- Категория: Кітапхана туралы
- Опубликовано: 16 апреля 2014
- Просмотров: 3168
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің негізі ауданның құрылуымен тұстас 1939 жылы қаланды. Архив құжаттарында 1946 жылы кітапхана меңгерушісі Базаркүл Сәрсенбаева, 1948 жылы Андақұлова болғандығы туралы дерек бар. 1950 жылы аудан кітапханаларындағы кітап қоры 20 мың дана болды. Кітапхананы Ормаханова Дәмеш басқарды.
1979 жылы аудан кітапханалары «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып қайта құрылды. Штат бірлігі көбейіп, төмендегідей бөлімдер ашылды.
• Кітаптарды жинақтау және толықтыру бөлімі
• Әдістеме-библиографиялық бөлімі
• Оқырмандар бөлімі
1953-1975 жылдар аралығында кітапханалар саны 31-ге жетіп, кітап қоры-120 мың дана болса, 1975-1990 жылдары кітапханалар саны-33, кітап қоры-220 мың данаға жетті.
Орталықтандарылған кітапханалар жүйесі құрылғаннан бастап Исабекова Роза, Қойшығұлова Алмагүл кітапханалар жүйесінің бастығы болып жұмыс істеді.
1985-2012 жылдары Төлегенқызы Баян басқарса, 2012 жылдан бастап МЕҢДІБАЕВА ҰЛМЕКЕН басшылық қызметін атқарып келеді.
1990 жылдардың екінші жартысында оңтайландыру саясаты тұсында шалғай елді мекендердегі кітапханалар қысқарды. Сөйтіп 1997 жылы аудан бойынша 18 кітапхана қалды.
Бүгінгі таңда кітапхана жүйесінің кітап қоры – 367 679 дана, оқырман саны - 18700, кітап берілімі – 356103, келушілер саны - 153783.
Мамандар - 34, оның ішінде жоғары білімді - 18, арнаулы орта білімді - 16.
2019 жылы «Ауыл –Ел бесігі» жобасы аясында аудандық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу және шағын бу қазандығы құрылысының жұмыстары жүргізілді.
Күрделі жөндеу:
Жоба құны – 46681,2
Шағын бу қазандығы құрылысы;
Жоба құны – 21795,9
Мердігер: « Real Stroy Invest» ЖШС