- Категория: Кітапхана туралы
- Опубликовано: 24 апреля 2014
- Просмотров: 3813

Аудандық балалар кітапханасы 1939 жылы ашылды.
Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі

Қожабаева Гүлжанат Жақсылыққызы 1984 ж 3 маусымда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына, Мәдениет ауылында дүниеге келген.
1990 жылы І.Ж. Қабылов атындағы №32 орта мектептің табалдырығын аттап, 2001 жылы аталған мектепті тәмамдады.
2002–2006 жылдар аралығында Қызылорда Гуманитарлық университетінде білім алып, «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Еңбек жолын 2006 жылы І.Ж. Қабылов атындағы №32 мектепте тәлімгер қызметінен бастады.
2013 жылы Жалағаш аудандық архивінде мұрағатшы қызметін атқарды. Сол жылы тамыз айынан бастап кітапхана саласында еңбек етіп келеді.
2013–2015 жылдар аралығында Ақмешіт университетінде білім алып, «Кітапхана ісі» мамандығын меңгерді.
2020 жылдан бастап балалар кітапханасында кітапханашы қызметін атқарып, 2025 жылдан бері балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Еңбек жолында мәдениет пен руханият саласына қосқан үлесі үшін бірқатар марапаттар мен Алғыс хаттарға ие болған. Атап айтқанда:
2018–2019 жылдары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды;
2021 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын иеленді;
2022 жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т. Доспановтың Алғыс хатымен марапатталды;
2022–2023–2024 жылдары «Аmanat» партиясы өкілдері Л. Терешова, Н. Байқадамов және Е. Қошановтардың Алғыс хаттарына ие болды;
2023 жылы Халықаралық жастар күніне орай басқарма басшысы А. Есмахановтың Алғыс хатымен марапатталды;
2024 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай басқарма басшысы Ж. Сейіловтің Алғыс хатын алды;
2026 жылдың 23 сәуірінде Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай аудан әкімі А. Ибраимовтың Алғыс хатымен марапатталды;
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын насихаттаудағы белсенділігі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды;
Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін бірқатар кәсіпкерлер мен мектеп директорларының Алғыс хаттарымен марапатталған.
Отбасылы, бес баланың ардақты анасы.
Кітапхана жұмысының мақсаты:
Аудандық балалар кітапханасы жас оқырмандарға әлеуметтік мәдени ортаның құндылығын сіндіріп, кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығын және ұлттық дәстүрлермен патриоттық тұрғыда насихаттау арқылы рухани бай қалыптасқан орта болып табылады;
Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани бай,оқу мәдениеті қалыптасқан оқырмандарды тәрбиелеу;
Өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін,елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу.
Кітапхана жұмысының міндеті:
-Кітапханаға оқырмандарды тарту;
-Кітапты талғаммен оқуға баулу;
-Кітап қорын насихаттау
-Атаулы күндерге мәдени іс-шаралар өткізу;
-Жаңа кітаптарға ұсыныс тізімдер жасау.
- Кітапханада балалар әдебиеті ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.
Аудандық балалар кітапханасы аудан орталығындағы орта мектептердің 1-9 сынып оқушыларына, балалар оқуының жетекшілеріне қызмет көрсетеді.












