Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Жалағаш аудандық кітапханаға 2018 жылдың қыркүйек айында түскен жаңа кітаптардың тізімі

***Қоғамдық саяси әдебиеттер***

 

Адисұлы Т.

     Жалағаштан Ауғанстанға дейін:Ерлікке тағзым.-Қызылорда.-2018.-413 б.

Кітапта ХХ ғасырдың соңындағы еліміз тарихының қасіретті беттерінің бірі – Ауғанстандағы соғыс, оған қазақстандықтардың қатысуы жайлы айтылған.

 

Жаназа және жерлеу рәсімдері.-Астана.-2018.-148 бет.

    Кітапта жаназа және жерлеу рәсімдерінің шариғатта көрсетілген жолдары мен түрлі мәселелері талқыланған.

Мәлібекұлы Ж.

      Қазақстан Елтаңбасы.-Астана.-2017.-348 б.

Деректі кітап  қаза, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Кітап Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл толуына орай шығарылып отырған еңбек.

 

Томпы М, Уәлі М.

    Шекара шегін айқындау дәуірі.-Алматы.-2015.-584 б.,72 жапсырма бет.

Жинақта қазақ-қалмақ шайқастары, Қазақ хандығының қалыптасуы, бұл үрдіске Жоңғария мен Калмыкия, патшалы Ресейдің және Цин Қытайдың ықпалын жан-жақты баяндалған.

           

***Көркем әдебиеттер***

Айтбай М.

      Мөлдір өлең.-Алматы:Нұрлы әлем.-2015.-128 б.

Жинаққа ардай аппақ, бұлақтай таза, шықтай мөлдір жырлары топтастырылды.

Өзденбаева Қ.

      Көңіл әйнегі:Әңгімелер.-Алматы.-2017.-208 б.

Кітап үш бөлімнен тұрады. Махаббат тақырыбына жазылған әңгімелері, 2003-2012 жылдар аралығында облыстық, республикалық баспасөзде жарық көрген журналистік шеберлігі және балалық шағының естеліктері берілген.

\

***Өнер***

Каменова Е.

      Кемпірқосақтың түсі қандай.-Алматы:Өлке.-2018.-176 б.

Бұл – сөздік. Ол бейнелеу өнеріндегі әр алуан  ұғымдардың мән-мағынасын түсіндіреді.

Қазақ әндері.-Алматы:Атамұра.-2014.-432 б.

       Бұл жинаққа қазақ әндері, халық композиторларының, көрнекті сазгерлердің әндері, көңілді отырыстарда жиі айтылатын әндер топтастырылған.

 

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni