- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 15 октября 2026
- Просмотров: 5
Мөрәлі Шәменов – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға, Ұлы Отан соғысының ардагері, ел үшін аянбай еңбек еткен қоғам қайраткері. Ол 1916 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Коммунизм ауылында дүниеге келген. Майдан даласында ерлік көрсетіп, әскери барлаушы ретінде көптеген маңызды шайқастарға қатысқан. Ерлігі үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары да ел игілігі үшін еңбек етіп, ауыл шаруашылығы мен қоғамдық жұмыстарды дамытуға зор үлес қосты. Оның есімі туған елінде құрметпен аталып, кейінгі ұрпаққа өнеге болып келеді.
Аудандық кітапханада жергілікті ақын Темірше Сарыбайұлының туғанына 85 жыл толуына орай ақын мұрасын насихаттау, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және көркем сөзге деген құрметті арттыру мақсатында "Сөйле жүрек" атты жыр мүшайрасы ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар жүрек тебірентер жырларын оқып, арнау арнап көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
23-сәуір — Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне орай Руханият орталығында "Кітаппен кемел болашаққа" атты эрудит шоу өткізілді. Рухани шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н. Амандық құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар кітапхана мамандарын марапаттады. Аудан тұрғындары және кітапхананың тұрақты оқырмандары ашық аспан астына қойылған кітап инсталляциясымен танысты. “Қаламгер. Кітап. Кітапхана” атты жергілікті қаламгерлер мен жас оқырмандар арасында кездесу өтті.
Аудандық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, тарихшы Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Тағдыр» романы бойынша «Тарих пен тағдырды тоғыстырған жазушы» атты тағылымды кітап талдауы өткізілді. Шара барысында Қабдеш Жұмаділовтің өмірбаяны, шығармашылығымен сүбелі еңбектерінен жасақталған кітап көрмесімен таныстырылды. Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы – тарихи туынды, қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы тағдырлы кезеңдерін бейнелейтін шығарма.
№232 Мардан Байділдаев атындағы мектептің кітапханасында Еңбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиетші,ғалым, фольклорист Мардан Байділдаевтың туғанына 100 жыл толуына орай "Тәрбие. Тағылым. Таным." атты портрет кеші өткізілді. Іс-шараға 6-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты — ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылыми-әдеби мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, оның халқымыз үшін сіңірген еңбегін насихаттау, оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық рухани құндылықтарды бағалау сезімін қалыптастыру.










