумен аталған әрі оның арқауы-Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихы мен тағдыры. Туындыда Кенесары көтерілісінің ерлік даңқы мен трагедиялық тағдыры тарихи-әдеби желі тартып баян етіледі.
Ыбырайымұлы Әділбек
Семсер жүзіндегі серт. Роман. 3 том. Рух.- Алматы: «Арда+7», 2022. -480 бет.
«Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогияның үшінші томы «Рух» деп аталады. Үшінші томда жалпы қазақ елінің орыс отаршылдығына қарсы күресі және Кенесарының ұлы, мұрагері Сыздық сұлтанның сол күресті жалғастыруын баян етеді.
Райымбекұлы М.
Аруана. Поэма./Маралтай Райымбекұлы.-Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2022.-352 бет.
Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының жаңа жыр жинағына таңдаулы жырлары мен «Аруана» поэмасы енді.
Дәулетбаева Ә.
Алматыдан алыста. Өлеңдер./ Әли Дәулетбаева.-Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2022.-144 бет.
Ақынның жаңа жыр жинағына азаматтық және махаббат лирикалары, аудармалары мен поэмалары енгізілген.Өлеңдер ақиқатты іздеу, Отанды сүю, тұлғалармен сырласу, тарих ақтаңдақтары тақырыбынан сыр шертеді.
Алтай Асқар
Таңдамалы. Әңгімелер мен новеллалар. 1-том.-Алматы: «Арда +7», 2022.-400 бет.
Қазіргі қоғамдағы аласапыран өзгерістерге орай адамдардың қилы тағдырлары, көзқарасы мен қайшылықты дүниетанымы түрлі кейіпкерлер арқылы суреттеледі. Кең дала мен тар қала тұрмысының беймәлім қырлары, тау мен қыр қазағы мекен еткен өңірлердің ерекше пейзаждары, бүгінгі күннің ащы шындықтары астаса суреттеліп, көркем образдардың тегеуірінді болмысы мен мұңлы характерлері бүгінгі кірпияз оқырманның ой-сезіміне айрықша әсер етері сөзсіз.
Алтай Асқар
Таңдамалы. Повестер, әңгімелер, роман. 2-том.-Алматы: «Арда +7», 2022.-400 бет.
Жазушының балаларға арналған «Дегелеңдегі қызыл күн» сияқты ішінара әңгімелері енді. Студент шағында жазылған «Қызыл бөлтірік» повесі бала психологисына лайық сүбелі туынды. «Қара бура» повесіндегі бура бейнесі-кешегі ер де өр қазақтың символы... «Қаладағы құтпандар» повесінде қаңғыбас иттер өмірі арқылы қоғамдағы сұмдықтар мен адам баласының қатыгездігі иттің «көзімен» суреттеледі.
Меңдеке Ә.
Жалғыздық сені қайтейін...- Алматы: «Қайнар баспасы»,
2022.-384 бет.
Танымал қаламгер, талантты әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әмірхан Меңдекенің «Жалғыздық сені қайтейін...» атты бұл кітабына автордың ұлттық әдебиетіміздің жай-күйі жөніндегі таңдаулы әдеби-сын мақалалары топтастырылып отыр.
Нұғыман С.
Асыл қиқым. Әңгімелер / Серік Нұғыман.-Алматы: «БИБІ-АНА» қайырымдылық қоры баспасы, 2022.-400бет.
Әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасын әлдеқашан айқындаған талантты қаламгер Серік Нұғманның бұл жинағына әр жылдары жазылған әңгімелері топтастырылып отыр.Шығармалардың бәрі дерлік ой ағысына құрылған, ішкі толғаныс,шиыршық атқан драмалық тартысты хал арқылы кейіпкер жандүниесінің небір нәзік иіріміне терең бойлап, құпия қатпарына сәуле түсіреді.
Чернова Н.М.
Летящие в тумане /Чернова Надежда Михайловна. Алматы: Издательство «Ан Арыс», 2022.-528 стр.
Это книга-калейдоскоп. Здесь рассказы о самых разных людях: известных писателях, художниках, артистах, и о простых, незнаменитых современниках, но удивительной судьбы, с которыми довелось встретиться автору. Здесь автобиография, через которую прошли потрясения советской эпохи и события нового тысячелетия.
Тәжкен Ү.
На берегу / Үміт Тәжкен.-Алматы, АО «Алматы-Болашақ»,
2022.-560 стр.
В книгу избранной прозы члена Союза писателей РК, Международного Казахского PЕN-клуба Умит Тажкен вошли роман «Ось существования», повести «На берегу», «Девять умр для одной Уммы» и другие, а также рассказы-миниатюры, сочетающие в себе целый ряд жанров: от бытовой сценки до аллегории или притчи.
Фроловская Татьяна
Серафический восторг. Избранное.- Алматы: Мектеп,
2022.-336 стр.
«Избранное» известного поэта и переводчика Татьяны Фроловской представляет читателю стихотворения и поэмы, входившие в книги «Дни календаря», «Зимнее воскресение», «Корзина земляники», «Семейное предание». Главные темы лирических и эпических произведений автора-природа, история, творчество, жизнь человека.
Әбілқайыр Қанат
Жылан кегі. Хикаяттар мен новеллалар.–Алматы: «Bai Bol, Qazaq» баспасы, 2022.-364 бет.
Бұл кітапқа жазушы Қанат Әбілқайырдың соңғы жылдары жазған хикаяттары мен новеллалары топтастырылып отыр. Қаламгер шығармаларында халықтың басынан өткен, қазір өтіп жатқан оқиғаларды өзек ете отырып, бүгінгі қазақ қоғамындағы түрлі мінездерді, ұлттық психологиясын, тарихи жадын, мистикалық танымын, әлеуеттік ахуалын жаңаша форма, жаңаша ойлау дәстүрімен шебер суреттейді.
Қайран Әбубәкір
Өскелең. Өлеңдер жинағы / Әбубәкір Қайран.-Алматы: «Runa баспасы» ЖШС, 2022.-176 бет.
Жинақтың «Өскелең» деген атауының өзінде көп мән бар екенін айта кетуіміз керек. Қазақ «Өскелең» деген ұғымға үлкен мән беріп, «ұрпақ» деген сөздің алдына ылғи қосарлап айтып отырған. «Өскелең ұрпақ» дегеніміз-біздің бүкіл өміріміздің, отбасымыздың, ең бастысы-мемлекетіміздің болашағы, бақыты, мұрагері.
Оразалы Сұлтан
Шығармалары. Жеті томдық /Сұлтан Оразалы.- Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2022. Т.3. Эсселер. Мақалалар.-400 бет.
Сұлтан Оразалының жеті томдық шығармалар жинағының үшінші томына замандастары туралы әр кезде жарық көрген эсселері жинақталып отыр. Кезінде қазақ, орыс тілінде жеке кітап болып жарық көрген.Бұл кітап-авторлық құқық жөніндегі әлемдік және ұлттық тәжірибені саралаған құнды туынды.
Исабаев Нұртас
Самғау. Өлеңдер /Нұртас Исабаев.-Алматы: «Бибі-Ана» қайырымдылық қоры баспасы, 2022.-336 бет.
Белгілі ақын, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Нұртас Исабаевтың бұл кітабына соңғы жылдары жазған жаңа жырлары еніп отыр.Жинақтың тақырып асы кең. Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік, достық, мейірім, махаббат, табиғатты сүю сияқты шарпысқан сан-алуан сезімдер палитрасы молынан қамтылған.
Ахметжан Т.
...ғұмырын қишы жасынның!/ Талаптан Ахметжан.-Алматы:
«Ан Арыс» баспасы, 2022.-484 бет.
Халықаралық «Алаш» әдеби және Қазақстан Жастар одағы сыйлықтарының лауреаты, өмірден ерте озған жазушы-драматург Талаптан Ахметжанның «...ғұмырын қишы жасынның!» атты жинағына прозалық шығармалары, пьесалары, сондай-ақ әріптестерінің қаламгер туралы толғанған естеліктері еніп отыр.
Аралдың ақжал толқыны.
(Жазушы Қуаныш Жиенбайдың шығармашылық портреті туралы мақалалар жинағы). Құрастырған: Ш.Әбдікәрімов, Б.Омарұлы.
Алматы: «Қоғам» баспасы, 2022.-288 бет.
Бұл жинақ белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Қуаныш Жиенбайдың 70 жасқа толған мерейтойына орай шығарылып отыр. Кітапқа танымал қаламгердің шығармашылық портреті кейіптелген эсселер, жарық көрген дүниелері туралы мақалалар, бірқатар сұхбаттары топтастырылды.
Мәсімханұлы. Д.
Өз аспаным өзімде: Өлеңдер,толғаулар,поэмалар /Д.Мәсімханұлы-Астана: Фолиант, 2014.-440 бет.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, талантты ақын, аудармашы, қытайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының « Өз аспаным өзімде» атты жыр жинағына оның соңғы жылдардың беделінде жазған өлең, поэмаларымен бірге қытай және өзге де шетел ақындарынан тәржімалаған аударма өлеңдері топтастырылған.
Әліқожа Б.
Ақтүн: Өлеңдер.-Алматы: Раритет, 2022.-240 бет.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Серпер» сыйлығының лауреаты, талантты ақын Бауыржан Әліқожаның бұл жинағына түрлі тақырыптағы өлеңдері мен аудармалары еніп отыр. Мұнда ақынның байтақ елге, туған жерге, музаға деген інкәр көңілі, жүрек үні, махаббаты сезіледі.
Жайлыбай Ғалым
Жаратқанның жазуы / Жайлыбай Ғ.- Алматы,-«Алматы-Болашақ» АҚ, 2022.-344 бет.
Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың «Жаратқанның жазуы» атты жаңа жыр жинағында кейінгі жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған. Жинақта бүгінгі заман кейіпкерлерінің жүрек дүрсілі, сезім дірілі бар.
Қарабеков Б.
Өмірімнің өрнегі: Өлеңдер, балладалар, дастан. Бауыржан Қарабеков.-Алматы: «Жазушы» баспасы, 2022.-288 бет.
Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бауыржан Қарабековтің бұл жинағына соңғы кезде жазған поэзилық туындыларымен қатар бұрынғы жырларының таңдаулылары енгізіліп отыр.Өмір құбылыстарын, табиғат тылсымдарын өзінше көріп, ой түйетін қаламгердің ақ пен қара, қараңғы мен жарық алмасқан алмағайып кезеңнін тамырын тап басып, болмысқа барлау жасау арқылы туған жырларының өз өрісі, соны соқпағы мен өзгеше өрнегі, өз табиғаты бар.
Байоралова Н.
Арна. Өлеңдер. / Назым Байоралова. –Алматы: ЖК «Жақсылықов А.А.», 2022. -240 бет.
Ақынның жаңа жыр жинағының арқауы-шығармашылығының әр кезеңін қамтитын ішкі жан арпалысы, сыры да, шыны да, көз жасы да мөлтілдеп өлең боп тамған төрт дәптер.
Албырт жастық алқынысы, тайғанақ тағдар жолынан сүрінбей өтіп, сарабдал ой түйген, салмақты, сабырлы даусы, парасат-пайымы-Ұлы Дала, ұлт топырағынан дарыған қасиет.
Әскербекқызы Ж.
Миф-о-поэзии: Өлеңдер, поэма, аудармалар. Жанат Әскербекқызы. –Алматы: «Жазушы» баспасы, 2022.-192 бет.
Жанат Әскербекқызы-қазіргі поэзияда өзіндік қолдаңбасы бар талантты ақын. Оның өлеңдерінде ел мен жер, өткен дәуір мен бүгінгі өмір суреттері, көңілдің түрлі сәттері бағзы таныммен сабақтасып, тың бейнелеулермен түзіледі. Бұл жинаққа ақынның жаңа өлеңдері мен «Алып ана-Түкті ата» атты әпсана-поэмасы және жапон поэзиясынан аудармалары енді.
*Әдебиеттану*
Балмағамбетов И.
Жазушының жан сыры. Публицистикалық туындылар. /Исатай Балмағамбетов.-Алматы: ЖК «Арнур», 2022.-320 бет.
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Исатай Балмағамбетовтің бұл кітабына әлеуметтік ой-сана, ұлттық рух, өмір мен тұрмыс түйткілдері, сондай-ақ замандастарының адамгершілік қасиеттері хақында және экономика тақырыбында жазылған публицистикалық туындылары топтастырылып отыр.