Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.

Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:

* Бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға;
* жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;
* әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге;
* Кітапханалық кеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау;
* іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;
* кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер,
конференциялар өткізу;
* кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;

 

Әдістемелік-библиографиялық бөлімде:

Бөлім меңгерушісі

Tileuova

Тілеуова Жібек - 1971 жылы 10 желтоқсанда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 1979-1989 жылы №123 қазақ орта мектепті бітірген. 2006-2008 жылдары Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін, 2011-2013 жылдары «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.
2008-2014 жылдары аудандық кітапхананың кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап оқырмандар бөлімінің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап әдістемелік-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі.

 

Библиограф

Kalieva

Қалиева Раушан 1987 жылы 20 наурызда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 2005 жылы №123орта мектепті аяқтап, 2008 жылы  Қызылорда педагогикалық колледждің кітапхана ісі мамандығын  бітірді. 2008 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан бастап библиограф қызметін атқарады. 2010-2012 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады, сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқау хаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелермен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына атсалысады.

Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөл атқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады.Анықтама-библиографиялық жұмыстары оқырмандар сұраныстарын зерттей отырып, олардың ауызша жазбаша сұраныстарын қанағаттандырып отырады. Мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастырылады.Сонымен қатар ай сайын кітапханаға түскен жаңа кітаптардың тізімі мекемелерге таратылып, кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдары таныстырылады. Республикада, облыс және ауданда аталып өтілетін және еске алынатын күндерге және жазушылардың мерейтойларына тақырыптық картотекалар жасақтайды. Баспасөз материалдарын және өлкетану мақалаларын электронды түрде РАБИС – каталогизатор бағдарламасының «статьи» модулына құйып отырады. Аудан кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік кеңес береді.

 

Редактор

Nurymbetova

Нұрымбетова Ұлдай - 1967 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974-1984 жылы №88 қазақ орта мектебін бітірген. 1985-87 жылдары Жезғазған мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1987 жылдан бері аудандық кітапханада кітапханашы, 2007 жылдан - 2014 жылға дейін кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің жауапты кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап редактор болып жұмыс атқарады. 2013 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.

Жалағаш ауданы

ruhani zhangyru logo1

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау 2020

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Астана 20 жыл

astanakyzyorda1