Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

coworking center

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірдегі аудандарда коворкинг орталықтары ашылуда.

Кітапханалардағы коворкинг орталықтарының ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналады.

Коворкинг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу мақсатында қолға алынуда.

Осы орайда 2018 жылы 14 желтоқсанда Жалағаш аудандық кітапханада COWORKING орталығы ашылды.

Бөлімде 1 кітапханашы жұмыс істейді:

Боранбаева Эльмира - орталық кітапхананың кітап қорын толықтыру жөніндегі жауапты кітапханашысы.

 

Кітап өңдеу секторының міндеттері мен мақсаты:

- Кітап қорын толықтыру, сақтау;
- Жаңадан келген кітаптармен жұмыс жүргізу, техникалық өңдеу, кітапқа тіркеу, кітапханаларға бөлу;
- Есеп кітаптарын жүргізу;
- Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды жазбаша есептерін дайындау;
- Қор есебін шығарылған кітаптардың шығыс актілерімен жұмыс жүргізу;
- Есеп каталогын жүргізу;
- Жүйе кітапханасындағы кітап қорына есеп жүргізу;

 

Міндеті:

* Кітапхана бойынша кітап қорын толықтырудың, сақталуының, кітап қорын тексерудің жалпы жауапкершілігі.
* Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды статистикалық және жазбаша есептерін дайындау.
* Қор есебінен шығарылған кітаптардың актілермен, қорға байланысты құжаттармен жұмыстар жүргізу.
* Есеп каталогын жүргізу.
* Жаңадан келген кітаптармен техникалық жұмыстар жүргізу, штамптау, индекстеу, бағаларын жазу.
* Тіркеуден өткен кітаптарды РАБИС бағдарламасына енгізу. Филиалдардың есеп кітаптарын толтыру.
* Филиалдарға таратылған кітаптардың жөнелтпе құжаттарымен /накладной/ жұмыс жасау.
* Шығыс актілерімен жұмыстар жүргізу.

Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.

Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:

  • бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға;
  • жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;
  • әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге;
  • кітапханалық кеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау;
  • іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;
  • кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер, конференциялар өткізу;
  • кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;

Әдістеме — библиографиялық бөлімде:

Бөлім меңгерушісі

Raushan

Қалиева Раушан Алтынбекқызы 1987 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2005 жылы №123 орта мектепті бітірген. 2008 жылы  Қызылорда педагогикалық колледждің кітапхана ісі мамандығын  бітіріп шықты. 2008 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан  библиограф, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап  әдістеме – библиография бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2010 — 2012 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген. Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады, сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.

Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады. Анықтама-библиографиялық жұмыстары оқырмандар сұраныстарын зерттей отырып, олардың ауызша жазбаша сұраныстарын қанағаттандырып отырады. Мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастырылады. Сонымен қатар ай сайын кітапханаға түскен жаңа кітаптардың тізімі мекемелерге таратылып, кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдары таныстырылады. Республикада, облыс және ауданда аталып өтілетін және еске алынатын күндерге және жазушылардың мерейтойларына тақырыптық картотекалар жасақтайды. Баспасөз материалдарын және өлкетану мақалаларын электронды түрде РАБИС – каталогизатор бағдарламасының «статьи» модулына құйып отырады. Аудан кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік кеңес береді.

 

Аудандық кітапхананың редакторы 

Uldai

Нұрымбетова Ұлдай Орынбайқызы. Білімі жоғары. Жезқазған мәдени-ағарту училищесін және Қызылорда «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан бері редактор қызметін атқарып келеді.1999 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2006-2020 жылдар аралығында «Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымынң хатшысы. 2018 жылдан бері «Аналар кеңесінің» мүшесі.

2014 жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хатымен, 2015 жылы  аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2016 жылы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші хатшысы А. Мырзахметовтың және 2019 жылы облыстық «Нұр Отан» партиясының бірінші хатшысы А.Әлназарованың  «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазіргі уақытта редакторлық қызметі бойынша жаңа келген кітаптарды өңдеу,  дер кезінде аудандық кітапхана мен барлық ауылдық кітапханаларға тарату, сонымен бірге аудандық орталықтандырылған кітапхананың  РАБИС бағдарламасы арқылы кітаптардың библиографиялық сипаттарын жүйеге енгізіп, әдебиеттерді электронды каталогқа құю арқылы жұмыс жасап отыр.

2021 жылы  «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ КІТАПХАНАШЫСЫ»  төсбелгісімен марапатталған.


Әдістеме — библиографиялық бөлімнің библиографы

Aisulu

Әмзеева Айсұлу Зкрияқызы  — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 27  сәуір 1969 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Жалағаш ауданындағы  №31 орта мектепті бітірген.

1986-1989 жылдары Алматы қаласындағы технологиялық техникумының «Тігін ісі» мамандығы бойынша бітіріп, 1989-1990 жылдары аудандық  халықтың тұрмысын өтеу комбинатында цех меңгерушісі, 1990-2001 жылдары кенттегі №246 орта мектепте технология пәнінің мұғалімі  болып жұмыс жасаған.

2003-2005 жылдары Қызылорда Гуманитарлық университетінің «Технология пәнінің мұғалімі» мамандығын бойынша оқыған, 2012-2014 жылдары Қызылорда қаласы «Ақмешіт»университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқып бітірді.

2006 жылдан бастап аудандық  орталықтандырылған кітапханада оператор, бағдарламашы болып, 2012-2018  жылдары кітапханашы, 2018-2022  жылдары оқырмандар бөлімінің меңгерушісі, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап библиограф болып қызмет атқарып келеді.

oku zaly

Оқу залында 2 кітапханашы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.                   

Кітапханашылар: Жүнісова Айткүл, Тұрмаханова Айғаным

Оқу залында анықтама-библиографиялық қор, газет және журнал оқырмандар сұранысына ие. Баспасөз материалдары, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, соңғы бес жылдың баспасөз материалдары бар. Түрлі тақырыптарда кітап көрмелерін ұйымдастырады, көпшілік шаралар өткізіледі.

tsdb 1

Аудандық балалар кітапханасы 1939 жылы ашылды.

Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі

Gulsim

Әлиасқарова Гүлсім Әлиасқарқызы — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 6 желтоқсан 1968 жылы Жаңадария ауылында дүниеге келген. 1985 жылы   №203 орта мектепті бітірген. Білімі жоғары. 1987 жылы Қызылорда кооперативтік техникумын, 2001 жылы Болашақ университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын,  2011 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан бастап Аққұм ауылдық кітапханасында кітапханашы, 2002 – 2014 жылдар аралығында балалар кітапханасында кітапханашы, 2014 жылдан бастап аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Еңбегі еленіп бірнеше рет облыс, аудан басшыларының алғыс құрметіне ие болды.

2021 жылы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ КІТАПХАНАШЫСЫ»  төсбелгісімен марапатталған.

Балалар кітапханасында 3 кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Бөлімде абонемент және оқу залдары оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

1.Шонықбаева Малина

2.Искакова Жанар

3.Қожабаева Гүлжанат

 

Кітапхана жұмысының мақсаты:

Аудандық балалар кітапханасы жас оқырмандарға әлеуметтік мәдени ортаның құндылығын сіндіріп, кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығын және ұлттық дәстүрлермен патриоттық тұрғыда насихаттау арқылы рухани бай қалыптасқан орта болып табылады;

Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани бай,оқу мәдениеті қалыптасқан оқырмандарды тәрбиелеу;

Өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін,елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу.

 Кітапхана жұмысының міндеті:

-Кітапханаға оқырмандарды тарту;
-Кітапты талғаммен оқуға баулу;
-Кітап қорын насихаттау
-Атаулы күндерге мәдени іс-шаралар өткізу;
-Жаңа кітаптарға ұсыныс тізімдер жасау.
- Кітапханада балалар әдебиеті ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Аудандық балалар кітапханасы аудан орталығындағы орта мектептердің 1-9 сынып оқушыларына, балалар оқуының жетекшілеріне қызмет көрсетеді. 

Жеке ыңғайластандырылған ғимаратта орналасқан. Жалпы көлемі – 432.1 шаршы метр.

 

КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫМЫ:

 Әдістеме- библиографиялық бөлімінің меңгерушісі –Қалиева Раушан Алтынбекқызы 

Әдістеме - библиографиялық бөлімнің библиографы –Әмзеева Айсұлу Зкрияқызы

Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі - Әлиасқарова Гүлсім Әлиасқарқызы

Аудандық кітапхананың оқырмандар бөлімінің меңгерушісі – Ешімова Жансұлу Ғабитқызы

Аудандық кітапхананың редакторы – Нұрымбетова Ұлдай Орынбайқызы

Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің бас есепшісі - Нұрмышева Кенжегүл Жүсіпбекқызы

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Рәміздер