- Категория: Кітапхана туралы
- Опубликовано: 16 апреля 2014
- Просмотров: 3085
Құрметті оқырмандар! Сайт қонақтары!
Сіздерді Жалағаш ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі сайтының беттерінде көргенімізге шын жүректен қуаныштымыз! Әр адам ең болмаса бір рет кітапханада болған шығар. Онда болған әр адам ерекше мәдени және ағарту, саналы ойлар мен жоғары сезім әлеміне тап болғандай. Кітапхана қай кезден бастап өмір сүре бастаса да, басылымдар мен кітаптар беттерінде бейнеленген ойлар мен сезімдер әлемі қоғамдық өмірдің – кітапхана әлемі, кітап әлемі, сөз әлемінің ажырамас бөлігі болған, әрине бола береді де.
Біздің кітапхана Қызылорда облысындағы бірден-бір ірі ақпараттық және мәдени орталық, ол ақпаратқа шапшаң және еркін қолжеткізуді камтамасыз етеді, ұлттық - мәдени мұраларды сақтауға көмектеседі. Кітапхана сайты 2014 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жоба талантты басшы, өз ісінің білгір маманы Меңдібаева Ұлмекен Абильтаевна бастамасымен құрылған болатын.
Сайтта Жалағаш аудандық орталық кітапхансы және оның 17 филиалы жайында мәліметтер берілген. Әр кітапхана туралы ақпаратта: қызмет көрсету бөлімінің құрылымы, кітап қорының құрамы мен көлемі, анықтамалық-іздестіру аппараты, кітапхана туралы әдебиеттер, мекен-жайлық реквизиттер берілген.
Кітапхананың тарихы, өлкетану, жобалық жұмыстары т.б. бойынша енгізілген мәліметтер тек қана кітапханашыларға ғана қызықты емес, сондай-ақ пайдаланушылардың кең қауымына да қажетті ақпаратты беретініне сенімдіміз.
Құрметпен сайт әкімшілігі!