Дина Нұрпейісова – қазақтың күй өнеріндегі дара тұлға, Құрманғазының шәкірті, ұлы домбырашы. Биыл халқымыз ұлы өнерпаздың туғанына 165 жыл толуын атап өтуде.
Осыған орай аудандық кітапханада «Ұлы дала күйшісі- Дина" атты әдеби кейс өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Динаның өмір жолымен, шығармашылығымен танысып, күйлерінің мән-маңызын талқылады. Күй арқылы ұлт рухын танытқан Дина Нұрпейісованың өнері – өшпес мұра.
