Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

coworking center

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірдегі аудандарда коворкинг орталықтары ашылуда.

Кітапханалардағы коворкинг орталықтарының ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналады.

Коворкинг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу мақсатында қолға алынуда.

Осы орайда 2018 жылы 14 желтоқсанда Жалағаш аудандық кітапханада COWORKING орталығы ашылды.

Бөлімде 1 кітапханашы жұмыс істейді:

Боранбаева Эльмира - орталық кітапхананың кітап қорын толықтыру жөніндегі жауапты кітапханашысы.

 

Кітап өңдеу секторының міндеттері мен мақсаты:

- Кітап қорын толықтыру, сақтау;
- Жаңадан келген кітаптармен жұмыс жүргізу, техникалық өңдеу, кітапқа тіркеу, кітапханаларға бөлу;
- Есеп кітаптарын жүргізу;
- Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды жазбаша есептерін дайындау;
- Қор есебін шығарылған кітаптардың шығыс актілерімен жұмыс жүргізу;
- Есеп каталогын жүргізу;
- Жүйе кітапханасындағы кітап қорына есеп жүргізу;

 

Міндеті:

* Кітапхана бойынша кітап қорын толықтырудың, сақталуының, кітап қорын тексерудің жалпы жауапкершілігі.
* Жұмыс жоспарын, атқарылған жұмыстарды статистикалық және жазбаша есептерін дайындау.
* Қор есебінен шығарылған кітаптардың актілермен, қорға байланысты құжаттармен жұмыстар жүргізу.
* Есеп каталогын жүргізу.
* Жаңадан келген кітаптармен техникалық жұмыстар жүргізу, штамптау, индекстеу, бағаларын жазу.
* Тіркеуден өткен кітаптарды РАБИС бағдарламасына енгізу. Филиалдардың есеп кітаптарын толтыру.
* Филиалдарға таратылған кітаптардың жөнелтпе құжаттарымен /накладной/ жұмыс жасау.
* Шығыс актілерімен жұмыстар жүргізу.

Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.

Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:

  • Бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға;
    • Жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;
    • Әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге;
    • Кітапханалық кеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау;
    • Іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;
    • Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер, конференциялар өткізу;
    • Кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;

 

Әдістеме - библиографиялық бөлімде бөлім меңгерушісі:

Raushan


Қалиева Раушан Алтынбекқызы - 1987 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2005 жылы №123 орта мектепті бітірген. 2008 жылы Қызылорда педагогикалық колледждің кітапхана ісі мамандығын бітіріп шықты. 2008 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан библиограф, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап әдістеме – библиография бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2010 - 2012 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады, сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.

Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады.Анықтама-библиографиялық жұмыстары оқырмандар сұраныстарын зерттей отырып, олардың ауызша жазбаша сұраныстарын қанағаттандырып отырады. Мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастырылады.Сонымен қатар ай сайын кітапханаға түскен жаңа кітаптардың тізімі мекемелерге таратылып, кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдары таныстырылады. Республикада, облыс және ауданда аталып өтілетін және еске алынатын күндерге және жазушылардың мерейтойларына тақырыптық картотекалар жасақтайды. Баспасөз материалдарын және өлкетану мақалаларын электронды түрде РАБИС – каталогизатор бағдарламасының «статьи» модулына құйып отырады. Аудан кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік кеңес береді.

 

Библиограф

Nurymbetova


Нұрымбетова Ұлдай Орынбайқызы - 1967 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974-1984 жылы №88 қазақ орта мектебін бітірген. 1985-87 жылдары Жезғазған мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1987 жылдан бері аудандық кітапханада кітапханашы, 2007 жылдан - 2014 жылға дейін кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің жауапты кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап редактор, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап библиограф болып жұмыс атқарады. 2013 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

 

Редактор

 

Safura

Әбсаттарова Сафура Әбсәлімқызы – 1961 жылы 14 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1978 жылы №123 орта мектепті бітірген.1978-1982 жылдары аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, 2006 жылы аудандық кітапхана қызметкері, 2019 жылдың сәуір айынан бастап редактор қызметін атқарып келеді.

oku zaly1

 

Оқу залында 2 кітапханашы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

Кітапханашылар:

1. Жүнісова Айткүл
2. Қожабаева Гүлжанат

Оқу залында анықтама-библиографиялық қор, газет және журнал оқырмандар сұранысына ие. Баспасөз материалдары, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, соңғы бес жылдың баспасөз материалдары бар. Түрлі тақырыптарда кітап көрмелерін ұйымдастырады, көпшілік шаралар өткізіледі.

tsdb 1

Аудандық балалар кітапханасы 1939 жылы ашылды.

 

Кітапхана меңгерушісі

Aliaskarova

Әлиасқарова Гүлсім Әлиасқарқызы 1968 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Жаңадария ауылында дүниеге келген.
1975-1985 жылдары №203 орта мектепте оқыған.
1987-1989 жылдары Шымкент кооперативтік техникумының Қызылорда қаласындағы филиалын бітірген. 2002-2006 жылдары «Болашақ» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, 2009-2011 жылдары «Болашақ» университетінің «Кітапханатану және библиографиятану» факультетін бітірген.
1989-1998 жылдарда №203 орта мектепте кітапханашы. 2003-2005 жылдары аудандық кітапханада, 2005 жылы балалар кітапханасында кітапханашы. 2015 жылдан бері балалар кітапханасының меңгерушісі.

Аудандық балалар кітапханасында 3 кітапханашы жұмыс жасайды.

1. Искакова Жанар
2. Шонықбаева Малина
3. Қайырбаева Иммагүлсім

Кітапхана жұмысының мақсаты:

Аудандық балалар кітапханасы жас оқырмандарға әлеуметтік мәдени ортаның құндылығын сіндіріп, кітап оқудың құндылығы мен маңыздылығын және ұлттық дәстүрлермен патриоттық тұрғыда насихаттау арқылы рухани бай қалыптасқан орта болып табылады;

Қазақ балалар әдебиетін әлемдік балалар көркем әдебиетінің дәстүрімен тығыз байланыста насихаттау арқылы рухани бай,оқу мәдениеті қалыптасқан оқырмандарды тәрбиелеу;

Өз Отанымен туған жеріне пайда келтіретін,елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, мемлекетіміздің рәміздері мен Ата Заңын, Президентін, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу.

 Кітапхана жұмысының міндеті:

-Кітапханаға оқырмандарды тарту;
-Кітапты талғаммен оқуға баулу;
-Кітап қорын насихаттау
-Атаулы күндерге мәдени іс-шаралар өткізу;
-Жаңа кітаптарға ұсыныс тізімдер жасау.
- Кітапханада балалар әдебиеті ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында көптеген жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Аудандық балалар кітапханасы аудан орталығындағы орта мектептердің 1-9 сынып оқушыларына, балалар оқуының жетекшілеріне қызмет көрсетеді. 

Жеке ыңғайластандырылған ғимаратта орналасқан. Жалпы көлемі – 432.1 шаршы метр.

КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫМЫ:

Әдістеме- библиографиялық бөлімінің меңгерушісі – Қалиева Раушан Алтынбекқызы

Әдістеме - библиографиялық бөлімнің библиографы – Нұрымбетова Ұлдай Орынбайқызы

Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі - Әлиасқарова Гүлсім Әлиасқарқызы

Аудандық кітапхананың оқырмандар бөлімінің меңгерушісі – Әмзеева Айсұлу Зкрияқызы

Аудандық кітапхананың редакторы – Әбсаттарова Сафура Әбсәлімқызы

Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ-нің бас есепшісі - Нұрмышева Кенжегүл Жүсіпбекқызы

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Алтын Орда

Altyn orda750