- Категория: Кітапхана туралы
- Опубликовано: 24 апреля 2014
- Просмотров: 3767
Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 балалар, 16 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.
Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:
- Бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға;
- Жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;
- Әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге;
- Кітапханалық кеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау;
- Іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;
- Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер, конференциялар өткізу;
- Кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;
Әдістеме - библиографиялық бөлімде бөлім меңгерушісі:
Ешімова Жансұлу Ғабитқызы 20.09.1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. 2001-2009 жж аралығында Ш.Ермағанбетова атындағы орта мектепті бітіріп, 2010-2013жж аралығында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2014жылдың 3 ші наурызынан бастап «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша Жалағаш аудандық кітапханасында 6 ай жұмыс жасады. 2014 жылдың 1 қазаннан бастап, аудандық кітапханада кітапханашы болып тұрақты орналасты.
Еңбегі еленіп 2018 жылы алғаш рет ұйымдастырылған аудан әкімінің «Жалын жастар» сыйлығының иегері атанып, облыстық мәдениет басқармасының және облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталған.
Отбасылы 1қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.
Библиограф
Нұрымбетова Ұлдай Орынбайқызы - 1967 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974-1984 жылы №88 қазақ орта мектебін бітірген. 1985-87 жылдары Жезғазған мәдени-ағарту училищесін бітірген. 1987 жылдан бері аудандық кітапханада кітапханашы, 2007 жылдан - 2014 жылға дейін кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің жауапты кітапханашысы, 2014 жылдың ақпан айынан бастап әдістеме-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі, 2015 жылдың ақпан айынан бастап редактор, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап библиограф болып жұмыс атқарады. 2013 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана ісі» факультетін сырттай оқып бітірген.
Редактор
Әбсаттарова Сафура Әбсәлімқызы – 1961 жылы 14 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1978 жылы №123 орта мектепті бітірген.1978-1982 жылдары аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, 2006 жылы аудандық кітапхана қызметкері, 2019 жылдың сәуір айынан бастап редактор қызметін атқарып келеді.