- Категория: Кітапхана туралы
- Опубликовано: 16 апреля 2014
- Просмотров: 3004
ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ
Бөлімде 1 бөлім меңгерушісі, 7 кітапханашы жұмыс жасайды. Бөлімде абонемент және оқу залдары оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.
Бөлім меңгерушісі
Әмзеева Айсұлу Зкрияқызы - Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 27 сәуір 1969 жылы туылған. 1986 жылы Жалағаш қыстағындағы №31 орта мектепті бітірген. 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап оқырмандар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Негізгі көрсеткіштер:
Оқырман саны – 5403
Келушілер саны - 38184
Кітап берілімі - 84282
Абонемент бөлімінде 6 кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетеді:
1. Ильясова Бахыт
2. Дәржан Салтанат
3. Искакова Зауреш
4. Шарапатова Айгерім
5. Жүсіпбекқызы А
6. Тұрмаханова А
Кітапханашылардың міндеті - ақпарат пен білімге жол ашып, оқырмандарға қызмет көрсетеді, көпшілік жұмыстар жүргізеді, жаңадан келіп түскен әдебиеттерді насихаттайды. Кітап қорын реттілігін сақтап қорға орналастырады. Кітап қорының сақталуына жауап береді. Оқырмандарға жедел қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсететін ақпараттық орталық болып табылады.
Ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту
Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 18 кітапхана қызмет жасайды.Оның 2-уі /аудандық кітапхана, балалар кітапханасы/ кент орталығында орналасқан.16 ауылдық кітапханалар елді мекендерде орналасқан. 2 Онлайн орталығы /Аққұм ауылдық кітапханасы, Мәдениет ауылдық кітапханасы/, 2 мультимедиялық орталық /Бұқарбай ауылдық кітапханасы, Есет батыр ауылдық кітапханасы/, 3 коворкинг орталығы /аудандық кітапхана, Аққұм ауылдық кітапхана, Мәдениет ауылдық кітапхана/, 9 ауылдық модельді кітапхана /Бұқарбай, Таң, Мәдениет, Аққұм, Еңбек,Есет батыр,Жүргенов,Жаңадария,Шәменов/ халыққа қызмет көрсетеді.
Аудандық кітапхана РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі 2004 жылдан бастап енгізіліп жұмыс істеуде. 2008 жылдан бастап «Іздеу және Тапсырыс беру», «Оқырман тіркеу» модулдері жұмыс істеуде.
Сонымен қатар РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі балалар кітапханасы, Ақсу, Дәуімбай елді-мекені, Бұқарбай батыр, Ақарық, Таң ауылдық кітапханаларына енгізіліп жұмыс жасауда.