Жалағаш аудандық кітапханаға 2018 жылдың қыркүйек айында түскен жаңа кітаптардың тізімі
***Қоғамдық саяси әдебиеттер***
Адисұлы Т.
Жалағаштан Ауғанстанға дейін:Ерлікке тағзым.-Қызылорда.-2018.-413 б.
Кітапта ХХ ғасырдың соңындағы еліміз тарихының қасіретті беттерінің бірі – Ауғанстандағы соғыс, оған қазақстандықтардың қатысуы жайлы айтылған.
Жаназа және жерлеу рәсімдері.-Астана.-2018.-148 бет.
Кітапта жаназа және жерлеу рәсімдерінің шариғатта көрсетілген жолдары мен түрлі мәселелері талқыланған.
Мәлібекұлы Ж.
Қазақстан Елтаңбасы.-Астана.-2017.-348 б.
Деректі кітап қаза, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Кітап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл толуына орай шығарылып отырған еңбек.
Томпы М, Уәлі М.
Шекара шегін айқындау дәуірі.-Алматы.-2015.-584 б.,72 жапсырма бет.
Жинақта қазақ-қалмақ шайқастары, Қазақ хандығының қалыптасуы, бұл үрдіске Жоңғария мен Калмыкия, патшалы Ресейдің және Цин Қытайдың ықпалын жан-жақты баяндалған.
***Көркем әдебиеттер***
Айтбай М.
Мөлдір өлең.-Алматы:Нұрлы әлем.-2015.-128 б.
Жинаққа ардай аппақ, бұлақтай таза, шықтай мөлдір жырлары топтастырылды.
Өзденбаева Қ.
Көңіл әйнегі:Әңгімелер.-Алматы.-2017.-208 б.
Кітап үш бөлімнен тұрады. Махаббат тақырыбына жазылған әңгімелері, 2003-2012 жылдар аралығында облыстық, республикалық баспасөзде жарық көрген журналистік шеберлігі және балалық шағының естеліктері берілген.
\
***Өнер***
Каменова Е.
Кемпірқосақтың түсі қандай.-Алматы:Өлке.-2018.-176 б.
Бұл – сөздік. Ол бейнелеу өнеріндегі әр алуан ұғымдардың мән-мағынасын түсіндіреді.
Қазақ әндері.-Алматы:Атамұра.-2014.-432 б.
Бұл жинаққа қазақ әндері, халық композиторларының, көрнекті сазгерлердің әндері, көңілді отырыстарда жиі айтылатын әндер топтастырылған.