- Категория: Кітапхана туралы
- Опубликовано: 16 апреля 2014
- Просмотров: 3558
Кітапхананың негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары
Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жан-жақты ақпаратқа және білімдерге оқырмандардың жедел қол жетімін қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсететін ақпараттық орталығы болып қызмет етуде.
Кітапханалардың баға жетпес бай қоры көптеген еңбектердің бастау бұлағына айналып, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани кемелдікке жетуіне салмақты үлес қосуда.
Кітапхананың негізгі міндеттері мен бағыттары оқырмандарды тарту және оларға қызмет көрсету сапасын арттыру, қажетті басылымдармен қамтамасыз ету, түрлі әдеби шаралар өткізу, кітапханашыларды жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруге уйрету.
Кітапханалардың негізгі мақсаты-пайдаланушылардың ақпараттық қорларға тегін және еркін енуін қамтамасыз ету және кітап қорын толыққанды, нәтижелі толықтыру, мәдени мұраларды сақтау және насихаттау болып табылады.
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.
Кітапхана ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы.
Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі.
Аудан бойынша кітапхана желісі
Жалағаш ауданында барлығы – 36769 мың халыққа әртүрлі жүйедегі 39 кітапхана қызмет көрсетеді.
1 - аудандық орталық кітапхана
1 - балалар кітапханасы
16 – кітапхана ауылдық жерде орналасқан
1 - аграрлық–кәсіптік колледж
20 – мектеп кітапханалары бар
Ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту
Аудандық орталық және балалар кітапханасы, Шәменов, Бұқарбай батыр ауылдық кітапханалары интернет желісіне қосылған.
Аудандық кітапхананың электронды поштасы: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Балалар кітапханасының электронды поштасы: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Бұқарбай батыр ауылдық кітапханасының поштасы: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Шәменов ауылдық кітапханасының поштасы: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Кітапханашылар интернет арқылы оқырмандардың сұранысын орындауда.
Кітапхана ақпараттық процесстерді ақпараттандыру және жаңа технологиялар негізінде оқырмандарға Интернет желісі арқылы ақпаратты еркін пайдалануға мүмкіндік береді.