- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 24 июля 2023
- Просмотров: 37
Жалағаш аудандық кітапханаға 2022 жылдың қараша айында түскен жаңа кітаптардың тізімі
*Қоғамдық-саяси әдебиеттер*
Шаймерденұлы Е.
Елтаным. Тарихи-философиялық рәмізбаян. / Ербол Шаймерденұлы.-Алматы: «SUNSHINE plus», 2022-320 бет.
Ел-ұлттық дүниетанымымыздағы ұлы ұғымдардың бірі. Арғықазақ сөзінен бастап күні бүгінге дейін еш өз өзгеріссіз қауым, қанағат, ел-жұрт, Отан, мемлекет мағынасында қолданылып келеді. Елдік мінез, елдік дәстүр, елдік мұрат, елдік намыс, елжандылық, отаншылдық тәрізді рухани құндылықтардың өзегі де-осы сөз, осы ұғым. Кітап ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты ғылыми- көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, елдік аңсарларға сүйіспеншілік және отаншылдық сезімдерін оятуға бағытталған.
Әлпейісова К.А.
Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп... (Ешқашан ескірмейтін мәселелер туралы ой-толғамдар) /Камал Әлпейісова-Алматы: «Дәуір», 2022.-240 бет.
Кітапта филологи ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Камал Әлпейісованың ешқашан құны жоғалмайтын өзекті мәселелер: отбасылық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі, ана тілдің мерейі, ауызбіршілікте өмір сүру туралы ой-толғамдары жинақталған.
Асилов Н.Т., Макипов А.С.
История становления и развития военной подготовки в вузах Казахстана: научно-популярный сборник / Н.Т.Асилдов, А.С.Макипов.-Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2022.-208 стр.
В научно-популяярном сборнике на основе большого круга различной литературы рассматривается история становления и развития системы военной подготовки гражданских вузах Казахстана.
Қойшыбаев Б.
Тәуелсіздік тамырлары: Зерттеулер,мақалалар, сұхбаттар / Бейбіт Қойшыбаев.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-612 бет.
Жазушы, публицист, тарихшы-ғалым Бейбіт Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік тамырлары» атты тарихи-танымдық әңгімелерден тұратын жинағына кірген зерттеу, мақала, сұхбаттар шартты түрде бес бөлімге жіктелген. Алғашқы бөлім тәуелсіз кезеңдегі Қазақ Ордасы дәуірінен бастап, отар замандағы күрестерден, монархия іргесін шайқалтуға өзіндік үлес қосқан Он алтыншы жыл оқиғасынан, азаттық қозғалысының шарықтау шегі-Алаш Ордасы құрылғанға дейінгі кезеңдерден ақпарат береді.
Сейіл А.
Ой-керуен: Зерттеулер, сұхбаттар, танымдық мақалалар / Айгүл Сейіл-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-320 бет.
Қаламгердің бұл кітабына әр жылдары жазып, «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Жас алаш» сынды мерзімді басылым беттерінде түгелдей жарияланған, танымдық мәні терең, оқушысына ой салатын дүниелері енді.
Михайлюкова З.
Дети с глубокими нарушениями зрени.-Алматы, АО «Алматы-Болашақ», 2022.-144 стр.
В книге З.К. Михайлюковой, тифлопедагога, кандидата педагогических наук, отличника просвещения РК освещаются актуальные вопросы развития, обучения, воспитания детей с глубокими нарушениями зрения.
***Әдебиеттану***
Байтұрсынұлы Ахмет
Шығармалары-Сочинения. Он екі том. Әдебиет танытқыш. Қазақ тілінде / Ахмет Байтұрсынұлы. Т. ІХ:-Астана: «Алашорда» ҚҚ,-2022.-592 бет.
Ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлының он екі томдық шығармалар жинағының 9 кітабына ұлттық әдебиеттанудың тұғыры, қазақ әдебиетінің алтын ғасыры болып табылаты «Әдебиет танытқыш» атты зерттеуінің 1926 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында қопарылып, факсимилесі оң қапталына берілді.
Тілешов Е.Е.
«Алаш туы астында...» ғылыми-танымдық жинақ.-Алматы,-2022, 480 бет.
Кітапқа енген Алаш қозғалысы туралы ғылыми мақалаларда қозғалыстың қайраткерлері, басталуы, барысы, оның аясындағы оқиғалар жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалған. Жинақтың ең негізгі бөлігі-қозғалысқа қатысушылар тізімі. Әр тұлғаның қозғалысқа қатысы нақты тарихи деректермен дәйектелген.
Кәріпжан А.
Қаламгер қағанаты: Әдеби сын мақалалар, қаламгерлер жайлы ой-толғамдар / Аманғазы Кәріпжан. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-400 бет.
Бұл кітапқа Қазақстан Жастар Одағы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының иегері, жыр мүшәйрасы, ақындар айтысы, сазгерлер және жыраулар байқауларының жүлдегері Аманғазы Кәріпжанәулетінің әдеби сын мақалалары мен қаламгерлер жайлы ой-толғамдары енгізіліп отыр.
Қуантаев Н.
Мың сәуле: Әдеби зерттеулер, мақалалар, аудармалар, әңгіме, сұхбаттар/ Нұржан Қуантаев.-Алматы: «Дәуір», 2022.-384 бет.
Әдеби үрдіске сыни көзқараспен қарап, «Әдебиет-ардың ісі» деген ұғымның таразысын тең ұстайтын талғампаз, толыққанды әдебиет зерттеушісі, әдебиеттанушы Нұржан Қуантаевтың бұл жинағына күрделі, көлемді зерттеу, сараптама мақалаларымен бірге әдеби-көркем талдау еңбектері топтастырылған. Олардың қай-қайсысы да шебер қолдан шыққан, сауатты пікірге, көшелі ой-толғамға толы.
Қаншайым Байдәулет
Танымал әннің тарихы. / «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022-352 бет.
Кітапқа «Айқын» газетінің бетінде 2007-2009 жылдары жарияланған 100 танымал әннің тарихы бандалады. Әр әннің өз тарихы бар. Кітап танымал туындылар тарихын зерттеп, зерделеуімен құнды. Журналист өз еңбегінде ән қай жылы жарыққа шығып, көпшілікке қалай таралғанын әңгімелейді. Автор мен орындаушының ой-естелігімен, қызықты тағдырымен бөліседі.
Ыбырайым Бекен
ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясы / Бекен Ыбырайым. –Алматы: «Дәуір», 2022-384 бет.
Белгілі сыншы-ғалым, жазушы Бекен Ыбырайымның зерттеу еңбегі қазақ өлеңінің көркемдік әлемін, белгілі ақындардың шығармашылығын сараптауға арналған. ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясына зор ықпал еткен саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени құбылыстар сан алуан. Соған сәйкес аталған кезеңдегі әдеби процесте күрделі де қайшылықты көркемдік ізденістер мол.
Рамазан Д.Ә.
Дәрмене: көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер /Думан Рамазан.-Алматы: «Дәуір», 2022.-528 бет.
Қазақстанның екбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, талантты қаламгер Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына ел, жер, ұлт, мемлекет, тіл, дін, діл қатарлы тақырыптарды қамтыған көсемсөздік мақалалары һәм тарихи зерттеулері, әдеби сындары, жолжазбалары мен аудармалары таптастырылған.
Қалиев С.А.
Арман қанатындағы жазулар: Әдеби мақалалар, сұхбаттар, естеліктер. /Серік Қалиев.-Алматы: «Дәуір» баспасы, 2022.-224 бет.
Оқырман қауымға ақын ретінде танылған Серік Қалиевтің бұл кітабында әр жылдары жазылған әдеби талдау мақалалары және өнер мен әдебиет жөніндегі сыр-сұхбаттары, балалық шақтағы әсерлі естеліктері, баспасөз бетінде «Деген екен» айдарымен жарияланған жазбалары топтастырылған.
Әлімақын Д.
Табалдырық: Мақалалар мен сұхбаттар / Дүйсенәлі Әлімақын. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-256 бет.
Бұл кітапқа ақын, журналист Дүйсенәлі Әлімақынның танымал қазақ қаламгерлері, мәдениет және өнер қайраткерлерімен және әлемге белгілі шетел ақын-жазушыларымен, Нобель әдебиет сыйлығына үміткер ақындармен ағылшын тілінде жасаған сұхбаттары, олардың еңбектері туралы жазған танымдық мақалалары топтастырылған.
***Көркем әдебиеттер***
Мұқамәдиқызы Е.
Талбесік: Өлеңдер, толғаулар, поэмалар / Егеухан Мұқамәдиқызы.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022-336 бет.
Автордың бұл жыр кітабы төрт бөлімнен тұрады. Жинаққа бұрын жарық көрген «Ақ қайнар», «Ару арманы», «Қос қанат», «Қос ішек» деген кітаптарына енген өлеңдері мен толғау, поэмалары және соңғы кездері жазған жаңа шығармалары енді. Ақын жырларының әрбір жолынан ана жүрегінің мейірімге толы ыстық лүпілі аңғарылып тұрады.
Салтанат Минайхан
Жеңілмейтін махаббат./ Салтанат Минайхан.-Алматы: «Жалын баспасы».2022.-288 бет.
Бұл кітапта Минайхан Салтанаттың 2012-2015 жылдары студенттік шағында жазылған шығармалары шоғырланған. Отанға деген сағыныш, ата-ананың махаббаты, екі жастың адал сезімдерімен қатар ауылдың сағынышқа толы естеліктері көркем суреттеледі.
Досжан С.
Шығармалары. Екі томдық / Сәуле Досжан.-Нұр-Сұлтан: Фолиант. Т.2: Өгей жүрек: Хикаяттар. Әңгімелер. Роман.-2022.-480 бет.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын-жазушы Сәуле Досжанның «Өгей жүрек» атты бұл жинағына таңдамалы прозалық шығармалары енгізіліп отыр. «Жалғыздың жарасы» романы мен «Жұмақтан қашқан әйел», «Әкемнің құпия аманаты», «Құлазу» хикаяттары жинақтары топтастырылып еніп отыр.
Бейсенбиева Күләш
«Өмір-өзен, уақыт-керуен»: «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022.- 464 бет.
Бұл кітапта ширек ғасырға жуық Қазақстан баспасөзінде өнімді еңбек еткен журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Күләш Бейсенбиеваның кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болар өмір өткелдері, тәрбие тақырыбына жазылған еңбектері қамтылған.
Ерлан Жүніс
Мық кітабы: «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022,-496 бет.
Ақынның бұл кітабына кейінгі жылдар бедерінде жазған лирикалық өлеңдері мен поэмалары, толғаулары еніп отыр. Оның өлеңдеріндегі ой ағыстары мен сезім иірімдері, нәркес те нәзік лиризмі, интеллектуалдық пайымы баурап алады.
Мәжитов М.
Соңғы нүкте: Роман / Марат Мәжитов.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-352 бет.
Романда Батыс өңіріне кеңінен танымал атышулы банды атанған Құныскерей Қожахмет баласының Түркімен еліндегі өмір жолы тарихи деректерге сүйене отырып, дәлме-дәл суреттеледі. Қым-қиғаш тартысқа құрылған шығарма сюжеті күрделі оқиғаларды тізбектеп, өлім мен өмір арасындағы қанды айқасқа әкеп соқтырған небір арпалыстарды сөз етеді.
Тарази Ә.
Шығармалары.-Т.11: Аударма. Ф.Рабле. Гаргантюа және Пантагрюэль. Роман.-Нұр-Сұлтан: Фолиант.-2022.-664 бет.
Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, драматург Әкім Таразидың шығармалар жинағының 11 томына атақты француз жазушысы, қайта өркендеу дәуірі әдебиетінің өкілі Франсуа Рабленің «Гаргантюа және Пантагрюэль» романының аудармасы еніп отыр.Роман аударма заңдылығын сақтай отырып, қазақ ұғымына лайықтап аударылған.
Кеңшілік Мырзабеков
«Сәруар».- «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022, 480 бет.
Кеңшілік Мырзабековтың «Сәруар» жинағына ақынның көзі тірі кезінде әр жылдары жарыққа шыққан оннан астам кітаптарынан сырлы сезімге толы өлеңдері топтастырылды. Ақынның өлеңдері оқушыларын адамгершілікке, ізгілікке, мөлдіреген тазалыққа тәрбиелейді.
Жұлдыз Тойбек
«Руханият».-«Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022.-432 бет.
Белгілі қаламгер-ақын Жұлдыз Тойбектің бұл кітабына елдің рухани дамуы мен кемелденуіне мәдениет, өнер, ғылым, білім саласында шығармашылық тұрғыдан ерекше үлек қосқан қайраткерлердің ұшан-теңіз еңбегі арқау болады. Ұлттық дәстүрді дәріптеу, тіл, дін жайында жазылған дүниелер оқырманын қызықтырады.
Есдәулет Ұ.
Қарғалдақ. Жырлар. Верлибрлер, Дастандар./ Ұлықбек Есдәулет.- Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022.-464 бет.
Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің бұл жаңа жинағына соңғы жиырма екі жылда (2000-2022ж.ж.) жазылып, бірен-сараны топтама түрінде ғана бір томдықтарына енген, бірақ осы уақытқа дейін жеке кітап болып жарық көрмеген өлеңдері, Жаңаөзен жырлары және «Күнбағыстар», «Мең-зең» поэмалары енгізілді.
Қаназ М.
Армандай алыс жағалау: әңгімелер, хикаяттар мен ертегілер./ Молдахмет Қаназ.-Алматы: «Денсаулық» ЖШС, 2022 жыл-320 бет.
Кітапқа жазушының оқырмандар тезінен өткен таңдамалы әңгімелері, хикаяттары, балаларға арналған шығармалары мен ертегілері енгізіліп отыр. Бұл шығармаларда ел өмірі, замандастырымыздың арман-мүдделері мен кезеңдер тынысы айқын сезіліп тұрады.
Сарай Ә.
Шығармалары.-Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2022.
ҮІ том. Еділ-Жайық: роман-трилогия. Мұз кешу. Үшінші кітап.-344 бет.
Бұл 6 том-Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті қаламгер Әнес Сарайдың әйгілі «Еділ-Жайық» роман-трилогисының үшінші кітабы. Жазушы осы трилогия арқылы қазақ тарихының қасіретті бір кезеңін суреттейді. Ақ пен қызыл айқасып, арада алаш боп атқа қонғандар отқа күйген аласапыран заман өткеннің еншісінде жұмбақ күйінде қалды. Ел деп егескенде, жер деп жауласқанда кім, не үшін екенін ұқпай неғайбыл өмір кешкен ұлт перзенттерінің іс-әрекеті өз уақытында ерлік, әрине. Ал тарихи бағалау қашанда оқырман еншісінде.
Нұржан С.
Жастықтың жазғы жайлауы. Жыр кітабы. /Нұржан Светқали. –Алматы: «Асыл сөз» баспасы ЖШС, 2022.-760 бет.
Кітаптың аты айтып тұрғандай,Светқали Нұржанның бұл жинағы белгілі шайырдың сонау бөзжейде бозбала шағы мен ақжелең жігіттік дәуренінде жазылған жырларды қамтиды. Мұндағы туындылардың тілі шұрайлы, образдар әлемі шырайлы, ойлары өткір. Оқырманды өлеңнен өлеңге жетектеп отырады.
Оразов Нұрғали
Ақ ұлпа: Балалар мен жасөспірімдерге арналған хикаяттар мен әңгімелер.-Алматы: «Асыл сөз» баспасы ЖШС, 2022.-336 бет.
Халықаралық «Алаш» эәне Махмұт Қашкари атындағы сыйлықтардың лауреаты, жазушы, драматург Нұрғали Оразовтың бұл жинағына балалар мен жасөспірімдерге арналған хикияттары мен әңгімелері топтастырылған. Мұндағы шығармалардың оқиғасы қызықты, тілі көркем, ең бастысы, айтар ойы мәнді, маңызды.
Әлия Бөпежанова
Еділ қаған. Аударма пьесалар.
Орыс тіліне аударған Әлия Бөпежанова / «Алматы-Болашақ»АҚ баспасы, 2022.-272 бет.
Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби, ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының лауреаты Әлия Бөпежанова көркем аударма саласында, оның ішінде драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп келеді. Бірнеше көркем аудармасы қара шаңырақ- М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театр сахнасында қойылған аудармашының осы жанрдағы алғашқы жеке жинағына әлемдік драматургия жауһарларынан Е.Замятин, У.Шекспир,А.Чехов, т. Б авторлар пьесалары топтастырылған.
Аманжол Қ.
Айсберг астындағы ағыстар: Әдебиет әңгімесі / Қорғанбек Аманжол-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-448 бет.
Белгілі қаламгер, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжоловтың бұл кітабына негізінен көркем әдебиетке қатысты ой-толғам, эссе-мақалалары мен сұхбат-әңгімелері топтастырылған. Солардың ішінде қазақ әдебиетінің заңғар алыптары Ә.Нұршайықов, Қ.Мырза Әлі, Т.Молдағалиев, Р.Тоқтаров, Ж.Нәжімеденов, М.Мағауиндерден бастап көптеген тамаш ақын-жазушыларымыздың, журналист қаламгерлеріміздің әдеби портреттері өріледі, шығармашылық лабораториясы жан-жақты ашылып, даралықтары айқындалады.
Күмісбайұлы Ш.
Көне күмбездің сыры. Хикаяттар мен әңгімелер / Шәкен Күмісбайұлы.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-384 бет.
Көрнекті қаламгер Шәкен Күмісбайұлының бұл жинағына ұрпақ сабақтастығы, атадан-балаға ауысып келе жатқан салт-дәстүр сабақтастығы, туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілік, туған тілге адалдық, аға ұрпақтың алдындағы қарыз бен парыз сынды жас өскінге тәлім-тәрбие беретін дәм-тұзы анық дүниелері топтастырылып отыр.
Әлжантегі Т.
Ебіл-Дебіл дүние: Хикаяттар / Төкен Әлжантегі. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022-336 бет.
Кітапқа енген «Бақыр басты еркек», «Алма кезек дүние», «Шеңбер», «Сергелдең» секілді хикаяттардың барлығы да бүгінгі күн тақырыбына арналған. Автор хикаяттарында заман тынысы, өмір ақиқатын көркем тілмен шынайы суреттеп, оқырмандарын ойлануға шақырады. Әр туындының оқиғасы қанық, желісі шымыр.
Шамұратова Ж.
Айтылмаған сыр./ Жадыра Шамұратова.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022-344 бет.
Бұл мерзімді басылым беттерінде жарияланған туындыларымен ерте танылған Жадыра Шамұратованың алғашқы прозалық туындысы. Жинақта адамдар бойындағы парасаттылық пен адамгершілікке үндейтін шығармалардың оқиғалары көркем тілмен бейнеленіп, шиеленісті өрбіп отырады.
Ақдәулетұлы М.
Таңдамалы. 5 томдық. 1-том. /Мейірхан Ақдәулетұлы.-Алматы: «Керемет медиа», 2022.
ҚР Президенті сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Жазушылар одағының Ж.Нәжімеденов атындағы сыйлығының лауреаты. Мейірхан Ақдәулетұлының шығармашылығы әдеби-мәдени, кәсіби деңгейі өте жоғары, қалын оқырманның ерекше қызығушылығын тудырған дүниелерден, елге кеңінен танымал еңбектер.
Телеуова З.
Бет перде: Шытырман оқиғалы көркем әдебиет / Зияш Телеуова.-Алматы: «Дәуір», 2022.-256 бет.
Автордың бұл жинағына «Бет перде», «Ең әдемі қылмыскер» және «Бермут ұшбұрышы» деп аталған шытырман оқиғалы хикаяттар топтастырылған. Шығармалардың сюжеттері шымыр, оқиға желістері сенімді, тіл оралымы оңтайлы.
Оспан Ж.
Бұлақ басынан тұнады: Эссе, портрет, мақалалар / Жомарт Оспан.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-272 бет.
Кітапқа қаламгердің соңғы жылдары мерзімдік басылымдарда жарық көрген танымдық материалдары, жеке адамдар туралы мақалалары, әр кезеңдегі елеулі тұлғалар туралы толғаныстары топтастырылған.
Жанапиянова Ж.К.
Ана. Әңгімелер жинағы / Жанар Жанапиянова.-Алматы: «Дәуір» баспасы, 2022.-240 бет.
Кітаптың «Ана» деп аталуының себебі барлық тіршілік көзі анадан тарайды. Үш қана әріптен тұратын сөздің мағынасы әр адамға қастерлі. Кітапта қарапайым қазақ аналарының өмірі бейнеленген. Әңгімелер жинағы өмірдегі отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын тілейтін Аналар туралы.
Бабашева (Бабаш) Б.
Айсезім: Өлеңдер / Бақытгүл Бабашева (Бабаш)-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-128 бет.
Өлеңдері «Жаңа қазақ әдебиеті» серисына еніп отырған ақынның бұл жинағы «Әлемде жоқ ақ сезіммен сағынып» және «Біз, шерлілер қайтер ек, өмірде өлең болмаса?» деген екі бөлімнен тұрады. Автор іңкәр сезімді, көңіл күйін, махаббат пен мұңды кестелі сөзбен өрнектейді.
Құнапияқызы М.
Көңіл құсы: Өлеңдер, поэмалар, баллада / Мағиза Құнапияқызы.-Алматы: «Дәуір», 2022.-224 бет.
Жыр жинағы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге топтастырылған лирикалық өлеңдерінде ақын атамекен,туған елге деген перзенттік махаббатын терең тебірініспен жыр кестесіне түсчіреді. Екінші бөлімде «Қыл кепеш», «Толғатқан құм», «Арман сыры», «Жүрек тас» атты поэмалары мен ортақ желіге құрылған балладалары берілген.
Ахмет Д.
Көк тудың желбірегені: Хикаяттар, әңгімелер, мысалдар, ертегілер /Дәнеш Ахмет.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-272 бет.
Дәнеш Ахмет есімі кітап сүйер қауымға бұрыннан таныс.
Оның әр жылдары балалар тақырыбы және азаматтық әдебиетке арнап прозалық шығармалары Республика көлеміндегі барлық әдеби басылымдарда жарық көрген. Оннан астам прозалық кітаптың авторы. Балалар мен жасөспірімдерге арналған халықаралық жабық әдеби «Дарабоз» конкурсының лауреаты. Бұл кітап-жазушы шығармашылығындағы жаңа белес. Әр түрлі жанрда жазылған дүниелерде бүгінгі рухани жаңғыру заманындағы бақытты балалардың әрқилы әрекеті, өмірге құштарлығы, толайым табыстары мен кейбір жетіспеушіліктері сөз болады.
Асан А.
Айша бибі: Өлеңдер, балладалар / Ақерке Асан.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-160 бет.
Жас ақын Ақерке Асанның «Айша бибі» жыр жинағына бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері топтастырылған. Өлеңдерінің дені жастық, махаббат тақырыптарына құрылғанымен, туған жер, өскен орта алдындағы перзенттік парызын жырларына өрнектей білген автордың бұл жинағына көпшілік оқырманның көңілінен шығады деген ойдамыз.
Биші қайындар: Жыр жинағы./Саят Қамшыгер.-Алматы: «Дәуір» баспасы, 2022.-224 бет.
Саят Қамшыгердің бұл жыр жинағына әр жылдарда жазылған өлеңдері топтастырылған. Сыршыл ақынның табиғат, туған жер, Отан, отбасылық құндылықтар, махаббат, достық тақырыбындағы жырлары оқырмандарды бірден баулап алары анық.
Кеңесбекұлы Е.
Сағыныш басқан: Өлеңдер,/ Ерқанат Кеңесбекұлы.-Алматы: «Дәуір», 2022.-96 бет.
Ерқанат Кеңесбекұлының «Сағыныш басқан» атты кітабына өзекжарды өлеңдері енгізіліп отыр.
Файзолла А.
Жүрек-аспанымның жұлдызы: Өлеңдер, балладалар, аудармалар / Алпамыс Файзолла.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-144 бет.
Автор бұл жыр кітабында өзіндік қолтаңбасымен танылады. Өлеңдерінде, балладаларында, аудармаларында қандай тақырыпты көтерсе де сол мәселенің түп-тамырына барынша баруға, маңыздылығын мейілінше жан-жақты ашып көрсетуге бар болмысымен ұмтылады.
Шашкова Л.
На восход света: Стихи, поэмы / Любовь Шашкова.-Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2022.-196 стр.
Книга стихов и поэм «На восход света» отражает полувековой творческий путь известного казахстанского поэта и переводчика Любови Шашковой. В новую книгу избранного вошли произведения, публиковавшиес начина с 1972 года прошлого века и написанные в новом столетии.
Тәжмағамбетова (Мыса) М.
Құрақ көрпе: Өлеңдер, поэмалар, баллада /Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса).-Алматы: «Дәуір», 2022.-216 бет.
«Құрақ көрпе»-талантты ақын Мақпал Тәжмағамбетованың алтыншы жыр кітабы. Бұл кітапқа кейінгі жылдары жазған жырлары топтастырылып отыр. Өрнекті тіл, образды ой, сезім тазалығы Мақпал өлеңдерінің өзегі десе болады.
Кулбаев А.
Мүшел жас. / Сборник кинопьес. Абай Кулбаев.-Алматы: «Дәуір», 2022.-160 стр.
Данная книга казахстанского киносценариста Абая Кулбаева, в которую вошли три киносценарии автора, повествует о таких жизненно важных ценностях, как любовь, дружба, преданность и счастье, в противовес которым находятся следующие негативные проявления жизни, как ненависть, враждебность, предательство и горечь бытия.
Әлімжан Е.А.
Алтын жүлде жыры: Роман /Елен Әлімжан –Алматы: «Дәуір», 2022.-288 бет.
Белгілі жазушы Елен Әлімжанның «Алтын жүлде жыры» атты жаңа романы қазақ әдебиетінде көп көрініс бермеген гуманитарлық сала ғалымдарының социалистік шеңбердегі өмірі мен отарлық идеология найзасының ұшында жүріп жазған еңбектерінің талан-тағдырын арқау еткен интеллектуалды туынды.
Болатханова Б.
«Менің жасыл әлемім»: Әңгімелер, ертегілер мен хикаяттар /Баян Болатханова.-Алматы: « Molia & DOS» ЖШС баспасы, 2022.-256 бет.
«Әркімнің де көк майса балалығына алып баратын қил соқпағы болады. Менде де сондай». Жазушылардың Халықаралық «Дарабоз» сыйлығының лауреаты, жазушы Баян Болатханованың жаңа кітабы да осылай басталады.
Кітапқа балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгімелері мен ертегілері, хикаяттары топтастырылған.
Түменбай Қ.Е.
Хикаяттар мен әңгімелер / Қуандық Түменбай-Алматы: «Дәуір», 2022-320 бет.
Танымал жазушы Қуандық Түменбайдың бұл жаңа жинағындағы шығармаларға тәуелсіздік кезеңіндегі ұлт мінез-құлқының өзгеруі мен олардың жаңаша тұрмыс-тіршілігі арқау болған. Сондай-ақ, Ауған соғысы мен БАМ-ға барған қазақ жастарының өмірі, желтоқсаншылар тағдыры да қамтылған.
Қалибекұлы Ғ.
Шеген. Өлеңдер, поэмалар, толғаулар, әзіл-оспақтар / Ғалым Қалибекұлы.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-304 бет.
Жаттанды дидактика мен жасандылықтан ада, ішкі сезімді ірікпей бере білетін талантты ақынның бұл жинағына өлең-жырлары мен толғау, дастандары еніп отыр.
Жақсыбаев А.
Иса ақын: роман (І кітап) Ахат Жақсыбаев.-Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, -2022.-488 бет.
Жазушы Ахат Жақсыбаев «Иса ақын» романының І кітабында қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Иса Байзақовтың балалық шағын, жастық дәуренін, ақын болып қалыптаса бастаған кезеңін қамтиды. Роман Исаның дүниеге келгеннен бастап азамат атанғанға дейінгі өмір жолын тұтастай баяндайды.
Жақсыбаев А.
Иса ақын: роман (І кітап) Ахат Жақсыбаев.-Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, -2022.-600 бет.
Жазушы Ахат Жақсыбаев «Иса ақын» романының ІІ кітабында қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, суырып салма ақын Иса Байзақовтың 20-шы жылдардың басындағы өмір өткелдерін көркем бейнелейді.Бұл кезеңде Исаның ақындық таланты шарықтап, шырқау биігіне көтеріліп, елге кеңінен танылады. Қажымұқан палуанмен, Майра әншімен жолы түйісіп, қызықты дәурен сүреді.
Мадина Омарова.
«Менің қаһарман шөберем». / Мадина Омарова.-Алматы: «Жалын баспасы». 2022.-576 бет.
«Менің қаһарман шөберем» кітабына этюдтік проза, драматургия салаларында өзіндік қолтаңбасы бар автордың әр жылдары жазылған таңдаулы шығармалары еніп отыр.
***Тарих***
Бисұлтанов Б.
Тұншыққан шындықы. Деректі роман / Байназар Бисұлтанов. –Алматы: «Дәуір», 2022.-256 бет.
«Тұншыққан шындықтың» бірінші бөлімінде бүгінге дейін жалған тергеу амалдарымен сотталып, сонан соң құпияланып келген жаттанды көзқарастың шаңы қағылып, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен соның зардабын тартқандар туралы ел аумағында жинақталған 113258 құпи қылмыстық іс-құжаттарын құпиясыздандыру бағытында істелген іс-әрекеттер баяндалады.
Құлиев Ж.
Ораз Исаев: Естеліктер, зерттеулер/ Жұмабай Құлиев- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022.-288 бет.
ХХ ғасырдың басында, аса ауыр әрі қасіретті жылдары халқы үшін жанкешті еңбек етіп, бойындағы туа бітті дарыны мен қабілет-қарымын сарқа жұмсаған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жанұзақұлы Исаевтың сталиндік нәубеттің құрбаны болғанына биыл 84 жыл толды. Қайраткер азаматтың тұрлаулы істері мен толғаулы ойлары, мағыналы өмір жолы ұрпаққа үлгі болып қалып отыр. Бұл жинаққа халық перзентінің мақалалары, сөйлеген сөздері, сыйлас-пікірлес болған замандастарының естеліктері мен заманалық сөздері топтастырылған.
Ахметжанқызы Л.Ә.
Дәстүр даналығы: ғылыми-танымдық әдебиет / Ләйлім Ахметжанқызы.-Алматы: «Дәуір», 2022.-240 бет.
Кітапта негізінен, қазақ халқы үшін рухани құндылықтың бастауы болған салтдәстүр мен әдет-ғұрыптың бүгінгі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы айтылады. Шығармада бала тәрбиесінен бастап отбасылық, достық, ағайындық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуына арқау болған қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс табады.
Қият А.
Ұлы Дала билеушілері: қазақ сұлтандарының тарихы мен тағдыры /Арман Қият-Алматы: «Дәуір», 2022-336 бет.
Ұсынылған монография-Қазақ хандығының билеуші әулеті Шыңғыс ұрпақтарының қоғамдық-саяси қызметтерін, орнын, рөлін және олардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалдарын анықтауға жасалған кешенді зерттеу.
Букеевская Орда /Сост: Мереке Культенов.-Алматы: ТОО «Мерекенің баспалар үйі», Mereke baspasy, Т.І:-2022.-624 стр.
В данный том вошли работы В.В. Вельяминова-Зернова: «Исторические известия о Киргиз-Кайсаках и сношениях России со Средней Азией со времен кончины Абул-Хаир хана (1748-1765 г.г)»; И. Казанцева: «Описание Киргиз-Кайсаков»; И.С.Иванова: «Джангер, хан Внутренней Киргизской Орда», выпущенная в типографии Н.Л.Рослякова в г. Астрахани в 1985 году; «Внутренняя Киргизская Орда»; М.Я.Киттары «Ставка хана Внутренней Киргизской Орды»; Э.Островского «Поездка во Внутреннюю Киргиз-Кайсацкую Орду, с ветеринарной целью»; Н.Троицкого: «Взгляд на Внутреннюю Киргизскую Орду»
Қайыркен Т.З.
Қытай тарихнамасындағы қазақ тарихы: Тарихнамалық талдау
/Тұрсынхан Зәкенұлы (Законұлы) Қайыркен.-Алматы: «Дәуір», 2022.-784 бет.
Қытай-тарихнамалық дәстүрі ертеден қалыптасқан ел. Қытай деректерінде қазақ халқының арғы-бергі тарихы туралы мол мәліметтер қамтылған. Сол себепті, Қытай ғалымдары ертеден-ақ Қазақ тарихына қызығушылық танытып келеді. Солардың ішіндегі ең жемісті еңбек еткен-тарихшы ғалым Су Бэйхай. Ол «Қазақтың жалпы тарихы» атты еңбегін Қазақстан тәуелсіздік алудан бұрын, яғни өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында жазып аяқтаған еді.
Құлымбетов Ұ.
Ұзақбай Құлымбетов-қазақ билігінің ақсақалы: ғылыми зерттеулер, естеліктер мен ғұмырнамалық хикаяттар.- Құраст. Х.Әбжанов және т.б.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2022.-512 бет.
Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовке арналған бұл жинақ төрт бөлімнен тұрады. І бөлімінде қайраткердің қоғамдық-саяси қызметіне қатысты ғылыми зерттеулер ұсынылған. ІІ бөлімі ертеректе жарық көрген естеліктер мен мақалаларды қамтыса, ІІІ бөлім тікелей ұрпағының естелік-хикаяттарынан тұрады. ІҮ бөлімде белгілі тұлғаның қоғамды-саяси қызметін айғақтайтын құжаттар мен хаттар топтастырылған.
***Жаратылыстану***
Чилдибаев Д., Аманбаева М.Б.
Биология. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық. / Джумадил Чилдибаев, Махаббат Батырғалиқызы Аманбаева.-Алматы: «Керемет медиа», 2022.-616 бет.
«Биология. Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық»-биологилық терминдердің кең қолданысқа түскен 5000-нан астам сөзді қамтиды. Алғашқы биологиялық әліппеден бастап биология ғылымының барлық салаларын қамтуға тырысқан. Энциклопедия-биология пәндерінің 6-11 сыныптарға арналған тараулардың тақырыптарының мазмұны бойынша кездесетін биологиялық терминдерді қамтиды.