Phone+7 (72431) 32-0-30, 79-1-46      Mailzhalbiblioteka@mail.ru      surakКітапханашыға сұрақ

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ахетов Қуат Адисұлы.

222  

 

ӨМІРДЕРЕГІ:
1978 жылы 14 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында дүниеге келген. 1995 жылы аталған ауылдағы №188 орта мектепті бітірген. Қызылорда қаласындағы Болашақ университетінің журналистика факультетін және Қызылорда Ашық университетінің кітапхана ісі факультетін тәмамдаған.
2007-2023 жылдары аудандық «Жалағаш Жаршысы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызметтер атқарды. 2003-2025 жылдары аудандық Мәдениет және өнерді дамыту орталығында бөлім басшысы болды. 2025 жылы аудандық кітапхана директорының орынбасары, 2026 жылдың 2-сәуірінен бастап кітапхана директоры қызметін атқарып келеді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Өлеңдері республикалық «Қазақ әдебиеті» газетіне, «Таң-Шолпан», «Жалын», «Ақиқат» журналдарында жиі жарық көріп келеді. Балғын оқырмандарға арналған жырлары республикалық «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Айтшы, Әжетай» журналдарына жиі жарияланып тұрады.
2014 жылы Алматы қаласындағы «Үш қиян» баспасынан «Көңіл керуені» атты кітабы жарық көрсе, 2015 жылы Алматы қаласындағы «ПРИНТ ЭКСПРЕСС» баспасынан балаларға арналған «Қоңырбек пен Содырбек» және 2018 жылы Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» баспасынан «Кемпірқосақ», 2021 жылы «Дәрумендер дауасы», «Атасының ақылы», 2025 жылы «Алматы кітап» баспасынан «Батпырауық» атты кітаптары кішкентай оқырмандарының қолына тиді. Сонымен бірге өлеңдері 2014 жылы Алматы қаласындағы «Мереке» баспасынан шыққан «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына және бірнеше ұжымдық жыр-жинақтарына енді. Сондай-ақ, балаларға арналған бір топ өлеңдері 2015 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылған «Бәсіре» және Тұңғыш Президент Қоры шығарған «Тәтті алма» жинақтарына енді. 2023 жылы Мәскеу қаласынан шыққан «ТМД елдерінің заманауи антологиясына» («Современная литература стран СНГ») балаларға арналған өлеңдері орыс тіліне аударылып енсе, 2024 жылы Татарстанның Қазан қаласындағы «Язучы» баспасынан шыққан «Қазіргі заман қазақ поэзиясының антологиясына» («Хәзерге заман казакъ шигърияте антологиясе») бір топ өлеңдері татар тіліне аударылып, енді. Балаларға арналған өлеңдері мектеп оқулықтарына енді және анимацияланды. 2020 жылы Ақтөбе қаласындағы «Бала би» баспасы ақынның балабақша бүлдіршіндеріне арналған тіл ұстарту тақпақтарын арнайы кітапша түрінде шығарып, республика көлемінде сатылымға шықты. «Дыбыстар әлемі» деп аталатын түрлі-түсті суретті кітапша қазіргі заманға сай QR код арқылы дыбысталады. Бұл кітапшаны қазірде балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар көмекші құрал ретінде пайдаланып келеді.
2015 жылы Білім бастамаларын қолдау қоры және «КАЗАЛЬЯНС» ҚБ Ұлыбритания өкілдігінің ұйымдастыруымен Лондон қаласында өткен балаларға арналған І «Құлыншақ» сайысының бас жүлдесін иеленді. Одан бөлек, республикалық жыр мүшайралардың жеңімпазы. Қазіргі уақытта шығармалары мен әдеби тақырыптағы сұхбаттары әдеби порталдарға жарияланып келеді.
Еліміздің әр өңіріндегі бірнеше мектептер және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары Қуат Адисұлымен шығармашылық байланыс жасап, кездесулер өткізсе, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы «Өмір-Өлең», «Жансарай», «Параллель», «Қоңыр әңгіме» сонымен бірге Алматы қаласындағы «Қазақ радиосының» «Темірқазық» бағдарламалары ақын шығармашылығына арнап бірнеше мәрте хабарлар ұйымдастырды.

МАРАПАТТАРЫ:
Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі Грамоталармен сонымен бірге Қазақстан Журналистер одағының «Құрмет Грамотасымен» және аудан, облыс әкімдерінің «Құрмет Грамотасымен», Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғысымен» марапатталды. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің М.А.Шолохов медалінің және аталған бірлестіктің «Алтын медалінің», сонымен бірге бірнеше мерекелік медалдардың және «Тұран» сыйлығының иегері.
Жалағаш аудандық мәслихаты VІІІ шақырылымының депутаты. Депутат ретінде де, туған жердің түлегі, осы топырақтың төл перзенті ең бастысы, ақын ретінде де ауданның қоғамдық-рухани өміріне етене араласып, ел сенімінің үдесінен шығуға тынымсыз еңбек етуде.

Жалағаш ауданы

Қазақ мақтаныштары

b.Abai b.Muhtar
b.Shakarim b.Ybyrai

Онлайн кітап оқу

Онлайн кітап оқу

ruhani zhangyru logo1

Жаңа түскен әдебиеттер тізімі

baner4

Жолдау

zholday 2021

ҚР рәміздері

Мемлекеттік рәміздер

Е - Үкімет

Электрондық үкімет

Кітап күні

kitap kuni