- Категория: е-Кітап
- Опубликовано: 24 июля 2023
- Просмотров: 35
Жалағаш аудандық кітапханаға 2022 жылдың желтоқсан айында түскен жаңа кітаптардың тізімі
*Қоғамдық-саяси әдебиеттер*
Фазылжанова Анар Мұратқызы
Сөз сазы және интонаци (эксперименттік-фонетикалық зерттеу). «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022.-208 бет.
Еңбекте қазақ сөз сазы (просодикасы) мен интонациясының, тіл жүйесіндегі орнын, құрылысын, бірліктерін, осы бірліктердің өз ішіндегі және өзара байланысын ашып көрсететін суперсегментті фонекикаға қатысты құрылымдық бағыттағы ізденіс нәтижелері берілді.
***Өнер***
Теменов Талғат
Беймәлім таныс бейнелер/ Т.Теменов.-Астана: Фолиант, 2022.-304бет.
Бұл кітапқа Қазақстанның халық артисі, көрнекті кино және театр режиссері, профессор, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Талғат Досымғалиұлы Теменовтің өнер мен мәдениет, әдебиет саласының тұлғалары және қоғам қайраткерлері туралы әр жылдары жазылған жүрекжарды портреттік мақалалары, шығармашылық кескіндемелері, сұхбаттар, тағы да басқа толғамдары еніп отыр.
Байтан А., Хумарзах А.
Баян-Өлкедегі күйшілік мектеп. («Қырық қалақша ауылы» дәстүрі негізінде). Танымдық-тарихи зерттеулер.-Алматы.-«Алматы-Болашақ» АҚ, 2022.-96 бет.
Аталған кітапта Баян-Өлкедегі күйшілік мектеп туралы қарастырылады. Соның ішінде «Қырық қалақша ауылы» атанған, Қызылқайын өлкесіндегі төлек күйшілерінің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен баяндалады. Сонымен қатар Баян-Өлкедегі күй, музыка өнеріне қатысты материалдар топтастырылған.
Исабеков Дулат
Театр және кино әлемі. /Студенттер мен көпшілік оқырманға арналған танымдық кітап.-Алматы: «Жалын баспасы», 2022.-432 бет.
«Театр және кино әлемі» деп аталатын бұл кітапқа автордың ұзақ жылдар бойы қазақтың Т.Жүргенов атындағы ұлттық Өнер академиясында драматургия және кинодраматургия саласы бойынша оқыған лекцияларының негізінде филологи факультеттері мен өнертанушы студенттерге және осы саланың қыр-сыры мен құпиясын білуге құштар көпшілік қауымға арналған танымдық кітап.
Вовнянко И.
Мой Кино Театр / И. Вовнянко.-Алматы ИД «Жибек жолы», Кн.1:Киносценарии.-2022.-600 стр.
В первую книгу трехтомника заслуженного деятеля Республики Казахстан, лауреата Государственной премии Казахстана, кинорежиссера, драматурга, видного общественного деятеля Вовнянко Игоря Александровича вошла киносценарии, получившие признание на республиканских конкурсах, реализованные на сценических и съемочных площадках.
***Көркем әдебиет***
Сапарбай И.
Әлем, Әйел және Мен / Исраил Сапарбай.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2022.-384 бет.
Соңғы жылдары әдебиеттің бірнеше жанрында (поэзи, драма, ән мәтіндері, аударма, публицистика) өндіре қалам тартып жүрген автордың біз ауызға алып отырған жаңа жыр жинағы жайдан-жай «Әлем, Әйел және Мен» аталмапты: көлемі де, өлеңі де таразы басын тең ұстап тұр. Ең бастысы, мұнда өрелі өлең, толымды толғау, кең құлашты поэма да бар.
Айтхожа Марфуға
Киік сезім: өлеңдер, поэмалар, балладалар / М.Айтхожа.-Астана «Фолиант». 2022,-312 бет.
Қазақтың жыр аққуы атанған ақын қыз Марфуға Ғалиқызы Айтхожина ұлт әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар сыршыл ақын. Көрнекті ақын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Бұл кітапқа жаңа өлеңдері, поэмалары топтастырылып отыр.
Мекебаев А.
Шығармалары / Адам Мекебаев.-Алматы: «НұрлыPress.KZ» Т.4-2022.-384 бет.
Бұл том-жастықтың желігі көңіліне жел бітірген кезде қателесіп, ақырында басынан бағы тайып, отбасын құрудан мүлде күдерін үзген ақылды да айлалы жанның кенеттен үйленіп ел қатарына қосылу мүмкіндігі байқалған кезде бастан кешетін аласапыран іс-әрекеті суреттелетін. «Жезтырнақ» романымен басталады.Сонымен қатар қаламгердің «Бойжеткен» повесі, бірнеше әңгімесі, ірі тұлғалар жайлы жазылған эсселері, әдеби сын мақалалары, сұхбаттары енген.
Әбдірәсілқызы Айнұр
«Тәңірі сипат тіршілік» / «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022.-152 бет.
Ақын Айнұр Әбдірәсілқызының кезекті жыр жинағы «Періштенің жанайқайы», «Елім-аяулым», «Кешкі сағыныш» атты арманды атаулармен айшықталған бөлімдерден тұрады. Ұлт пен рух, дін мен дәуір, жан мен сана-ақын қыздың әзелден дара қолтаңбасын осы жинақта да айқындай түскен тақырыптар. Кітапта қазақ әдебиеті тарландарының жоғары бағасына ие болған ақынның соңғы жылдардағы туындылары топтастырылған.
Қабидолдин Р.
Күркіреме – «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022. -192 бет.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Республикалық М.Мақатаев мүшайрасының жүлдегері, дарынды ақын Рауан Қабиболдинді жыр сүйер қауым өте жақсы біледі. «Поэзия деген ол-мөлт еткен сәт қана. Адамның кішкене ғана сәтінен ұлы дүниелерді алып шығуға болады»,-дейді жас ақын.
Ермек Сахариев
Сағындырған ауылым / Хикаяттар. «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022.-144 бет.
Ермек САхариевтің бұл кітабына автордың әр жылдары жазылған повестері мен әңгімелері енді. Шығармаларда туған жер, ауыл өмірі, онда тұратын адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен әрқилы тағдыры және адамгершілік қасиеттері сөз болады.
***Тарих***
Максат Таж-Мурат
Анатомия героизма: Неизвестна война Маншук.- Алматы. «Абзал-Ай», 2022.320 стр +24 стр иллюстрированной вклейки.
Книга, посвященная 100-летнему юбилею Героя Советского Союза Маншук Маметовой, главным образом преследует цель наиболее полного отражения, переосмысления, по сути нового прочтения биографии гериони с широким привлечением фактологического материала о ней.
Желтоқсан көтерілісі: Көп томдық айғақ-кітаптар./ Құраст. Талғат Айтбайұлы.-Алматы: «Дәуір» баспасы, 2022. 4-том.-480 бет.
Айғақ-кітаптардың төртінші томына енгізілген материалдары да Желтоқсан көтерілісі әлем назарын айрықша аударған тарихи үлкен оқиға екендігін нықтай түседі. Қантөгіс арпалыстардың арасында болған қаһармандары ұлт намысы үшін болған қақтығыстардың сол кездегі республика астанасы Алматыға ғана емес, басқа көптеген облыс, аудан орталықтарында, тіпті қазағы қалын ауылдық жерлердің өзінде өшпес із қалдырғанын айғақтайды.
Алмасбек Әбсадық
Ер Кейкі-ел есінде. (ғылыми-танымдық сапарнама баяны)-Алматы; «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022.-200 бет.
«Ер Кейкі-ел есінде» атты сапарнама баяны Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен 1917 жылы өткізілген «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедицияның жұмысының негізінде жазылған. Кітапта Кейкі батырдың ғұмырына қатысты архив мұрағаттары мен ел жадындағы тарих баяндалып, Қостанай-Торғай өңіріне қатысты өлкетанушылық танымдар зерделенеді.
***Тарих***
Нұрперзент Домбай
Ерлік-елге мұра /Алматы,- «Алматы-Болашақ» АҚ, 2022.-192 бет.
Белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Нұрперзент Домбайдың бұл кітабында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес әскерлерімен бірге басқыншы жауға қарсы аянбай күрескен қазақ жауынгерлерінің ерен ерліктері сөз болады. Оқырман қауым Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова, ержүрек жауынгерлер Мұханғали Тұрмағамбетов, Әбсамат Тәжбенов, Бектай Әбсаттаров, Қозғанбай Әбиев және басқалардың өмір жолдарына қанығу арқылы отансүйгіштік, патриоттық қасиеттердің құндылығын сезінері анық.